Байланысты: 1. Àóòèçì ò ñ³í³ã³ Àóòèçìä³ çåðòòåãåí àëûìäàð
1.Аутизм түсінігі
2.Аутизмді зерттеген ғалымдар
3.Отандық және шетелдік даму тарихы 1. Аутизм (гр. аutos - өзім) – адамның сыртқы дүниеден оқшауланып, өзімен өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл күйі. Аутизм – бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, ол әлеметтік ортамен қарымқатынастың жоқтығын білдіреді. Симптом ретінде аутизм көптеген психикалық ауруларда кездеседі, бірақ кейбір жағдайларда ерте жастан байқалып, бала дамуына кері әсерін тигізеді. Бұл жағдайды ерте балалық аутизм (ЕБА) синдромы дейді. Аутизм – ми жұмысының бұзылуынан туатын ауру. Мамандар дерттің 300 -ге жуық себебін атап отыр. Бірақ нақты тұжырым, дәйекті дәлел жоқ. Елімізде орташа есеппен 50 баланың бірі аутизмге шалдығады екен. • Қазіргі уақытта аутизмнің нақты себептері анық зерттелмеген. Көп ғалымдардың деректері бойынша аутизммен ауырған балалардың себебі орталық жүйке жүйесінің бұзылуы салдарынан болады. Тұқым қуалаушылық фактордың әсері мол екенін көптеген зерттеушілер мойындайды. Сонымен бірге мидың органикалық зақымдалуы да аутист балаларда жиі кездеседі. • Тұқым қуалаушылық хромосомалық өзгерістер, зат алмасу өзгерістері, анасы жүкті және туу кезінде алған жарақаттар, нейроинфекциялар т. б. барлығы да жағымсыз әсер ету мүмкіндігі бар.
Аутист бала сұрақ қоймайды және жауап та бермейді, мимика, ым-ишарат (жест) арқылы қарым-қатынас жасаудан бас тартады. Аутист балаларды 4 топқа бөлуге болады: • аурудың ауыр көрінісімен сипатталатын топтағы балалар безушілік, ортадан оқшаулау, еш нәрсеге көңіл аудармау ерекшеленеді, көп уақытын түңілумен өткізеді. Мұндай балалар сөйлемейді, адамдарға, адамның көзіне және бір нәрсеге көзін тікпейді, күлмейді, жыламайды. Атын атап шақырғанда үндемей, дыбыс шығармай, ешқандай реакция білдірмейді. Олар бір жері ауырып жарақаттанса, қарындары ашып, тоңғанды сезбейді. Үй ішінде бағытсыз ары-бері жүреді, жиһаздардың үстіне шығады, терезенің алдында тиспесең бірнеше сағаттар бойы отыра береді. Үлкен адам мұндай баланың назарын аударайын деп тырысқан жағдайда, бала айқайлайды, жылайды, төбелеседі, түкіреді, тырнайды, яғни қатты қарсылық көрсетеді. Бұл топтың балалары адамның көзіне тіке қарамайды, басқа нәрселерге де көзін тіке қадап, бағытты түрде қарай алмайды, бірақ нәрселердің өздері, өздерінің түрлері мен дыбысымен сыртқы пішінімен балалардың назарын өздеріне аудартқызады. Мысалы: кілем немес алаша біткенше жүре береді. Бұл балалардың бір қалыптылығы сағаттар бойы терезеде отырып бір бағытқа қарап отыра береді. Ал бір нәрсе керек болса, олар үлкен адамды ертіп апарып, керекті нәрсеге қолын салады. Балалар аздап белсенді, олар қоршаған ортадан толық безбеген бетінде қорқыныш бар, қимылдары еркін емес, сөздері түсініксіз, бір сөзді қайталай береді, күрлмеліп сөйлейді, қимылдары импулсьсивті, яғни отырып-отырып аяқастынан жүгіріп кетеді, өзін-өзі жарақаттайды. Бұл топтағы балалар өте дауласқыш, еш өкінбейді, бәрін керісінше жасайды. Бала өзіне ұрысқанды қалайды, тек өзі сөйлейді, ешкімді тыңдамайды, сөйлеткізбейді. Сөйлегені өте жылдам, дыбысы қатты. Сөзі монолог түрінде. Кейде ересек адам сияқты, күрделі сөздермен сөйлейді, бірақ мағынасын түсінбейді. Сөз қоры жақсы, бірақ та диалог құрастыра алмайды. Бұл балаларда аутизмнің жеңіл түрі. Балалардың мимикасы шектеулі, алаңдаушы болып келеді, сондықтан сөздері жай, көздеріне қарай алады, бірақ тұрақсыз. Олар ұялшақ, жасқаншақ болып келеді. Олар өтірік айту, алдауды білмейді. Мұндайда баланың жалпы дамуы тежеледі. Мінезі тұйықтала түседі. Атын атап шақырса, елең етпеуі де мүмкін. Өзге балалармен де ойнамайды. Танып-білуге ұмтылмайды. Тіпті жаңа ойыншық та оны қызықтыра алмайды. Яғни, мұндай балада қалау, сағыну, аяныш, өкініш, қамқорлық сияқты адами сезімдердің ешқайсысы болмайды. Оған бәрібір. Өз әлемінде, өзімен өзі өмір сүреді. Тәулік бойы ұйықтамай жүре беруі мүмкін. Ештеңені қажет етпейді.
2. Ең алғаш аутизм деген терминді 1912 жылы швейцар психиатрі Э.Блэхер ұсынған. Аутизм ауруын бірінші ашып зерттеген америка психиатрі Лео Каннер. Балалық аутизмі әр түрлі болады және зиятпен сөйлеу дамуының деңгейлері әр түрлі болады. Ғалым Л. Каннердің зерттеулері бойынша ерте балалар аутизмі дамуының симптомдарын үшке бөліп жіктеуге болады: • 1. Аутикалық көңіл-күй (қайғырулар, күйзелулер) • 2. Стереотиптік қайталана беретін мінез-құлық көріністері; • 3. Сөйлеу дамуының ерекше бұзылулары. [3] • Сонымен қоса Л. Каннердің пікірінше, ерте балалық аутизмі өз бетінше бұзылады дей келе, оның негізгі белгілерін атап көрсетеді: • --Адамдармен толыққанды қарым-қатынас орнатуға мүмкіндіктің болмауы; • --Сыртқы әлемнен оқшаулану; • --Көзбен байланыстың жеткіліксіздіі немесе жоқтығы; • -- «Мен» дамуының кідірісі
Аутизм синдромының пайда болғанына бірнеше жылдар, бірнеше ғасырлар болды. Бірақ оның зерттелу тарихы қысқа ғана. Аутизмнің тарихы аңыз-әңгімелерден, ертегілерден басталған. Онда ұрланған эльфтардың орнына аутист балаларды қалдырып кетіп отырған.
Ал, шынайы тарихқа келсек, XVIII ғасырда аутизм ауруынан зардап тартқан адамдар туралы ақпараттар пайда бола бастады.
Өткен ғасырдағы осы мәселелерді терең зерттеген ғалымдардың алғашқысы болып француз зерттеушісі Дж.М.Итар болып табылады. Ол тәжірибе ретінде Аверон орманындағы 12 жасар Виктор атты баланы («Аверондағы жабайы бала») зерттеді. Ол зерттеу барысында баланың күйін сипаттай отырып, оны «интеллектуалды мутизм» деп атады. Дж.М.Итар «Интеллектуалды функцияның бұзылуынан мутизмнің пайда болуы» (1828) атты еңбегінде 28 жылдық зерттеулерінің нәтижелерін Париждегі Сур-Муэ институтында жетіл-дірді. Мұнда ғалым Аверондағы жабайы Викторға жасалған реабилитациялық тәжірибелерін көрсетті. Әрі қарай Дж.М.Итар мұндай балалардың оқуы мен сөйлеу тілін дамыту мақсатында, өзі ойлап тапқан диагностикалық және коррекциялық әдістемелерін сипаттады. Және де, Итар өзі сипаттаған балалар-ды идиотия мен ақыл ойы кем балалардан бөліп қарауды, ажыратып қарас-тыруды ұсынды. Ол интеллектуалды мутизмнің негізгі клиникалық сипат-тамасын және коррекциясын көрсетті. Өкінішке орай, ол кезде француз ға-лымының зерттеулері өзінің әріптестерінің қызығушылығын тудырмады.
1911 жылы швейцар психиаторы Е. Блейлер өзінің «Ерте жастағы ақыл-ойы кемістігі немесе шизофрения» атты еңбегін жариялады. Және де осы еңбе-гінде Е. Блейлер «Аутизм» терминін нақты қарым-қатынас жасау ортасын қа-жетсінбеу, одан оқшаулану, логикалық заңдардан азат болу мен өз «әлемінде» ғана өмір сүру сияқты, ерекше күйді белгілеу үшін енгізді. Ал, аутизмнің ал-ғашқы сипаттамалары 1943 жылы американдық балалар психиаторы Лео Каннердің «Аффективті байланыстың аутистік бұзылулары» атты мақаласында жарияланды. 1938 – 1943 жылдар аралығында Каннер аутист балаларды зерттеп, осы балалардың 11 мінездемесін сипаттап жазды. . Ол «экстремальды жалғыздық» деп, ерекше клиникалық синдром қорытындысын жасайды, кейін аутизмді ашқан ғалымның құрметіне оны Каннер синдромы деп атау ұйғарылды.
Кейін 13 жылдан соң, 1956 жылы, Л. Каннер Л. Эйзенбергпен бірге аутизмнің диагностикасын қарастырып, «Ерте жастағы балалар аутизмі: 1943 – 1955» атты мақаласын жариялады. Бұл мақаласында аутизмнің 5 диагностика-лық мінездемесін бөліп көрсетті:
адамдармен аффективті байланыстың жоқ болуы;
бағытының шарттары тұрақты болуына тырысуы, бәрі біркелкі болып өзгермеуі керек;
эмоциялық тұрғыдан ешкіммен араласпау;
бір затқа бағыныштылық,және оны қолында айналдыра беруі;
мимикасының, дауысының, дыбысының ырғағының, жестарының болмауы;
Дәл сол уақытта Лео Каннерден бөлек, 1944 жылы, австриялық психиатор Ганс Аспергер өзгеше категорияға жататын – бірнеше баланы сипаттай отырып, оны «аутистік психопатия» деп атайды. Бұл бұзылудың психологиялық сипаты, Каннер синдромынан өзгеше. ЕЖБА-мен салыстырғанда, бірінші айырма-шылық – аутистік психопатия белгілері, 3 жастан кейін білінеді. Аутистік пси-хопаттардың мінез-құлқы мен тәртібінің бұзылуы айқын көзге түседі, олар «балалық» белгіден тыс, барлық көріністерінде «егдейлік» байқалады, пікірлері мен көзқарастары өзгеше бір қайталанбас сипатқа ие. Құрбыларының ойын-дары оларды қызықтырмайды, өз ойындары механикалық ойын тәрізді болып келеді. Аспергер олардың «аспан қалықтап» жүретіндіктерін, мимикаларының, сөйлеудің монотондылығын, қарым-қатынасты қажетсінбеу, аялау, еркелеу әдеттерінің болмауын сипаттайды. Интуицияның жеткіліксіздігі, өзгенің жанын түсінбеу, жанашырлық көрсетпеу белгілері бар. Ал, екінші жағынан, Аспергер бұл балалардың өз үйіне деген ерекше сүйіспеншіліктерін байқайды.
3. Қазіргі уақытта аутизмнің нақты себептері анық зерттелмеген. Көп ғалымдардың деректері бойынша аутизммен ауырған балалардың себебі орталық жүйке жүйесінің бұзылуы салдарынан болады. Тұқым қуалаушылық фактордың әсері мол екенін көптеген зерттеушілер мойындайды. Сонымен бірге мидың органикалық зақымдалуы да аутист балаларда жиі кездеседі. Тұқым қуалаушылық хромосомалық өзгерістер, зат алмасу өзгерістері, анасы жүкті және туу кезінде алған жарақаттар, нейроинфекциялар т.б. барлығы да жағымсыз әсер ету мүмкіндігі бар. 1965 жылы АҚШтағы Аутист балалардың Халықаралық қауымдастығы ашылды. 1960 жылы аутист балалардың ата-аналары жазған алғашқы үш кітабы жарыққа шықты. Бұл кітапты: атузммен ауыратын егіз балалардың әкесі Жак Мэй «Дәрігердің психиатрия бойынша жұмыс жасауы»(1958), анасы Карин Джанкер«Шыны шарлың ішіндегі бала», Клара Клайборн Парк – аутизммен ауыратын өз қызының жеке әлеміне кіру мақсатында жазылған - «Аутист баланың өміріндегі алғашқы сегіз жыл»(1967ж).
