1 – күн:
• Ми құрлымы және қызметі;
• Ми жайлы 30 дерек;
2 – күн:
• Мидың оң және сол жарты шарын дамыту тәсілдері;
• Ми жайлы сезімдер;
3 – күн:
• Ми жұмысын жақсартуға арналған өсімдіктер, азық-түліктер,
дәрумендер;
• Мидың белсенді жұмыс істеуі үшін қажет тағамдар;
4 – күн:
• Миды дамытудың ең тиімді әдістері;
• Доротея Бранд ұсынған миға пайдалы жаттығулар;
5 – күн:
• Есте сақтау қабілетін төмендететін 13 себеп;
• Есте сақтау қабілетін жақсарту тәсілдері;
6 – күн:
• Миды тынықтыру тәсілдері;
• Ер мен әйел миының табиғи айырмашылықтары;
7 – күн:
• Миды жаман ой мен артық ақпараттан тазарту;
• Ми қай кезде жақсы жұмыс істейді?!
8 – күн:
• Ми жайлы зерттеген ғалымдар және олардың еңбектері;
• Ми жайлы соңғы жаңалықтар;
9 – күн;
• Миды дамытуға арналған жапониялық жаттығулар;
• Миды дамытуға арналған әрекеттер;
10 – күн;
• Ми жайлы қайдан оқуға болады?
• Ми жайлы жазылған қазақша кітаптар мен сайттар:\
1 сабақ
21.06.2021ж
1. Мидың құрлымы мен қызметі;
2. Ми жайлы 30 дерек;
1. Ми құрылысы жағынан да, атқаратын қызметі жағынан да өте
күрделі мүше болып табылады. Ол – организмнің сыртқы ортамен
байланысын қамтамасыз ететін басты орталық.
Адам миы – зерттеліп үлгермеген жұмбақ ағза. Ғалымдардың
өздері мидың толық зерттелуі үшін әлі бірнеше мыңдаған жылдар
өту керек дейді. Миымыздың атқаратын қызметтері көп. Зерттеліп
үлгермей жатқан себебі, мидың толық бөлшектерін суретке түсіре
алатын аппараттар әлі жасалмаған.
Зерттеліп үлгерген мына қызметтерді сіздерге ұсынамыз:
• Зейін;
• Есте сақтау қабілеті;
• Ойлану;
• Белгілі бір бағытта жұмыс жасау;
• Жағымды және жағымсыз эмоцияларды сыртқа шығару;
• Жоспарлау;
Адамның барлық істеген іс-әрекетіне ми тікелей атсалысады.
Ми ешқашанда демалмайды. Тіпті, түнде дененің көптеген
мүшелері босаңсып, қозғалмайтын күйге түссе де, ми жұмыс істеп
жатады. Ол жүректің соғысын, дененің қызуын, ас қорыту жүйесін
және ішкі үдерістерді бақылап, тыным таппайды. Сол себепті,
мидың қызметін қызықтырмайтын ғалым жоқ. Академик
П.Анохиннің өзі ол жөнінде былайша ой толғайды: «Ми қызметінің
мәнін түсіну – маған және менің көптеген әріптестеріме өзге
мәселелерден әлдеқайда елеулі міндет болып көрінеді. Өйткені,
адамның барлық қызметі, адамдар арасындағы барлық қарым-
қатынастар, шығармашылықтың барлық түрлері, адамзаттың
үміттері мен болашағы ми қызметіне және оның жетілуіне
байланысты. Аса ірі бір ғалымның сөзімен айтқанда, адамның
ақыл-ойы болмаса, дүниенің барлық құбылыстары аңырап бос
жатқан залдың ішінде болып жатқан оқиға сияқтанар еді».
Ол ми сауытында орналасқан. Ересек адамда мидың салмағы 1400-
1450 г құрайды.
Ақылды болу мидың көлеміне байланысты емес.
(бұл тақырыпты алдыңғы сабақтарда қозғаймыз).
Адам баласының ми құрылысы 35 миллиард жасушадан тұрады.
Әрбір жасушаның атқаратын жеке өз қызметі бар.
Дененің өз «Интернет» желісі бар. Ол жүйке деп аталатын
мыңдаған өзектер арқылы миллиондаған дабыл жібереді: жүздеген
ағзалар арасындағы әрбір тарапқа, өзге ағзаларды бақылайтын
ағзалардан миға дабыл жібереді.
Ғалымның айтуынша, жалпы, адам баласының миы, ересек
адамдардың миының көлеміндей болып, 10 жасында қалыптасады.
Бірақ осы қалыптасу процесін жүзеге асыратын нейрондар, миды
жыл сайын өзгертіп отырады. Көршілес нейрондармен байланыс
үзіледі де, мидың басқа бөлігімен байланыса бастайды. Соңына
келгенде, яғни ми жетіле бастағанда, бұл өзгерістер бәсеңдейді.
Яғни, мидың қалыптасуы ерте дегенде 20 жаста, кейбірінде 30, не
одан асқан жасында толық аяқталады. Алайда бұл көзқарас
таласты. Ғалымдардың көпшілігі бұл тұжырыммен келіспейді.
Олардың пікірінше адам дүниеге келгеннен кейін 1 жасқа дейін
миы өте белсенді дамиды. 1 жастан кейін 7 жасқа дейін баяу
дамиды. Осы кезең - мидың толық функциялары калып тасып
бітетін кезең. Содан кейін адамның өзін дамытуына байланысты
дамиды.
Ми 5 бөліктен тұрады:
1. Маңдай бөлігі ( ерікті қозғалыстарға, мінез - құлық
ерекшеліктеріне жауап береді)
2. Төбе бөлігі (қозғалыстарды басқару және сенсорлық стимулдау
реакциясы қызметін атқарады)
3. Шүйде бөлігі (көруді қабылдау қызметіне жауап береді)
4. Самай бөлігі (есту, сөйлеу, сөздерді есте сақтау, ішкі ағза
қызметтеріне жауап береді)
5. Мишық (тепе - теңдікке жауап береді)
2.Ми жайлы 30 дерек;
1. Ми – екі жарты шардан тұрады. Сол жақтағы жарты шар –
ойлау және сөйлеу, ал оң жақ – эмоция және интуция үшін
жауап береді.
2. Асқазанда «екінші ми» бар, ол біздің көңіл-күйімізді және
тәбетімізді басқарады.
3. Зерттеуге сәйкес, есінеу – миды оятуға көмектеседі.
4. Адамның бір тәуліктегі ойларының саны – 70000-ға дейін
барады.
5. Біз мидың 10%-ын ғана пайдаланамыз деген мәлімет бар. Бұл
жалған ақпарат. Өйткені, мидағы артық жасушалар өздігінен
өледі.
6. Ми адам мүшесінің ең майлы жері, мүшенің 60% майын
құрайды.
7. Мидың сол жақ бөлігі оң жақ денені, мидың оң жақ бөлігі сол
жақ денені басқарады.
8. Мидың әр бөлігінің өз функциялары бар
9. Күлкі оп-оңай шаруа емес, адам күлген кезде мидың бес бөлігі
қозғалады.
10.
Біз жыпылықтаған сайын, миымыз жұмыс істеп,
заттарды жарық етіп ұстайды. Сол арқылы біз жыпылықтаған
сайын әлем жарықтана түседі. (күніне, шамамен, 20 000 рет)
11.
Тірі ми өте жұмсақ болып келеді, тіпті оны ас үйге
арналған пышақпен де кесуге болады.
12.
Хош иіс арқылы сақталатын естелік ең мықты эмоциялық
байланыс болып табылады
13.
Әр кез сіздер жаңа ойды ойластырғанда, миыңызға жаңа
іске қосасыз.
14.
Қуану, қорқу, бақыт, ұялу деген сезімдер адамға туа
бітеді, тек тәрбие оны ары қарай қалай дамытатындығын
көрсетеді.
15.
Көп жылдар бойы ғалымдар құлақтағы шуды құлақтың
механикалық функциясына байланысты деп ойлап келген,
алайда ол мидың функциясына байланысты екен.
16.
Зияткерлік қабілеттілік кезінде мидың көлемі мен
салмағы бірдей болмайды. Мысалы, Эйнштейннің миы 1230
грамм болған, тіпті адамның орташа миынан да жеңіл.
17.
Ерлердің миы әйелдерге қарағанда көбірек, өйткені ерлер
әйелдерге қарағанда ірілеу болып келеді.
18.
Ұйықтап жатқанымызда миды демалады деу — қате
пікір. Себебі, қатты ұйқы мен құс ұйқы арасында адамның
миындағы толқындар өз пішінін өзгертіп отырады.
19.
Адам білімпаз болған сайын оның ауруға шалдығу
мүмкіндігі азая түседі. Интеллектуалды белсенділік, ауру
ткандердінің орнын басатын, қосымша ткандердің бөлінуіне
ат салысады.
20.
Осы күнге дейін істеп көрмеген жұмыстармен
шұғылдану – мидың дамуына әсер ететін ең жақсы тәсіл.
Өзіңізден инттелект бойынша асып түсетін адаммен
әңгімелесу де мидың өсуіне көп ықпалын тигізеді.
21.
Үнемі Құдайға сыйыну – дем алу жиілігін кемітіп,
ағзаның өз-өзін емдеуге көмектесетін мидың толқуын
бәсеңдетеді. Дәрігерге діндар адамдар басқаларға қарағанда
36%-ға сирек барады екен.
22.
Миға әйелдердің әңгімесінен гөрі еркектердің әңгімесін
қабылду жеңілірек келеді екен. Себебі адам дауысы мидың әр
бөлігіне әр түрлі әсер етеді. Әйелдердің дауысы жіңішке, баяу
әрі әуезді түрде шыққандықтан оны түсіну үшін ми өзінің
қосымша ресурстарын пайдаланады .
23.
Ми денеден кеш оянады. Адам ерте ояна салып жұмыс
істегенмен миының жұмыс істеу көрсеткіші төмен болады.
Сондықтан да дене бұлшық еттеріне пайдалы таңғы
жаттығулардан бөлек миды да жаттықтыру қажет. Мысалға
ояна салып теледидар көргеннен газет журнал оқып,
кроссворд шешкен ми үшін пайдалы екен.
24.
Ер адамдардың миы әйелдерге қарағанда үлкен. Сондай –
ақ ғалымдардың анықтауынша ауыру сезімдерін еркектер мен
әйелдердің миы әртүрлі қабылдайды екен.
25.
Үш жасар балада жүйке жасушалары ересек адамға
қарағанда 3 есе көп. Егер сәбидің мүмкіндігін толығымен
пайдаланбаса , жасы келе пайдаланылмаған жасушалар өледі.
Сондықтан ерте кезден бастап балаларды белсенді түрде оқуға
үйрету керек.
26.
Адам миы 75% судан тұрады. Оның қалыпты жұмыс
істеуі үшін ағза суды жеткілікті мөлшерде қабылдауы керек.
27.
Алькогольді ішімдіктерді ішкен кезде нейрондар
арасында байланыс әлсірейді.
28.
Ұялы телефонды жиі пайдалану, мидың қатерлі ісігіне
әкелуі мүмкін.
29.
Май – жүрекке зиянды, ал ми үшін пайдалы. Бұл мүше
60%-ға майдан тұрады.
30.
Ми – әсіресе ұйқы уақытында белсенді жұмыс істейді.
Достарыңызбен бөлісу: |