Тұқымдас Жармасқылар –Gekkonidae –Гекконовые -geckos
1.1.Сұр жармасқы – Mediodactylus russowii – серый геккон – Transkaspischer Bogen-fingergecko
1.2.Шиқылдақ жармасқы – Alsophylax pipiens – пискливый геккончик – Kaspischer Geradfingergecko
Бұл биотопта құстар класынан Тауықтәрізділер, Көкқарғатәрізділер, Күндізгі жыртқыштар, Жапалақтәрізділер мен Торғайтәрізділер отрядтарының 7 тұқымдасына жататын 11 түрі кездеседі (қара: Қосымша, кесте 7). Олар:
1отряд Тауықтәрізділер –Galliformes –Курообразные - Curculate
Тұқымдас Қырғауылтектестер –Phasianidae –Фазановые -Pheasant
1.1.Кеклік – Alectoris chukar – кеклик – chukar
1.2. Сақалды шіл – Perdix daurica - бородатая куропатка – Daurian Partridge
2 отряд Көкқарғатәрізділер – Coraciiformes –Ракшеобразные- Cowo
rkers
ТұқымдасБоздақтар – Meropidae - Щурковые –Schurkovye
2.1.Сары боздақ – Merops apiaster - золотистая щурка – Bee-eater
3отряд Күндізгі жыртқыштар – Falconiformes - Дневные хищные – Sacchariformes
Тұқымдас Қырғитектестер –Accipitridae –Ястребиные - Hawk
3.1.Ақсары не жамансары – Buteo buteo – обыкновенный канюк или сарыч – Common Buzzard
4отряд Жапалақтәрізділер – Strigiformes - Совообразные - Owis
Тұқымдас Нағыз жапалақтар – Strigidae - Совы настоящие –Owis are real
4.1.Үкі –Bubo bubo - филин - Eagle Owl
5отряд Торғайтәрізділер – Passeriformes – Воробьинообразные - Sparrows
Тұқымдас Қараторғайлар – Sturnidae – Скворцовые - Starling
5.1.Қарала торғай –Pastor roseus –розовый скворец - Starling
Тұқымдас Сайрауықтектестер – Turdidae - Дроздовые - Drosdovye
5.2.Биші шақшақай – Oenantheisabellina - каменка-плясунья - Isabelline wheatear
5.3.Қасқа шақшақай – Oenanthe pleschanka - плешанка – Pied wheataer
Тұқымдас Қарлығаштар – Hirundinidae - Ласточковые – Swallows
5.4.Күреңбел қарлығаш – Hirundo daurica - рыжепоясничная ласточка – Red-rumped Swallow
ТұқымдасКөктекелер –Sittidae - Поползневые –nuthatch
5.5.Жартас көктекесі – Sitta tephronota - скалистый поползень – Eastern Rock Nuthatch
Тұқымдас Шиқылдақтар – Certhiidae - Пищуховые –pikahovy
5.6. Жарқұс – Tichodroma muraria - стенолаз – Wall Creeper
Сүтқоректілерден бұл биотопта 1 отрядтың 1тұқымдасына жататын 1түрі мекендейді (қара:Қосымша, кесте 9). Ол:
1отряд Кеміргіштер – Rodentia – Грызуны – rodents
Тұқымдас Құмтышқандары – Gerbillidae - Песчанковые – Gerbil
1.1.Қызылқұйрық құмтышқаны – Meriones libycus - краснохвостая песчанка – Libyan jird
2.6 Елді мекен биотопында кездесетін омыртқалы жануарлардың алуантүрлілігі
Елді мекен - мәдени ландшафтының бір бөлігі. Оған қала, ауыл, қыстақ, айналасында ағаш-бұталар өскен жекелеген үйлер, мал ұстайтын қора-жайлар және т.б. жасанды құрылыстар жатады. Бұл айтылғандардың жануарлар үшін қорғаныштық маңызы үлкен және көбею үшін қолайлы орындар болып табылады (сурет 19). Сол сияқты қоректік ресурстар да жеткілікті. Баспананың және қоректің мол болуы бұл биотопта жануарлардың түрлік құрамы мен олардың сан мөлшерінің көп болуына жағдай жасайды.
Cурет 19. Мал қоралары - елді мекендерде кездесетін құстар мен сүтқоректілердің кездесетін негізгі орындары
Елді мекендерде адамдармен көрші тіршілік етуге бейімделгендер Құстар класының өкілдері болып табылады. Бұл биотопта мекендейтін құстарды шартты түрде 2 топқа бөліп қарастыруға болады.
Бірінші топқа саны аса көп болмаса да адам қолымен жасалған құрылыстарда ұялайтын құстарды жатқызуға болады. Бұларға үй және жау торғайларды, қарлығаштарды, ұзынқанаттарды (сұр қарлығаштар), ұзақ қарғаны, қараторғайларды, көк кептерді, түркептерлерді, байғызды, бәбісекті және т.б. жатқызуға болады. Бұлар қоректерін ашық алаңдардан, егістіктерден, жайылымдардан, шабындықтардан табады.
Екінші топқа жататын құстарды елді мекенде өсіп тұрған ағаштар мен бұталар еліктіреді. Олар құстар үшін қоректің қоры және ұяларын салуға қолайлы орта болып табылады. Бұл топқа ақтұмсық қарға, сауысқан, көкек, көк шымшықтар, боздақтар, шөже торғайлар және басқа да майда құстар жатады. Бұлар қорегін, негізінен, ағаштар мен бұталардың арасынан табады. Тек ақтұмсық қарға ғана қорегін ашық жерлерден тауып жейді.