Өкінішке орай өзі үшін және қуанышқа орай мыңдаған отбасылар үшін аутист балалардың әкесі атанған Бернард Римланд 1964 жылы өзінің әлемді дүр сілкіндірген кітабн жарыққа шығарды. Ол кітап «Балалар аутизмі: Синдром және оның жүйкелік көріністерінң теориялық мағыналары»(1964) деп аталады. Бұл кітапта, аутизм және оған жақын, ұқсас бұзылыстар жайлы әлемдік әдебиеттерге қысқаша шолу жасалған, және табиғат жайлы, аутизмнің себептері жайлы біраз өте қажетті және жаңа идеялар жазылған.
Бернард Римландтың аутист балалардың әкесі атану себебі, ол дәрігер-лердің оның баласына аутизм диагнозын қоюына көніге алмауы. Ол өз бала-сына және аутизммен ауыратын көптеген балаларға жәрдем беру мақсатында, осы саланың арнайы маманы болуды ұйғарды. Римланд «дұшпанды (аутизмді) жеңбейінше тынышталмайтыны» жайында өзіне сөз берді. Сол себепті, ол аутизмге байланысты қолына түскен ақпаратты оқып, оны жазып алып жүрді.
Римланд осы бір кітаптың арқасында,аутист балалардың әкесі ретінде тарихқа енді. Бірақ, ол өз баласына және басқа балаларға жәрдем беру үшін аутизмді әрі қарай да зерттеді. Соның арқасында, ол 1965 жылы желтоқсан айында Аутист балалардың халықаралық қауымының (қазіргі уақытта – Америкалық Аутизмдер қоғамы) негізін салды.
1970 жылы екі аутист балалардың әкесі – Виктор Винстон, баспашы, және Герман Прейзер, инженер, - «Аутизм және балалар шизофрениясы» журналы-ның негізін қалады. Бұл журнал аутизм және оның проблемалары жөнінде баға жетпес ақпарат көзі болып табылады.
1963 жылы Ирландияда кішігірім аутист балалардың ата-аналарының тобы Аутист балалардың Ирландиялық қауымының негізін қалады. Кейінгі жылдары мұндай қауымдар басқа да көптеген елдерде пайда болды: Бельгия, Финляндия, Дания, Германия, Франция, Италия, Люксембург, Нидерланд, Испания, Швеция, Швейцария, Канада, Япония, Индия және т.б елдерде.
Ресейде ЕЖБА бар балаларға психологиялық-педагогикалық көмек беру мәселелері, өткен ғасырдың 70-жылдары қарқынды қарастырыла бастады. Зерттеулердің нәтижесі ретінде, осы категорияға жататын балалардың пихологиялық классификациясы пайда болды.
Аспергердің еңбектері біраз уақытқа дейін танымал емес болатын. 1970 жылары Аспергер синдромы біраз елдердегі ғалымдардың қызығушылығын тудырды, солардың ішіндегі ең үлкен қызығушылық танытқан Л. Винг «Аспергер синдромы: Клиникалық шолу». Бұл еңбегінде Винг Аспергер синдромының клиникалық сипаттамасын, пайда болу себептерін, яғни этиоло-гиясын, эпидемиологиясын, дифференциялды диагностикасын, синдромның коррекциялау жолын, және аутизм мен Аспергер синдромы арасында салыстыру жүргізді.
Ресейлік тәжірибеде ең танымал К.С.Лебединская мен О.С.Никольскаяның аутизмді түзетудің кешенді медициналық-психологиялық-педагогикалық әдіс-темесі. Бұл әдістеменің негізгі ерекшелігі дәрігер, педагог пен психологтардың бірлесе, тығыз байланыста жұмыс жасау. Өткен ғасырдың ортасынан бастап балалық ерте жастағы аутизмді зерттеулер басталуына қарамастан,қазіргі уақытқа дейін арнайы кешенді көмек көрсету жүйесі құрастырылмаған.