Зырян қаласының мектеп – лицейі ” кмм қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: А. З. Кикумова Тақырыбы: «Қазақ тілі сабақтарында қолданатын әдіс тәсілдер»



бет1/5
Дата16.03.2023
өлшемі27,96 Kb.
#74726
түріСабақ
  1   2   3   4   5

Зырян қаласының мектеп – лицейі ” КММ
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: А.З. Кикумова
Тақырыбы: «Қазақ тілі сабақтарында қолданатын әдіс - тәсілдер»
«Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек.
Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде
қолдануы керек»
Ахмет Байтұрсынов
Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің алдында тұрған негізгі мақсат – тіл үйрету, мемлекеттік тілді меңгерту, осы тілде дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, грамматикалық ережелер мен сөйлем құрылысын меңгерту.
Қазақ тілін оқыту барысында тілдің қыр - сырын, табиғатын таныта отырып ертеңгі өмірден орын таба алатын, өзіне сенімді, парасатты ұрпақ тәрбиелеу үшін педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен пайдаланып, тәжірибені байыта түсуіміз қажет.
Мұғалім үшін ең басты назар аударатын мәселе – сабақтың әдісі. Оқыту үрдісінде сан мыңдаған әдістер бар. Оқушыларға қазақ тілін меңгертуде жақсы нәтижеге жету үшін мұғалім сабақтың түріне қарай әр түрлі әдістерді тиімді қолдану керек.
Әдіс дегеніміз – мұғалімнің белгілі бір мақсатқа жетудегі іс - әрекеті, тәсілі.
Ал технология дегеніміз – көптеген әдістердің жиынтығы. Алға қойған мақсатқа жету үшін мұғалім қай әдісті қашан және қалай қолдану керектігін алдын ала жоспарлап отыруы керек. 
Әдістің негізін құрайтын қағидалар:
1. Оқушының сөйлеу бағытын анықтау.
2. Адамның жеке басының ерекшелігін ескеру.
3. Орта жағдайын ескеру.
4. Сөйлеу дағдысын жаңарту.
Әдістің түрлері: 

    • сұрақ-жауап әдісі

    • оқушының логикалық қабілетін арттыру

    • баяндау (дәріс)

    • ойын элементтері

    • топтық, ұжымдық

    • деңгейлеп оқыту

    • ой қозғау

    • ой қорыту

    • іскерлік ойындар

    • танымдық ойындар арқылы оқушының белсенділігін арттыру

    • оқушының шығармашылық қабілетін арттыру т.б.

Білімді тексеру және бағалау сабағындағы мақсат – оқушы білімінің деңгейі мен тиянақтылығын зерттеу. Бұл сабақты топтық, ұжымдық етіп интерактивті әдістермен жүргізген тиімдірек. Өйткені, білімді тексеруге командалық әдіспен өту (жалпы сынып бойынша) қолайлы болады. Сабақтың өн бойында өткенді қайталап, оқушылардың әрқайсысының қаншалықты сабақты меңгергендігін білу басты мақсат болып табылады.
Өзге тілді оқытуда бірден - бір тиімді әдіс – коммуникативтік әдіс деп ойлаймын. Коммуникативтік әдіс оқушылардың ауызекі сөйлеуін, қарым-қатынас жасауын, сұрақ - жауап жүргізуін, әңгімелесуін, сөйлеу қабілетін қалыптастырып, сөздік қорын молайтады, тілді дамытады. Бұл әдістің ішінде ерекше орын алатыны – диалог. Диалог оқушылардың сөйлесу әрекетін, сұрақты дұрыс қоя білуде, ақпарат алмасуда, жалпы тіл үйренуде таптырмас жұмыс түрі. Тақырыпты тереңірек игертуде қосымша «Т-кестесін» қолдануға болады. Бұл интербелсенді тәсіл – бір-біріне қарама-қарсы немесе салыстыруға болатын ақпарат пен пікірлерді келтіруге арналған жазу кестесі.
«Менің күн тәртібім» тақырыбына қатысты мұғалім мынадай екі пікірді салыстыра алады: күн тәртібі жоспарланған оқушы мен күн тәртібі құрылмаған оқушының артықшылықтары, кемшіліктері. Кестені интербелсенді тақтада орындау барысында топ оқушылары алдын-ала жазылып қойылған сөздерді тиесілі жолаққа орналастыруы керек. Осыдан келіп оқушылар салыстырмалы түрде жақсы мен жаманның айырмашылығына түйін жасайды.
Сабақ соңында «Иә, жоқ» сұрақ-жауап кезеңін жоспарлап, грамматикалық тақырып пен негізгі тақырып туралы бірнеше сұрақтар тізімін келтіруге болады. Интербелсенді тақтада дұрыс сауалдың тұсына «+» белгісін қойып, бұрыс сауалға «-» белгісін қойып отырады. «Жоқ» деп жауап берген жағдайда, себебін сөздік қорларына байланысты қысқаша түсінік беріп кетеді. Осылайша мұғалім өтілген тақырыптың қаншалықты меңгерілгендігі жөнінде анықтап әрі оқушылардың тақырып бойынша білімін қайта пысықтап алады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет