Зоология пәнінен оқу-дала практикасын жүргізуге арналған әдістемелік


Сурет 13. Практика өтетін ауданда кездесетін кейбір жыртқыш құстардың ұшу кезіндегі бейнелері(силуэттері)



бет16/28
Дата07.01.2022
өлшемі5,84 Mb.
#20880
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28

Сурет 13. Практика өтетін ауданда кездесетін кейбір жыртқыш құстардың ұшу кезіндегі бейнелері(силуэттері)

Экскурсиядан келгеннен кейін сол маршрутта көрген, бақыланған омыртқалы жануарлар жайында экскурсия қорытындысы шығарылады (қара: Қосымша 3).

Күннің екінші жартысында (сағат 1600 – 1900) студенттер экскурсия барысында алынған материалдарды өңдейді: далалық күнделікті ретке келтіреді. Онда жазылған мәліметтер талданады, толықтырылады. Көрген, бақыланған омыртқалы жануарлардың алуантүрлілігі ұсынылған әдебиеттер бойынша анықталады, систематикалық жағдайы қарастырылады. Таксономиялық белгілер жұмыс дәптеріне жазылады (жұмыс дәптері 24, 48 не 96 беттік болуы керек).Түрдің ерекше белгілері, қысқаша биологиясы, таралуы жайында мәліметтер беріледі.

Практиканың соңында студенттерде осы ауданның омыртқалы жануарлары жайында жалпы және арнаулымәліметтер қалыптасады. Осындай алынған білім нәтижесінде практиканың соңғы күнінде студент жалпы есеп тапсырады. Практиканың өту ерекшелігіне қарай есеп беру кезінде оқытушы оның білімін тексереді (жануардың систематикасы, жеке таксондардың белгілері және биологиясы мен таралуы, практика өткен ауданда олардың биотоп бойынша орналасуы жайында сұралады). Ескертетін жағдай: студент жергілікті фаунаның кең тараған өкілдерінің таксондарының атауларын қазақша, латынша, орысша, ағылшынша білуі міндетті

Егер оқу-дала практикасына бөлінетін кредит саны көп болса (осыған сәйкес практика мерзімі де ) онда студенттерге өз бетінше атқаратын жұмыстардың тақырыптарын ұсынуға да болады. Өз бетінше орындалатын жұмыстардың тақырыбы күні бұрын практика өтетін территорияның нақтылы жағдайына байланысты талданып алынады (қара: Қосымша 4). Бұл жұмысты орындауға әдетте практиканың жалпы уақытының ¼ бөлігі бөлінеді. Бұл кезде далалық бақылаулар мен эксперименттер жүргізіледі, жиналған материалдар өңделеді. Бұл жұмыстардың барлығы оқытушының бақылауымен жүзеге асырылады. Ескертетін жағдай: өз бетінше атқарылатын жұмыстың нақтылы тақырыбы практиканың алғашқы күндерінде берілуі керек. Бұл кезде материал жинауға және бақылау жүргізуге біршама уақыт қалады. Тақырып дұрыс таңдалса практика ойдағыдай өтеді және студенттің өз бетінше жұмыс атқаруға құлшынысы артады. Өзіндік жұмыс зоологияға деген қызығушылығын арттыруға, кәсіби мамандануға, жеке бақылаулар жүргізуге стимул болады. Практика аяғында әр студент орындаған өзіндік жұмысы жайлы жазбаша есеп береді. Егер жұмыс топпен (2-4 студент) орындалса, онда практика өткен ауданының омыртқалы жануарларының алуантүрлілігі жайында баяндама (доклад) жасайды.

Өзіндік жұмыстың тақырыбын таңдаған соң студент оны орындау үшін осы әдістемелік нұсқаулықтың I–II–ші бөлімдерінде көрсетілген әдістемелердің біріне сүйенеді. Далалық жұмыстың әдістерін қолдану және тапсырманы орындау жолдарын нақтылауда оқытушы көмегіне жүгінген жөн. Сонан сол күнделікті атқарылатын жұмыстың жоспары жасалынады.

Өзіндік жұмысты орындау барысында студент күнделік жүргізеді және онда бақылаудың барлық екжей-текжейлері мұқият жазылады, түрлі суреттер мен схемелар салынады және әр күннің аяғында алынған фактілер қорытындылады. Өзіндік жұмыстың нәтижелері есеп (отчет) түрінде орындалады. Есеп кестелермен, графиктермен, картасхемалармен, суреттермен, фотографиялармен безендіріледі және қорытынды конференцияда (егер бұған мүмкіндік болса) баяндалады немесе тексеру үшін оқытушыға тапсырылады. Оқытушы онымен танысып, тиісті бағасын қояды.

Қорыта айтқанда оқу-дала практикасы білім алушыларға болашақта орындалатын курстық және дипломдық жұмыстарға материалдар жинауға мүмкіндік береді.

Оқу-дала практикасының соңында әрбір студент осы кезеңде атқарған жұмыстары жайында Қорытынды есеп береді.
Жүргізілген далалық күнделіктің негізінде әрбір студент өз бетінше жекелей оқу-дала практикасы бойынша есеп береді. Есептің алғашқы бетінде студенттің мамандығы, курсы, тобының нөмері және аты-жөні жазылады (сурет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет