… Түркі халқының атақ-даңқы өшпесін деп, Мені қаған етіп отырғызған еді



Дата03.02.2023
өлшемі24,79 Kb.
#65046

Әдеби-дәлелдеме эссе
… Түркі халқының атақ-даңқы өшпесін деп, Мені қаған етіп отырғызған еді.
Ең болмаса бай халыққа отырмадым.
Іші ассыз,
Сырты тонсыз,
Бейшара, мүсәпір халыққа отырдым.
… Бағым болғандықтан, Сәті түскендіктен,
Өлімші халықты тірілттім.
Жалаңаш халықты тонды,
Кедей халықты бай қылдым. Аз халықты көп қылдым, Тату елге жақсылық қылдым…
«Күлтегін» жырындағы осы жолдардың қазіргі Қазақстанмен байланысы бар ма?
Күлтегін – екінші Шығыс Түрік қағанаты әскерінің бас қолбасшысы, «көк түріктің көк семесері» атанған атақты батыры. «Күлтегін» жырында оның түрік халқына қаған болып, билік еткен жылдарындағы мемлекет жағдайын алға өрлеткені жайлы айтылады. Менің ойымша, жыр жолдарын қазіргі Қазақстанмен байланыстыруға болады, яғни Күлтегін қаған мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Н. Назарбаев арасындағы ұқсастық.
Біріншіден, Н. Назарбаев та Күлтегін қаған сияқты елінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін бірқатар жұмыс атқарған. Олардың ел басқаруының алғашқы жылдарында халықтың тұрмысы мүшкіл еді. «Күлтегін» жырында:
Іші ассыз,
Сырты тонсыз,
Бейшара, мүсәпір халыққа отырдым, — десе, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы басылымдарының бірінде: «Қазақстан 90- жылдардың орта шенінде қалған дағдарысты жағдай республиканың барлық әлеуметтік табыстарын апат шегіне апарып қойды. …Осының барлығы Қазақстан халқының айтарлықтай бөлігінің өмір сүру деңгейі күрт төмендеп кетуіне алып келді», — деген тарихи естелік – осы күндердің айғағы. Екеуі де азат халқының осындай хал-ахуалын көтеруге күш салды. Жырдағы: Өлімші халықты тірілттім.
Жалаңаш халықты тонды,
Кедей халықты бай қылдым, — деген жолдардың қазіргі уақытта елбасының түн ұйқысын төрт бөліп жасаған реформалары, заңдары, стратегиялық жоспарлары еліміздің өмір сүру деңгейі минимумынан төмен табысы бар азаматтардың санының азайып, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруімен байланысы бар. Осылайша қаған мен президент ең бірінші халқының тоқтығын қамдаған.
Екіншіден, ел басқарушылар халқының тұрмыс жағдайын
көтергеннен кейін, ел іргесінің беріктігін ойластыра бастады. Жырдағы «Тату елге жақсылық қылдым, — деген жолдардан Күлтегін қағанның көршілес елдермен жақсы қатынас орната алғандығы көрінеді. Сол сияқты Елбасының дүние жүзіндегі антиядролық қозғалысқа бастама көтеруі, елімізде болып жатқан әртүрлі деңгейдегі саммиттер, халықаралық іс-шаралар әлем елдерімен бейбіт, тату өмір сүруді ұстанғанын көрсетеді. Сондықтан екі басшы да жасампаздықтарымен ұқсас.
Түйіндей келе, қай дәуірде болмасын ел жағдайын ойлаған басшылар идеясында өзара ортақтастық бар. Олардың мақсаты — халқының қуаныш пен шаттыққа толы бейбіт өмір сүруін қамтамасыз ету. Жер бетіндегі елдермен төрт құбыласы тең өмір сүру. Күлтегін қаған мен президент Н.Назарбаевтың ел басқарудағы мүдделері өзгелерге үлгі болуға тұрарлық.


Әдеби-дәлелдеме эссеге құрылымдық талдау
КІРІСПЕ
Тақырыпты түсіну сөйлемі:
Күлтегін – екінші Шығыс Түрік қағанаты әскерінің бас қолбасшысы, «көк түріктің көк семесері» атанған атақты батыры. «Күлтегін» жырында оның түрік халқына қаған болып, билік еткен жылдарындағы мемлекет жағдайын алға өрлеткені жайлы айтылады.
Тақырыптың өзектілігі:
Менің ойымша, жыр жолдарын қазіргі Қазақстанмен байланыстыруға болады, Тезис:
яғни Күлтегін қаған мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш
президенті Н. Назарбаев арасындағы ұқсастық.
БӨЛІМ НЕГІЗГІ
1 — абзац
Тезисті қолдаушы пікір
Біріншіден, (сөз оралымы) Н. Назарбаев та Күлтегін қаған сияқты елінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін бірқатар жұмыс атқарған.
Аргументке дейінгі баяндау (уақыт, мекен, жағдай, қатысушылар т.б.)
Олардың ел басқаруының алғашқы жылдарында халықтың тұрмысы мүшкіл еді.
Аргумент
1. «Күлтегін» жырында:
Іші ассыз,
Сырты тонсыз,
Бейшара, мүсәпір халыққа отырдым, — десе, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы басылымдарының бірінде: «Қазақстан 90- жылдардың орта шенінде қалған дағдарысты жағдай республиканың барлық әлеуметтік табыстарын апат шегіне апарып қойды. …Осының барлығы Қазақстан халқының айтарлықтай бөлігінің өмір сүру деңгейі күрт төмендеп кетуіне алып келді»,
2. Жырдағы:
Өлімші халықты тірілттім.
Жалаңаш халықты тонды,
Кедей халықты бай қылдым, — деген жолдардың қазіргі уақытта елбасының түн ұйқысын төрт бөліп жасаған реформалары, заңдары,
стратегиялық жоспарлары (аргументтер) Талдау (анализ)
1. — деген тарихи естелік — осы күндердің айғағы. Екеуі де азат халқының хал-ахуалын көтеруге күш салды.
2. еліміздің өмір сүру деңгейі минимумынан төмен табысы бар азаматтардың санының азайып, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруімен байланысы бар.
Абзацты қорытындылаушы сөйлем
Осылайша қаған мен президент, ең бірінші, халқының тоқтығын қамдаған.
2-абзац
Тезисті қолдаушы пікір
Екіншіден, (сөз оралымы) ел басқарушылар халқының тұрмыс жағдайын көтергеннен кейін, ел іргесінің беріктігін ойластыра бастады.
Аргумент
1. Жырдағы «Тату елге жақсылық қылдым,
2. дүние жүзіндегі антиядролық қозғалысқа бастама көтеруі, елімізде болып жатқан әртүрлі деңгейдегі саммиттер, халықаралық іс-шаралар
Талдау (анализ)
1. деген жолдардан Күлтегін қағанның көршілес елдермен жақсы қатынас орната алғандығы көрінеді.
2. әлем елдерімен бейбіт, тату өмір сүруді ұстанғандығын көрсетеді.
Абзацты қорытындылаушы сөйлем
Сондықтан екі басшы да жасампаздықтарымен ұқсас және басқаларға үлгі бола алады.
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
Түйіндей келе, қай дәуірде болмасын ел жағдайын ойлаған басшылар идеясында өзара ортақтастық бар (тезиске оралу).
Олардың мақсаты — халқының қуаныш пен шаттыққа толы бейбіт өмір сүруін қамтамасыз ету. Жер бетіндегі елдермен төрт құбыласы тең өмір сүру (негізгі бөлім абзацтарының түйіні)
Эссені қорытындылаушы сөйлем
Күлтегін қаған мен президент Н.Назарбаевтың ел басқарудағы мүдделері өзгелерге үлгі болуға тұрарлық.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет