Байланысты: «Қазақ тілі сабақтарында қолданатын әдіс - тәсілдер»
Әдіс-тәсілдерді қолдану нәтижесі:
• Оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға;
• Оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға;
• Белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін ұстартуға;
• Тұлғаның қиындықтарға даяр болу және оны білу, қарым – қатынас, ойын, танымдық, өзін- өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді.
Сабақта тиімді әдіс-тәсілдерді, жұмыс түрлерін қолдану мұғалімнің біліктілігі мен әдістемелік шеберлігіне байланысты. Әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады, бірақ мақсат біреу-ақ: қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқыту арқылы әр оқушының рухани әлемін ашу, оның бойынан суретші, құрастырушы қасиетін тауып, шығармашылық әлеуетін арттыру болып табылады.