Зорлық-зомбылықты алдын алу мақсатында балаларға бағытталған қатыгез қарым-қатынасты ерте анықтау және түзету жұмысын ұйымдастыру


Ата-аналар білуі тиіс сақтық шаралары



бет5/6
Дата24.11.2023
өлшемі57,22 Kb.
#125539
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
зорлык зомбылыкка жол жок

Ата-аналар білуі тиіс сақтық шаралары
Ғаламтордағы қауіп-қатермен күресте ата-ананың рөлі маңызды. Олар баланың қауіпсіздігіне ең бірінші кезекте жауапты адамдар болуы тиіс дейді мамандар. Сондықтан, ата-аналарға балаларына интернеттегі қауіп туралы айтып, мінезіндегі кез-келген өзгерісті бақылау ұсынылды.
Егер қамқоршылар өз ұл-қыздарының күмәнді желілерге кіріп, қаскөйлердің құрбаны болғанын анықтаса, оларға ұрыспай, барынша қолдау көрсеткені жөн. Балаға оны түсінетінін жеткізе отырып, оны жұбату қажет. Кейін проблемамен бірге күресіп, баланы психологқа да көрсетіп алған дұрыс дейді зерттеушілер.
Кибербуллингке не үшін бірден назар аудару керек?

  • Қорлап, кемсіту баланы психолигиялық күйзеліске ұшыратады;

  • Жанын ауыртып, суицидке итермелейді;

  • Мінезінің өзгеруіне әкеледі;

  • Ешкім қорлықтың құрбаны болмауы керек;

  • Әркім өзінің ар-намысын аяққа таптатпауға құқылы;

  • Ата-ана мен мұғалімдер мұндай қорлықты байқаса, бірден балаға көмектесуі керек.

Кибербуллингке тап болғанда:

  • Әлеуметтік желіде қысым көрсеткен адамның хабарламасына жауап бермеу;

  • Онымен сөйлесуді тоқтатып, бұғаттау;

  • Әлеуметтік желі әкімшісіне сен туралы жарияланған жазба не суреттерге шағымдану;

  • Күдікті жазбаларды скриншот жасап, ата-ана не ұстаздарға хабар беру керек.



Тренингтік жаттығулар
Орта буын

    1. Сәлемдесу

  • «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы.
    Мақсаты: Қатысушылар арасында жағымды қарым-қатынас тудыру.
    Нұсқау: Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Қатысушылар кезекпен, қобдишаның ішінен сыйлықтарды алып шығады. Сыйлықтар – әр түрлі көңіл-күй күлкілер (смайлдар) бар тілектер. Әртүрлі күлкілі эмоцияларды қатысушылар алып, керісінше бетіндегі жылы лебіздерді оқып, қалаған қатысушыға береді. Тілек соңында, қыстырылған шоколадтарды ұсынып, «Өміріңіз осындай тәтті болсын» деген лебізбен аяқтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет