1. Аналық малдың жыныс мүшелерінің анатомиясы – Сиырдың жыныс органдары



бет1/24
Дата26.12.2023
өлшемі109,36 Kb.
#143484
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
2 ВКЗ КАЗ


1. Аналық малдың жыныс мүшелерінің анатомиясы – Сиырдың жыныс органдары Сиырдың сарпайы /vulva / қатпарланған терімен жабылған. Жыныс еріндерінің дорсальдық /жоғары/ бұрышы дөңгелектенген, ал вентральдық /төменгі/ ұшы үшкір және сәл құйымшақтың дөңінен түсіп тұрады. Клитор екі ұзын каверналық денелерден құрылған /сиырда ұзындығы 12- см/ басқы ұшымен аяқталады.
Қынап кіреберісі шекарасыз қынапқа өтеді, өйткені күйіс қайыратын жануарларда несеп клапаны нашар дамыған. Қынап кіреберісі бүйірінің қабырғасында оң және сол шығаратын тармақтармен ашылатын үлкен бездер орналасқан.
Қынап кілегейі көп қабатты қатпар құрайды. Қынап қабырғасының вентральдық жағында гартнер өзектері /вольфов каналының рудименті/ орналасқан.
Сиырдың жатыры екі мүйізді /қос мүйізді/ түрге жатады. Жатыр денесі онша үлкен емес /сиырда ұызындығы 2-6 см/, нашар дамыған және ұрық жататын жер емес. Жатыр мойыны қынап және жатыр жағынан күрт бөлінген. Сиырда жатыр мойынының ұзындығы 12 см. Мойынның шырышты өзегі /жолы/ ұсақ бойлы және кесек көлденең қатпарлар құрайды. Мойынның артқы жағы сыртқы тесігімен топтастырылған конусқа ұқсас, қынап қуысына 2-4 см еніп тұрады.
Жатырдың кілегейлі қабаты арнайы құрылымдар - жатырдың сүйелдерін /карункулдары/ құрайды, олар мүйізді жағалай төрт қатарда орналасады, әр қатарда 10-14-тен, барлығы 75-тен 120-ға дейін. Карункулдер дөңесті, жарты шеңбер тәрізді, безсіз биіктігі 1,2-4,7 мм, ені -3,2-9,1 мм, ұзындығы 4,4-13,8 мм туындылар (Ю.М.Серебряков). Карункулдер - аналық плацентаның өскіні. Буаздылық кезінде карункулдер он есеге дейін үлкейеді /қаздың жұмыртқасындай, кейде одан да үлкен/.
Күйіс қайыратын жануарлардың аналық без түтікшелері қысқа үлкейтілген бөлімнен және әлсіз дамыған шашақтан тұрады. Аналық жыныс бездерінің ұзындығы 20-25 см.
Аналық жыныс бездері сопақ пішінді болып келеді, ұзындығы 2 см-ден 5 см-ге дейін, жалпақтығы 1-2 см. Ірі /сақа/ малдың оң аналық жыныс безі сол жағына қарағанда үлкен болады.
Саулық және ешкінің жыныс органдары - анатомиялық жағынан ірі қара малдыкінен айырмашылығы тек қана кіші көлемімен. Қынап кіреберісінің ұзындығы 4-5 см, ал қынап ұзындығы 8-12 см, жатыр мойының ұзындығы 5-7 см, оның кілегей қабаты 7-8 көлденең айқын көрінетін қатпары мен кішкентай бүкпелер құрайды. Көлденең бүкпелердің жоғары жағы қынап бөлігіне бағытталған. Бұл жағдайда соңғы бүкпесі қынап қуысына балық ауызына ұқсап екі қалыңдаған еріндер сияқты шығып тұрады. Жатыр денесінің ұзындығы 2-4 см күшті ирелеңдеген және бас жағы тарылған мүйізге өтеді. Жатыр мүйізінің ұзындығы 10 см-ден 20 см-ге дейін малдардың жасына және тұқымына байланысты құбылып отырады.
Жатыр кілегей қабатында көтеріңкі сүйелдерге ұқсас, сопақ немесе дөңгелек пішінді, диаметрі 3-5 мм, ортасында ойық бар. Карункулдер аналық плацентаның өскіні. Олар жатыр денесінде қалай болса, солай орналасқан, ал мүйіздерінде - әдетте төрт қатар карункулден орналасады. Жалпы карункулдердің саны 88-ден 110-ға дейін болады.
Аналық без түтікшелері - қатпарлы, ұзындығы 9 см-ден 18 см-ге дейін. Аналық бездерінің пішіні сопақ болады, ұзындығы 0,5-1 см, ені 0,3-0,5 см.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет