Зияты зақымдалған балалардың Әлеуметтік -коммуникативті дағдыларын қалыптастыруда танымдық ерекшеліктерін есепке алу



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата15.12.2023
өлшемі3,04 Mb.
#138482
1   2   3   4   5
Байланысты:
871-Текст статьи-3998-1-10-20220916 (1)

Ключевые слова:
социально коммуникативные навыки, дети с нарушениями 
интеллекта, познавательная сфера, адаптация, развитие 
 
Ingaybekova T.A. 
1

4
 
CONSIDERATION OF COGNITIVE ACTIVITY IN THE FORMATION OF SOCIAL 
AND COMMUNICATIVE SKILLS OF CHILDREN WITH INTELLECTUAL 
DISABILITIES 


 
Abstract 
The article discusses the ways of formation social and communicative skills in children 
with intellectual disabilities, taking into account the peculiarities of the formation of their 
cognitive activity. Taking into account the personal needs of the child is one of the important 
conditions in the development of children's communicative skills. The lack of formation of 
communication skills is largely due to the peculiarity of the development of their cognitive 
activity, as well as their lack of social and communicative motivation. The formation and 
development of communication skills will help children express requests, emotions, ask 
questions in order to get an answer, as well as the development of dialogue, social behavior in 
society, social adaptation. 
Keywords:
social and communicative skills, children with intellectual disabilities, 
cognitive sphere, adaptation, development. 
Кіріспе
. Бүгінгі таңда зияты зақымдалған балаларды оқыту, тәрбиелеу, әлеуметтік 
ортаға бейідеу мәселесі өзекті болып келеді. Арнайы педагогика, психологияда зияты 
зақымдалған балаларды оқыту мен тәрбиелеу, әлеуметтендіру мәселесімен Л.С. 
Выготский, Л.В. Занков, С.Немов, С.Л. Рубинштейн, Л.М. Шипицына т.с.с өзге де 
ғалымдар айналысқан. Ал, Отандық ғалымдардан Намазбаева Ж.И, Макина Л.Х, 
Рсалдинова А.К т.с.с ғалымдарды атап өту маңызды [1.с 120]. Зияты зақымдалған 
балалардың басым бөлігін «олигофрен» балалар құрайды. Грек тілінен аударғанда 
«oligos» – аз + phren – «ақыл ой» деген мағынаны білдіреді. Бүгінгі таңда аталмыш термин 
қолданылмайды. 
Лубовский 
бойынша, 
психиканың 
жетіспеушілігінің 
дамумаушылығының негізінде дамудың ерте кезеңдернде (жатыр ішілік кезеңде, туу 
брысында, алғашқы бір жарым жылда, сөйлеу тілінің қалыптасуына дейіңгі кезде) ми 
жүйелерінің 
зақымдалуы 
деген. 
Бүгінгі 
таңда 
«олигофрения» 
анықтамасы 
қолданылмайды. Екі жастан кейін туындаған ақыл ой дамуының артта қалуы сирек 
кездеседі. Оны «деменция» деп атаймыз. Деменция бас миының органикалық зақымдалуы 
салдарына, бас ми жарақатынан туындауы мүмкін. Әдетте деменция брысында 
интелллктуальды дефект қайтымсыз сипатқа ие болып, аурудың прогрессиялық түрі жиі 
байқалады. бірақ емдеу арқылы, жағымды педаогикалық және психологиялық кешенді 
қолдау барысында балаға дұрыс көмек көрсетуге болды. Зияты зақымдалған балалар 
қатарына зат алмасудың тұқымқуалаушылық бұзылыуына негізделген прогредиентті 
өтетін балалар да жатып, бұл балаларда ақыл ойдың дамымауы біртіндеп пайда болып, 
ақырындап деградацияға ұшырайды. Егер, уақытында көмек көрсетілмесе онда ақыл 
ойдың артта қалушылығы айқын сипатқа ие болады. Балаларда зиятының зақымдалуына 
әкелетін себептер әр түрлі. Оларды дефектологияда экзогенді (сыртқы) және эндогенді 
(ішкі) деп ажыратамыз. Сыртқы факторлар ұрықтың жатыр ішіндегі даму кезеңінде, туу 
барысында, немесе өмірінің алғашқы жылында ықпал етуі мүмкін. Сыртқы факторлардың 
түрлері көп, бірақ соның ішінде жүктілік барысындағы ауыр инфекциялық ауруларды 
(тұмау, қызылша т.б), түрлі интоксикацияларды, паразитарлы ауруларды (токсоплазмоз 
т.б) жатқызуға болады. Жүктілік барысында ұрықтың дамуы барысындағы жарақаттық 
зақымдалулар да баланың ақыл ойының тежелуіне әкелуі мүмкін. Осы орайда жүкті 
әйелдің «сифилис» сияқты жұқпалы жыныстық ауруымен ауруының да ауыр салдарын 
атап өту маңызды. Туа біткен себептер қатарына тұқымқуалаушылық факторларды, 
хромосомдық аурулрды, ағзадағы ақуыз бен көмірқышқыл зат алмасуының бұзылуын 
жатқызуға болады. бала өмірінің ерте кезеңдерінде ми мен оның қабыршықтарының 
қабынулары (менингит, менингоэнцефалит т.б) баланың ақыл ойының тежелуіне әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет