Сабақтың тақырыбы: Жылу құбылыстары тарауын интеграция әдісімен түсіндіру



бет1/3
Дата15.02.2023
өлшемі3,08 Mb.
#68199
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
интеграция қмж 2 соңғы



Білім беру ұйымының атауы

М1502-22

Бөлімі:

8.1.Жылу құбылыстары

Педагогтің аты-жөні:

Тұрсынбекова Гулбахира, Турсунова Акерке, Султанғалиева Назерке

Күні:

09.02.2023

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жылу құбылыстары тарауын интеграция әдісімен түсіндіру

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

Жылу құбылыстары молекулалардың (атомдар) қозғалысы мен өзара әрекеттесуіне, дене температурасының өзгеруіне және заттардың агрегеттық күйіне байланысты түсіндіру.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар істей алады: Жылулық қозғалыс, брауындық қозғалыстарға және диффузияға келтірілген мысалдар арқылы МКТ-ның (молекулалы-кинетикалық теория) негізгі қағидаларын дәлелдейді.
Көптеген оқуышылар істей алады: Жылу құбылыстарының мағынасын түсінеді. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетеді.
Кейбір оқушылар істей алады:
Жылу құбылыстарының тұрмыста және техникада пайдалануына мысалдар келтіре алады..

Сабақтың барысы:



Сабақ кезеңі/
Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
7 мин
“Ой қозғау әдісі” 

Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау.


І. «Ой қозғау» әдісі
Мұқағали Мақатаев пен Абай Құнанбаевтің табиғат туралы өлең шумақтарын 4 топқа бөліп береді
1.Қолаң қара шашың – ай күн қақтаған!
Қос бұрым – ай жотаңда бұлғақтаған!
Қарғам, сенде жерімнің иісі бар – ау,
Жер иісі жұпардан қымбат маған!


«Бозқараған…
Көрдің бе бозқараған?
Сирень аңқиды боз даладан,
Тағы да
Бойжеткендер тойларын жасарында
Бозқараған жағатын ошағында
Әтір исін әкеліп аш ауылға,
Желік беріп тұратын жеңгейлерге,
Жер түбіне біреумен қашарында


жер иісі, жұпар иіс бұларда физикалық құбылыс. Яғни заттар мен денелерді құрайтын бөлшектердің үнемі қозғалыста болатыны дәлелденген айтады. Бұл – диффузия


2. От та болғым келмейді!
Жылуым бар.
Жылуым бар келіңдер, жылыныңдар. Сәби болғым келеді.
Сондай – ақ
Менің де бір шуағым бар жинаған,
Бұлтты күндей буырқанам, қиналам
Өзімді емес, өзгелерді жылытайын,
Жарық дүние, жақсылығыңды қимаған.


Абай Құнанбаев
3. Қыс
Ақ киімді денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң- қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.


Температураның төмендеуіне сәйкес молекулалардың жылулық қозғалысы кеміп, жоғарғы температурадағы сұйық және сұйық тәріздес денелер қатайып, мұз, қар, қырауға айналады. Осыдан күзге тән кейбір құбылыстар жойылады. Күн сәулесі жерге шуағын аз шашады да, жер бетін ақ ұлпа жабады. Сырттан әсер ететін суық ауадан адамның бетінің физикалық қасиеттері, ішкі құрылысы, оны құрайтын бөлшектердің қозғалысы өзгеріп, қызыл түске енеді..

4.1. Жазғытұры


Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.


Температураның жоғарлауына сәйкес, молекулалардың жылулық қозғалысының артуына байланысты суыққа сәйкес қатайған заттар: қар, қырау, мұз заттың келесі күйі: сұйыққа, буға түрленеді. Осыдан қысқа тән кейбір құбылыстар жойылады. Жерге молырақ түскен күн сәулесінен жер жылынып, өсімдіктер бойында физиологиялық процестер басталады.

4.. Күз
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,


Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап ,бие қашқан, тай жарысқан .


Табиғатта кез келген зат үш күйде болады. Температурасы мен қысымына байланысты заттардың бұл агрегаттық күйлері бір біріне өтеді. Әр жыл мезгілінің өзіне тән қысымдары мен температуралары болады.
Жаз өтіп, күз мезгілі келгенде “булану” процесіне қарсы “конденсация” (будың сұйыққа айналу құбылысы) процесі жүреді. Бу конденсацияланғанда энергия бөлініп шығады. Күзгі кеште ауа салқындағанда, шық түседі. Шық дегеніміз ауадағы бу суынан ауа салқындағанда пайда болып, шөп бастарына, жапырақ беттеріне қонған уақ тамшылар. Бұлттың түзілуін де будың конденсациялануымен түсіндіруге болады. Жер бетінен жоғары көтерілген су буы ауаның жоғарғы, суығырақ қабаттары да судың ұсақ тамшыларынан құралатын бұлтқа айналады. Ал тұман жер бетіне су тамшыларының іркіліп жиналуының нәтижесінде пайда болатын күз мезгіліне тән құбылыс.



Окушылар өткен білімді еске түсіріп,


Мұқағали Мақатаев пен Абай Құнанбаевтің табиғат лирикаларынан физикалық құбылыстарды түсінеді

МКТ негізгі 3 қағидасын тұжырымдайды.


.


.
Жылуөткізгіштік түрлерін түсінеді

Дескриптор


- Жылулық қозғалыстың физикалық мағынасын біледі;
- Броундық қозғалысты сипаттайды;
-МКТ –ң негізгі қағидаларын біледі.

Жалпы балл-


Әдебиет оқулықтарынан алынған өлең шумақтары жазылған таратпа материалдар


АКТ
Презентация


Видео көрсетілім
«Эдисон физикасы» Казtube БІЛІМ сайты



Сабақтың ортасы.


Жұптық жұмыс
7 мин


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет