Зорлық-зомбылықты алдын алу мақсатында балаларға бағытталған қатыгез қарым-қатынасты ерте анықтау және түзету жұмысын ұйымдастыру


Зорлық -зомбылықтың пайда болу себептерін анықтау



бет2/6
Дата24.11.2023
өлшемі57,22 Kb.
#125539
1   2   3   4   5   6
2. Зорлық -зомбылықтың пайда болу себептерін анықтау
Зерттеулер көрсеткендей, жасөспірімдік жаста агрессияның пайда болуының негізгі себептері ата-ана сүйіспеншілігі мен қамқорлығының болмауы, жыныстық жетілу және психологиялық өсу, тұқым қуалаушылық және өзіне назар аударту ниеті болып табылады. Отбасындағы зорлық-зомбылықты бастан кешірген балаларда ашулануға (47,9%) және физикалық агрессияға (39,5%) өз отбасыларындағы зорлық-зомбылық мәселелері туралы хабарламаған балалармен салыстырғандағы бейімділік (тиісінше 24,8% және 27,5%) жоғары. Бұл отбасында ата-аналардың зорлық-зомбылықты, төбелесті, 11 ұрыс-керісін көріп өскен немесе психологиялық және физикалық зорлықзомбылыққа ұшыраған балалар үнемі ашу-ыза мен физикалық агрессияға бейім болады. Кейбір балалардың басқаларға қатысты қатыгездігін түсіндіретін негізгі факторлар:  білім алушылардың жеке ерекшеліктеріне байланысты ішкі агрессивтілік. Бұл жасөспірімдердің жеке басындағы дағдарыс кезінде шиеленіседі, бірақ мектеп оқушыларының шамамен 60% - ы дәл осы жас тобына жатады;  мектеп оқушыларының өмір сүруінің алдыңғы тәжірибесі, оның ішінде өзінің агрессивтілігінің көрінісі және жақын ортадағы ұқсас көріністерді байқауы – отбасында, құрдастарының референттік (маңызды) тобында, бұрын барған білім беру ұйымдарында болуы;  коммуникативтік дағдыларды дамытудың жеткіліксіз деңгейі, оның ішінде мысалдар мен күш қолданбайтын өзара қарым-қатынастар тәжірибесінің және өз құқықтары туралы білімінің болмауы;  мектеп ортасының ерекшеліктері (авторитарлы-директивті басқару стилі, билік пен бағыну қағидаттарына негізделген сынып ішіндегі қатынастар жүйесі)
3. Сауалнамалар
1. Қымбатты дос
Бірнеше сұраққа жауап беруіңді сұраймыз.Сұраққа жауап бермес бұрын жауаптардың барлығын мұқият оқып шық.Таңдаған жауабыңды белгіле.
Жынысың: Ұл Қыз.Сынып:
Жасыңыз:13жас 14 жас 15 жас 16жас 17 жас
1.«Буллинг» туралы білесіңбе?
А)иә Б) жоқ
2.Сен біреудің басқа біреуге қорлық көрсетуінің куәсі болдыңба?
А)иә Б) жоқ В)Басқа
3.Егер куә болсаң қорлаудың қандай түрі орын алды?
А)Кемсіту
Б)Қорлау
В)Физикалық күш көрсету
Г)Қорлауды,мазақтауды телефонға түсіру
Д)Кибербуллинг (интернет желісінде қорқыту,мазақтау,қорлау)
Е)Басқа
4.Сен өзің қорқытудың,қорлаудың қатысушысы болдыңба?
А)Иә,бақылаушы ретінде
Б)Иә,құрбан ретінде
В)Иә,агрессор ретінде (қорлауды ұйымдастырушы,бастаушы ретінде)
Г)Жоқ,қатысқан емеспін
5.Бір-біріне айдап салу,қорлау көбінесе қайда кездеседі?
А)Мектепте
Б)Аулада,көшеде
В)Әлеуметтік желіде,интернетте
Г)Басқа
6.Сен мұғалімдер тарапынан оқушыларды қорлау жағдайына куә болдыңба?
А)Иә,жиі Б)Иә,сирек И)Жоқ
7.Сен қорлық,жәбір көрген балаларға үлкендер қажетті көмек көрсетпейді деп санайсыңба?
А)иә
Б) жоқ
В)бұл туралы ойламаппын
8.Сен қалай ойлайсың,білім мекемесінде қорлау,жәбірлеуден аулақ болуға болама?
А)Иә,егер үлкендер дер кезінде байқаса
Б)Иә,егер жәбірленуші өзінің мінез-құлқын өзгертсе
В)Иә,егер агрессорды (бастаушыны) жазаласа
Г)Жоқ,ол мүмкін емес
9.Кім сенің ойыңша білім беру ұйымындағы қорлауды тоқтата алады?
А)Мектеп әкімшілігі
Б)педагогикалық ұжым
И)Ата-аналар
Г)Оқушылар




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет