«Жаңа жылдық сценарий» «ҚЫЗҒАЛДАҚ» Балалар әдемі музыка ырғағымен залға кіреді жарты шеңбер жасап тұрады би қимылдарын жасайды. Орындарына отырады.
ЖҮРГІЗУШІ:Құтты болсын жаңа жыл,барша халық
Қуанышқа шаттықа тамсанайық
Бірімізге шынайы тілек тілеп
Бар әлемге бақытпен жар салайық!
Армысыздар құрметті ата-аналар,балабақша ұжымы.Сіздерді келіп жеткен жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттай отырып біздің балаларымыздың сіздерге дайындаған шағын мерекелік ертеңгіліктеріне қош келдіңіздер. Мерекеміздің басын тамаша әнмен бастайық.
Олай болса кезекті тамаша әнге берейік. ӘН: «АППАҚ ҚАР» ЖҮРГІЗУШІ: Жарайсыңдар балалар. Балалар орындарына отырады.Балалар қараңдаршы біздің шыршамыз неге көңілсіз тұр.
БАЛАЛАР: Өйткені шырша шамдары жанбаған.
ЖҮРГІЗУШІ: Қане балалар олай болса барлығымыз өзіміздің сиқырлы сөздерімізді айтып шыршамыздың шамдарын жағайықшы.
БАЛАЛАР:Бәрі хормен«ҚУАНТ БІЗДІ ТАҢЫРҚАТ,ШАМДАРЫҢДЫ ЖАРҚЫРАТ» (3-рет қайталап айтады сол кезде шырша шамдары жанып шырша сөйлейді.) Балалар қол шапалақтап қуанады. ЖҮРГІЗУШІ: Міне балалар шыршамыз қалай жарқырап қалды.Олай болса мерекемізді ары қарай жалғастырайық.Балалар сендерге бір дыбыс естілген жоқпа қане бәріміз тыңдайықшы.Осы кезде әдемі әуен қосылып залға АҚШАҚАР кіреді.
АҚШАҚАР: Сүйсіндірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт-жұлт еткен жүзімнен Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін жырмын тақпақпын.
Армысыздар қонақтар армысыздар кішкентай ғана балақайлар!
ЖҮРГІЗУШІ: Армысыз Ақшақар.Қош келдіңіз төрлетіңіз.Бірақ сіз неге Аяз атасыз жүрсіз?
АҚШАҚАР: Біз Аяз ата екеуміз сіздерде Жаңа Жыл мерекесі болып жатыр дегенді естіп сонау алыс қысқы орманнан келе жатыр едік кенеттен қатты дауыл соғып боран болып Аяз ата екеуміз адасып қалдық.Қане балалар сендер маған Аяз Атаны табуға көмектесесіңдерме?
БАЛАЛАР: Ия көмектесеміз.
ЖҮРГІЗУШІ: Әрине Ақшақар сен уайымдама біздің балалар Аяз атаны табуға көмектеседі. Олай болса ортаға Қарша қыздарымызды тамаша билерімен шақырайық.Мүмкін қарашалар биінен кейін біздің ормандағы боранымыз басылып жол ашылып Аяз Ата өзіде келіп қалар.
БИ: «ҚАРШАЛАР» биі (қыздар) АҚШАҚАР: Тамаша кішкентай қаршалар.Рахмет сендерге. Балалар Аяз атамыз әліде келген жоқ мүмкін қатты боран жолын қармен жауып тастаған шығар.Сендер маған көмектесіңдерші жолды қардан тазалап тастайық.
ОЙЫН: «ҚАР ЖИНАУ» АҚШАҚАР: Жарайсыңдар балалар. Сендер сондай жылдам екенсіңдер.Атамыз енді келіп қалар. Қане бәріміз дауыстап Аяз атаны шақырайық.
Балалар: АУУУУ Аяз ата деп екі рет айтады. АҚШАҚАР: Қане балалар тағыда қаттырақ айғайлап шақырайықшы мүмкін атамыз естімей жатқан шығар. БАЛАЛАР: Хормен тағыда АУУУ Аяз ата деп айтады.
Осы кезде әдемі әуен ойналып залға Аяз ата кіреді. АЯЗ АТА: Құтты болсын балалар
Келген жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп ұл қыздарым
Өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді де беріп ем
Ойларың мен бойларыңда
Бірдей өсіп қалдыңдарма
Ал мен кіммін айтыңдаршы Мені тани алдыңдарма?
БАЛАЛАР: Ия Аяз Атасыз. АЯЗ АТА: Жарайсыңдар балаларым. Мен сонау орманнан келгенше шаршап қалдым.
АҚШАҚАР: Аяз ата сіз отырып дем алыңыз балалардың өнерін көріп тамашалаңыз,
ЖҮРГІЗУШІ: Олай болса кезекті тамаша әнге берейік.
ӘН: «АЯЗ АТА» АЯЗ АТА: Тамаша балалар. Әндерің тамаша екен.
АҚШАҚАР: Балалар сендерге Аяз Ата екеуміз қызықты ойын ала келіп едік қане ойнаймызба?
ОЙЫН: «ҚЫСҚЫ МҮСІНДЕР» АҚШАҚАР: Балалар сендерге ойын ұнадыма?
БАЛАЛАР: Ия.
ЖҮРГІЗУШІ: Аяз ата біздің ұлдарымызда өнерлі олай болса кезекті ұлдарымыздың тамаша биіне берсек.
БИ «ДЖЕНТЕЛЬМЕНДЕР» ұлдар биі. АЯЗ АТА: Тамаша билерің.
АЯЗ АТА: Ой балалар сендер сондай өнерлі балалар екенсіңдер! Балалар менде сендерге құр алақан келгенім жоқ.Менде сендерге өзімнің бір дорба сыйлығымды ала келдім.Мен бұл сыйлықты сендердің апайларыңа беремін топқа барғанда сендерге үлестіріп береді.Ал енді балалар мен қайтайын басқада балалардың мерекелеріне қатысайын. Сендер келер жылға дейін қош сау болыңдар.
(АЯЗ АТА МЕН АҚШАҚАР ӘУЕН ЫРҒАҒЫМЕН ШЫҒЫП КЕТЕДІ)
ЖҮРГІЗУШІ: Қош сау болыңыздар Аяз Ата Ақшақар! Біз бүгінгі мерекемізді тамаша «ӘДЕМІ ҚЫС» биімен аяқтағымыз келіп отыр.
БИ: «ӘДЕМІ ҚЫС» СОҢЫН ЖҮРГІЗУШІ ӨЗ СӨЗІМЕН АЯҚТАЙДЫ.