2. «Іштегі ашуды шығару» жаттығуы Мақсаты: Іштегі ашу-ызаны, агрессияны шығару.
Ортаға екі қатысушы шығады, жіпке тізілген стакандарды үрлеу арқылы
бір-бірден мәреге жеткізу.
Жаттығуға қатысқан оқушылардың ашуын шығаруы яғни әр түрлі деңгейде екендігі стакандарды мәреге қарай үрлеу барысында байқалады. Кері байланыс кезінде оқушылар жеңілдеп қалады.
3."Ашулы шарлар " Мақсат: Оқушылар арасында қарым-қатынасты нығайту,жағымсыз көңіл -күйіден арылу,өкпе мен реніштен,ашу мен ызадан арылу.
Шарты :Шеңбер болып тұрып,оларды үрлеу . Шарлар адам денесін бейнелейді,ал оның ішіндегі ауа-алам сезімі.Қатысушылар қолдарындағы шарды біріншілері жарады,кейінгілері жай ауасын шығарады.
4. «Тұйық шеңбер» жаттығуы - Қазір шағын сынаққа тап боламыз. Қолдарыңыздан жібермей мықтап ұстап, шеңберге тұрыңыздар. Бір адам шеңберде қалып, одан шығуға тырысуы керек. - Әрқайсыңыз кез-келген уақытта қолдарыңызды ашып, сыныптастарыңызды еш қиындықсыз босата аласыз, бірақ бұл өте оңай. Яғни, ешкімге зиян келтіруден сақ болыңыздар. (Егер жасөспірім өз шеңберінен шыға алмаса, онда ол шеңберде бір минуттан аспауы керек. Балалар бұл жасөспірімді шеңберден шығаруы керек) Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Шеңбердің ортасында өзіңізді қалай сезіндіңіз?
2. Шеңберден шығуға талпынғанда өзіңізді қалай сезіндіңіз?
3. Ортадан шығу сенде орындалғандықтан, өзіңізді қалай сезіндіңіз?
4. Шеңбердің бір бөлігі болған кезде не сезіндіңіз?
2 топ. «Қорқыту» және «моббинг» - психологиялық зорлық-зомбылықтың көрінісі.
3 топ. Зорлық-зомбылықтың алдын- алу (сынып жетекші)
4 топ Зорлық-зомбылықтың алдын- алу (ата-ана)
«Ақ парақ» жаттығуы
Мақсаты: ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге шақыру.
Рефлексия
Қорытынды
Мектептерде зорлық-зомбылқытың алдын алу бойынша пилоттық бағдарлама басталған болатын. Мақсаты – оқушылар арасында психоәлеуметтік дағдыларды дамыту, әрі зорлық-зомбылық көрсету қауіп-қатерлеріне және зорлық-зомблық көрсету оқиғаларына шара қолдану тетіктерін жасап шығару арқылы зорлық-зомбылық туындағанға дейін оның жолын кесу.
Балалардың қажеттіліктеріне немқұрайды қараудың алдын алу патронаж мейірбикелерінің қызметіне айналды, олар отбасыларға бару кезінде балаларды тәрбиелеудің орынды әдістері туралы ақпарат береді және, егер бала отбасында қатыгездікке тап болу қаупіне шалдықса немесе душар болса, шара қолданады.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы ашылды.
бірлесіп белсенді жұмыс жасаудың арқасында барлық зорлық-зомбылық оқиғаларының жолын кесуге болады деп сенеміз.