• 6 1, темперамент туральг үҒЫМ



бет1/6
Дата07.01.2022
өлшемі82,5 Kb.
#17305
  1   2   3   4   5   6

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті

Баяндама

Тақырыбы:Темперамент

Орындаған:Асатай Ә

Тобы:ЕП-19-3к4

Қабылдаған:Жандабекова И

Шымкент 2021

Жоспар
Кіріспе

Негізгі бөлім



  1. Темпераменттердің типтері және олардың психологиялық сипаттамасы.

  2. Темперамент және жеке адамның қалпы.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер



ТЕМПЕРАМЕНТ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ

Темпераменттің анықтамасы. Белгілі бір адамға тән және
өмір әсерлеріне жауап реакциялардың динамикасы, тонусы мен бір қалыптылығында көрініс беретін мінез-құлықтың табиғи ерекшеліктерін темперамент деп ұғынуымыз керек.,

Мінез-құлык тек әлеуметтік жағдайларға ғана емес, жеке адамның табиғи құрылымына да тәуелді. Адамның биологиялық жағын көрсететін қасиеттің бірі болып табылатын темперамент жас балалардың ойыны үстінде. түрлі қарым-қатынас жағдайында анығырақ және ертерек байқалады.



Темперамент индевидтің барлық психикалық көріністеріне , реңк беріп отырады, ол эмоция мен ойлауға, сріктік қимыл-қозғалысқа, сөздің сарыны мен ырғағына әсер етеді. Бірақ темпераментке жеке адамның моральдық тәрбиесі, әлеуметтік бағдары, әуестенуі, қызығуы тәуелді еместігін естен шығармаған абзал.

Темперамент туралы ілім, Темперамент туралы ілім ерте замдндзрда пайда болған. Гиппократ, кейіннен Гален сияқты дәрігерлер адамдардың мінез-құлықтарының дара көріністерін бақылау арқылы солардың өз ерекшеліктерін сипаттап жазуды, түсіндіруді ойластырады. Темперамент туралы ілімнің негізін салған ежелгі грек дәрігері Гиппократ (б. э. дейінгі V — ғ.) болды. Гиппократтың пікірінша, адамның тәнінде төрт түрлі сұйықтық болады, олар: кан, шырын, сары және кара өт. Олар дұрыс араласса адамның дені сау, дұрыс араласпаса сырқат болады. Организмдегі суйықтардың біреуінің басым болуы адамның темпераментін анықтайды. Сұйықтардың аттарына орайлас қойылған темперамент атаулары күні бүгінге дейін сақталып келді. Мәселен, холериктік темперамент — chоle (өт), сангвиниктік темперамент— Sanguis (қан), флегматиктік темперамент — phlegma (шырын), меланхоликтік темперамент - melanos сhоlе (қара ет) деген сөздерден алынған. Гиппократ темпераменттер белгілі мөлшерде адамның тұрмысына, ауа райы жағдайларына тәүелді болады деп санады. Мәселен, отырып жұмыс істейтіндердің денесінде флегма жинақталса, үнемі қимыл-козғалыстағыларда — өт көбейеді, темперамент те осыған сәйкес анықталады. Гиппократ типтерді дұрыс сипаттағаны мен, оларды ғылыми тұрғыдан түсіндіре алмады.

Кейіннен темперамент жайлы осындай гуморальдық теориялардан басқа химиялық, физикалык, анатомиялык, неврологиялық және таза психологиялық теориялар да ұсынылды. Бірақ бұлардың бірде-біреуі де темпераменттің табиғатын дұрыс және толық түсіндірмеді.

Жоғары нерв қызметінің негізгі қасиеттерін ашқан И. П. Павловтың ғылыми еңбегі ерекше. Ол темпераменттердің осы касиеттерінің туа үйлесуіне орай сипатталатындығын көрсетті. Павлов өзінен бұрынғылардан өзгеше жолмен, атап айтқанда, дененің сыртқы құрылымын зерттеген, неміс психиатры Кречмерден, қан сауыттарының қурылымын зерттегендерден

(И Ф. Лесграфт) басқанша организмді біртұтас нәрсе деп карап, ондағы ми қызметіне ерекше назар аударды. Ми біріншіден, барлық органдар мен тканьдардың жұмысын реттейді, екіншіден, жүйедегі сан алуан бөліктердің қызметін үйлестіріп, біріктіреді, үшіншіден ол барлық органдардың импульстарынан әсер алып отырады да, осыған орай өз қызметін кажетті күйге түсіреді, төртіншіден, ол организмнің сыртқы ортамен байланысын, бұлардың бейнелерін сәулелендіруді жүзеге асырып отырады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет