Әр түрлі тақырыпта диалог құрғызуда күтілетін нәтижелер:
Оқуға қызығушылық артады
Сабақта белсенділік жоғарылайды
Сөздерді есте сақтау қабілеті дамиды
Дұрыс сөйлемдер құрауға дағдыланады
Сөйлеу тілі қалыптасады
Топпен, жұппен жұмыс жасауды үйренеді
Сөйлеу іскерлігінің коммуникативтік бағыттары: оқу, тыңдау, сөйлеу, жазу.
Сабақта тілдік қарым - қатынас жағдайын ұйымдастырмай тұрып, мемлекеттік тілде сөйлеуге үйрету мүмкін емес.
Педагогикалық технология бойынша оқушының тіл мәдениетін білім, білік, дағды арқылы дамыту қажет. Әр оқушының деңгейіне қарай бағдарлама жасау керек. Әрбір жеке жұмыс қабілетін ескере отырып сынып тапсырмаларын, үй жұмысын баланың ерекшелігіне қарай беру керек. Осы міндетті атқару үшін біз өз тәжірибемізде деңгейлеп оқыту технологиясын пайдаланамыз. Сыныптағы оқушылар өз деңгейіне сәйкес тапсырма таңдап алады. Бұл тапсырмалар оқушының білім деңгейін бағалауға, мүмкіншіліктерін байқауға, мұғалімнің әрі қарай қандай жұмыс атқару керектігін көрсетіп береді.
Жоғарғы сыныптарда белгілі бір мәтін бойынша жұмыс түрлеріне тоқталамын. Мәтін бойынша сай келмейтін ақпаратты табу, сәйкес ақпаратты табу, сұраққа мәтін бойынша дұрыс жауапты табу, қандай тірек сөздер бар, асты сызылған сөздердің мағынасын ашыңыз тәрізді тапсырмалар беремін. Сол сияқты суреттер сөйлетеміз сияқты да тапсырмалар болады. Бұл жоғары сынып оқушыларының қызығушылығын оятып, логикалық ойлануына, мәтінді түсінуге жетелейді. Қазіргі заманғы әдіс-тәсілдердің ішінде ең қолайлысы – компьютерлік технология. Сабақ барысында мен оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін, стратегияларын пайдаланамын. Яғни сын тұрғысынан ойлау стратегиялары: «Алты қалпақ», «Венн диаграммасы», «Фишбоун», т.б.
Білімді тексеру және бағалау сабағындағы мақсат – оқушы білімінің деңгейі мен тиянақтылығын зерттеу. Бұл сабақты топтық, ұжымдық етіп интерактивті әдістермен жүргізген тиімдірек. Өйткені, білімді тексеруге командалық әдіспен өту (жалпы сынып бойынша) қолайлы болады. Сабақтың барысында өткенді қайталап, оқушылардың әрқайсысының қаншалықты сабақты меңгергендігін білу басты мақсат болып табылады.
Оқушыны қажеттілігіне қарай даралап аламыз, олардың оқуын қолдау үшін бірінші кезекте қандай стратегияларды пайдаланатынымызды және тапсырмаларды жоспарлап алу қажет.
Дарынды және талантты оқушылармен жұмыс істеу барысында олардың оқуын кеңейту үшін, бірінші кезекте қандай стратегияларды пайдаланатынымызды және тапсырмаларды жоспарлап аламыз.