Сүтқоректілердің құстармен салыстырғанда елді мекенмен байланысы төмен. Тек кейбір өкілдері ғана адам тіршілігімен тығыз байланысты және сан мөлшері де біршама жоғары болады. Сүтқоректілер де бұл жерден өздеріне қолайлы қорғаныш және мол қорек табады. Елді мекендерде әдетте кеміргіштер (қаптесерлер, сұр егеуқұйрықтар) және олармен қоректенетін жыртқыштар (сасық күзендер, жабайы мысықтар-мәлін) кездеседі. Бұлармен қатар қолқанаттылар (жарқанаттар) көптеп кездеседі. Соңғылары үйдің шатырларында, қоралардың қабырғасындағы қуыстарда, ағаштардың қуыстарында тіршілік етеді.
Далалық оқу практикасы өтетін ауданда елді мекендер мен адам қолымен жасалған түрлі құрылыстарда омыртқалы жануарлардың мына түрлері кездесуі мүмкін.
Оқу практикасы өтетін ауданда бұл биотоптанегізінен синантропты омыртқалы жануарлар - Құстар және Сүтқоректілер кластарының 5 отрядына бірігетін 8 тұқымдасының 11-ден аса түрін кездестіруге болады.
Бұл биотопта құстар класынан Кептертәрізділер, Көкқарғатәрізділер, Жапалақтәрізділер мен Торғайтәрізділер отрядтарының 7 тұқымдасына жататын 10 түрі кездеседі (қара: Қосымша, кесте 8). Олар:
1 отряд Кептертәрізділер – Columbiformes -Голубеобразные – Dove-shaped
Тұқымдас Кептертектестер – Columbidae - Голубиные –Pigeons
1.1.Көк кептер – Columba livia - сизый голубь – Rock Dove
1.2.Сақиналы түркептер – Streptopelia decaocto - кольчатая горлица – collared Dove
1.3.Кәдімгі түркептер – Streptopelia turtur - обыкновенная горлица – Turtle Dove
2 отряд Көкқарғатәрізділер – Coraciiformes –Ракшеобразные- Coworkers
ТұқымдасБәбісектер – Upupidae -Удодовые –hoopess
2.1.Бәбісек –Upupa epops - удод - Hoopoe
3отряд Жапалақтәрізділер – Strigiformes - Совообразные - Owis
Тұқымдас Нағыз жапалақтар – Strigidae - Совы настоящие –Owis are real
3.1.Байғыз – Athene noctua - домовый сыч – Little Owl
4отряд Торғайтәрізділер – Passeriformes – Воробьинообразные - Sparrows
Тұқымдас Қараторғайлар – Sturnidae – Скворцовые – Starling
4.1.Сарыжағал – Acridotheres tristis - майна – Common Mynah
Тұқымдас Қарлығаштар – Hirundinidae - Ласточковые – Swallows
4.2.Қыстау қарлығашы – Hirundo rustica - деревенская ласточка -Swallow
Тұқымдас Қарғатектестер –Corvidae –Вороновые – Ravens
4.3.Ұзақ қарға – Corvus monedula - галка -Jackdaw
Тұқымдас Торғайтектестер – Passeridae -Воробьиные – passerines
4.4.Үй торғайы –Passer domesticus – домовый воробей - House Sparrow
4.5.Жау торғай – Passer montanus – полевой воробей -TreeSparrow
Сүтқоректілерден бұл биотопта 1 отрядтың 1тұқымдасына жататын 1түрі мекендейді (қара: Қосымша, кесте 8). Ол:
1отряд Кеміргіштер – Rodentia – Грызуны – rodents
Тұқымдас Қаптесерлер – Muridae –Мышиные-mice
1.1.Үй қаптесері –Mus musculus - домовая мышь –house mouse
2.7. Коллекция дайындау тәсілдері
Жазғы оқу практикасында студенттерді омыртқалы жануарлардың коллекциялық материалдарын жинау тәсілдерімен таныстыру оқу процесінің бір бөлімі болып табылады. Коллекция үшін материалдар жинау арнайы рұқсатпен жүргізіледі. Осыған орай ғылыми коллекциялар жинаудың негізін майда торғайтәрізді құстар мен майда кеміргіштерді (мысалы, қаптесерлер, құмтышқандары және т.б.) аулау арқылы жүзеге асыруға болады. Ұсталған нысандарға міндетті түрде этикетка толтырылады.Этикетка – ғылыми құжат, этикеткасыз коллекцияның ешқандай ғылыми құндылығы болмайды.
Этикеткада жануардың түрі, жынысы (аталығы - , аналығы -), мүмкін болса жасы (ересек-adultus, жыныстық жетілмеген-subadultus, жас-juvens және кәрі-senex) көрсетіледі. Ұсталған жері қысқартылмай, толықтай жазылады (мысалы, Қазақстан, Алматы облысы, Іле ауданы, Кербұлақ жазығы, Іле өзенінің оң жағалауы, GPS бойынша координаты). Сол сияқты ауланған күні және коллектордың аты-жөні және тіркеу нөмері көрсетіледі. Этикетканың келесі бетіне жануардың дене мөлшері мен салмағы жазылады. Жыныс органының размері мен салмағы, қарындағы қорегі, оның салмағы, майының мөлшері немесе қоңдылығы көрсетіледі (сурет 20).
Сурет 20. Этикетканың жазылу үлгісі
Этикетка қарындашпен жазылады. Ол жануардың сирағына жақсылап бекітіледі. Сүтқоректілердің аяғына тұздалған, кептірілген, мүмкін болса тазаланған бассүйегі қоса байланады.
Достарыңызбен бөлісу: |