Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Биология және биотехнология факультеті
Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы
(шифр) ___________________мамандығының
1-курс студенті (№_________ топ)
Ерғали Жалғас Әділханұлының
оқу-дала практикасы бойынша
ЕСЕБІ
Алматы-Кербұлақ
2019
|
Сурет. Оқу-дала практикасы бойынша берілетін есептің алғашқы бетінің үлгісі
Қорытынды есепте мына мәселелер қарастырылады: 1-оқу-дала практикасының өтілген уақыты, ауданы; экскурсия саны; қарастырылған биотоптар; экскурсия нәтижелері (әрбір биотопта кездескен омыртқалы жануарлардың саны, азды-көптілігі (қара: Қосымша 5), оның себептері және т.т.); 2–оқу-дала практикасының маңызы мен мәні; жетістіктер мен кемшіліктер; 3-студенттің ұсынысы және т.т. (қара: Қосымша 6).
Студент есеп беру үшін жеке күнделігін, анықтағышын, кестесін және Қорытынды есебін жетекшіге (оқытушыға) тапсырады және қорғайды. Соңына тапсырған күні мен қолын қояды. Оқытушы студенттің жұмысын тексеріп, оны бағалайды.
Практика кезінде оқытушының басшылығымен әртүрлі биотоптарға экскурсия ұйымдастырылады. Ескертетін жағдай маршруттық (бағдарлық) экскурсиялар кезінде бірнеше биотоптарда болуға тура келеді. Өйткені табиғатта оқшауланған жеке биотоптар жоқ. Олар бірімен-бірі шектесіп жатады. Осыған орай, біршама түсінікті болу үшін, жануарлардың кездесуін жеке биотоптар бойынша қарастыруды ұсынып отырмыз. Келесі есте ұстайтын нәрсе–ол омыртқалы жануарлардың (әсіресе құстар мен сүтқоректілердің) қозғалысы кезінде әртүрлі биотоптарда кездесе беруі. Сондықтан олардың биотоптар бойынша орналасуын зерттеген кезде әр түрдің негізгі мекендейтін орнына баса көңіл аударған дұрыс.
2.1 Су және су жағалауы (сазды-батпақты жерлер) биотопында кездесетін омыртқалы жануарлардың алуантүрлілігі
Суқоймалары балықтар мен қосмекенділердің дернәсілдерінің тіршілік ортасы болып табылады. Барлық ересек қосмекенділер үшін су қоймалары – көбею орындары болса, басқа омыртқалылар үшін су қоймалары мен олардың жағалаулары–қоректенетін және жауларынан қорғанатын биотоптар (сурет 14).
Сурет14. Суқоймасы мен оның жағалауы қосмекенділер, су құстарының кездесетін негізгі орындары
Бұлардың қатарына жасыл бақалар, батпақ тасбақасы, сарыбас жыландар, суқұстарының, татреңтәрізділердің басым көпшілігі және сүтқоректілерден жұпар, су жертесері, ондатр, су тышқаны, құндыз, кәмшат сияқты аңдар жатады.
Практика өткен ауданда бұл биотопқа тән омыртқалыларға сүйекті балықтар, қосмекенділер, бауырымен жоғалаушылар, құстар және сүтқоректілер кластарының өкілдері жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |