№ 3 (88) 2012
73
Екі тілдегі қалау райдың берілу жолдары төмендегідей кестеде жинақталды:
қазақ тілінде
түрік тілінде
-ғай/ -гей, -қай/ -кей
-a/ -e
–ca/ -ce; –caшы/ -ceші
-sa/ -se; -sana/ -sene
-ғы/-гі, -қыл/-ғыл кел
-ası/ -esi gel-
-айын/-ейін де
– – –
-мақ/-мек, -пақ/-пек, -бақ/-бек бол;
-мақшы бол
-асаk/-ecek ol-
-са/-се игі еді / еді / екен
– – –
– – –
-mak/-mek iste-
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақ грамматикасы. – Астана: Астана полиграфия, 2002. –784 б.
2. Oмарбеков С. Қалау рай және оның кейбір түрлері жөнінде. // Қазақ ССР ҒА Хабарлары. Филология және
өнертану сериясы. 1960, № 1(14].
3. Gabain A.von. Eski Türkçenin Grameri. – Ankara: TDK Yayınları, 2000. – 313 s.
4. Karamanlıoğlu A.F. Kıpçak Türkçesi Grameri. - Ankara: TDK Yayınları, 1994. – 164 s.
5. Eckmann J. Çağatayca El Kitabı. – Ankara: Akçağ, 2005. – 438 s.
6. Томанов M. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. - Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 192 б.
7. Әуезов M. Абай жолы. Бірінші кітап. – Алматы: Жазушы, 2009. – 376 б. Екінші кітап. – Алматы: Жазушы,
2009. – 432 б. Үшінші кітап. – Алматы: Жазушы, 2009. – 384 б. Төртінші кітап. – Алматы: Жазушы, 2009. – 400 б.
8. Korkmaz Z. Türkiye Türkçesi Grameri. - Ankara: TDK Yayınları, 2003. – 1225 s.
9. Aksoy Ö.A. Atasözleri ve Deyimler Sözlüğü. – Ankara: TDK Yayınları, 1971. -452 s.
10. Ergin M. Türk Dil Bilgisi. – İstanbul: Bayrak Basım, 1999. – 406 s.
11. Ысқақов A. Қазіргі қазақ тілі. - Алматы, 1991. – 384 б.
12. Ercilasun А.В. Kutadgu Bilig Grameri-Fiil. – Ankara: Gazi Eğitim, 1984. – 196 s.
13. Çokum S. Ağustos Başağı. – İstanbul: Kapı Yayınları, 1989. – 405 s.
14. Halikarnas Balıkçısı. Deniz Gurbetçileri. – İstanbul: Remzi Kitapevi, 1969. – 260 s.
15. Pamuk O. Sessiz Ev. – İstanbul: İletişim Yayınları, 1984. – 336 s.
Редакцияға 27.02.2012 қабылданды.
Ж.О. МӘМБЕТОВ
ШЫТЫРМАН ОҚИҒАЛЫ (ДЕТЕКТИВТІ) ӘДЕБИЕТ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАНРЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
The article is devoted to the detective genre in Kazakh literature. On the basis of generalization and
analysis the author proses convincingly that the genre of detectives is not a classic work of fiction.
Детектив – жанрлық түр ретінде XIX ғасырда пайда болғанымен, негізінен әдебиетте прозада, ал
баска өнер түрлерінің ішінде кино өнерінде көбірек көрінетін құбылыс.
Соңғы жылдары кітап дүкендерінің сөресінде симай жатқан детективті әдебиеттер мен теледидар
бетін бермейтін детективті кинолардың үлкен сұраныска ие болуы кімді де болса ойландырмай
қоймасы белгілі. Неліктен бұлай? Халық классикадан жалыға бастады ма, әлде қоғамдық сана өзгерді
ме? Әлде 3.Фрейд айтқан «адам бойындағы ең басты қасиет, адам тіршілігін бағыттайтын қуат көзі
- нәпсі және қанға ұмтылу» /1, 48-6./ шындыққа айналып, жүзеге аса бастады ма? Әрине мұндай
күрделі сұрақтарға жауап беру оңай болмас, бірақ сонда да болса «детектив жанры» деген қандай
жанр? Оның өзіндік сыр-сипаты қандай деген сұрақтарға шамамыз келгенше жауап іздеп көрелік.
Детектив (detective) — ағылшынның іздеу, із кесу, тіміскілеу деген мағынадағы сөзінен шыққандығы
белгілі, Зерттеушілер детективті әдебиеттің алғашқы классикалық үлгісін американ жазушысы
Эдгар Поның «Морг көшесіндегі кісі өлімі» (1841 ж.) деген шағын новелласымен байланыстырады.
Онда жазушы бірінші рет әуесқой із кесушінің қылмысты ашу барысында байқалған таңғажайып
қабілетін, логикалық талдауларының нақтылығын шеберлікпен көрсеткен болатын. Ал детектив
Split by PDF Splitter
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
74
жанрындағы шытырман оқиғаларды шешуде ақыл-айламен қоса логикалық қисындарының
дәлдігімен, сенімділігімен оқырманын баурап алған А. К. Дойл сомдаған Шерлок Холмс образы
әлемдік әдебиеттегі ұмытылмас ерекше тұлғалардың біріне айналды.
Детектив жанры туралы әлемдік әдебиеттануда бүгінгі күнге дейін бір пәтуаға келген дәлелді
ғылыми тұжырымдарды таба қоюдың өзі қиын. Оның жанрлық сипаты мен образдар жүйесіндегі
ерекшеліктер, сюжеті мен композициясына қатысты жазылып жүрген бірді-екілі қысқаша айтылған
пайымдаулар болмаса (А.Грамши, Б.Бархт, С.М.Эйзенштейн, К.И.Чуковский), теориялық тұрғыдан
терең талданып, тыңғылықты жазылған зерттеу еңбектер жоқтың қасы. Осы уақытқа дейін айтылып
келген детектив жанры туралы ой-пікірлердің өзі бірін-бірі теріске шығаратын қайшылықтарға толы.
Соның ішінде көптеген зерттеушілердің бұл жанрдың басты ерекшелігі ретінде бөліп алып, атап
көрсететін бір белгісі - оның шешуі қиын жұмбақ, шытырман оқиғалар мен құпия құбылыстарды
сюжетіне арқау етететіндігі. Мәселен, орыс зсрттеушісі Ф.А.Чапчахов «Детектив: мүмкіндіктері,
мақсаты мен міндеті» деген шағын мақаласында «Құпия сыр, шешуі қиын жұмбақ жағдай – детективті
шығарманың бір шарты, оның негізгі белгілерінің бір түрі. Детектив қарқынды дамыған ағылшын
және америка әдебиеттерінде оны «құпиялар әдебиеті» (mystery fiction) деп бөліп атауы да жай айтыла
салған сөз емес» [2, 196-6] - деген бір ерекшелігін атап көрсетеді.
Детективті шығармаға тән тағы бір қасиет онда белгілі бір дәрежеде қылмыстық әрекеттің
көрініс табуы және оны ашудың жолдарының қарастырылуы. Оның жалпы шытырман окиғалы
шығармалардан айырмашылығы да осында болса керек. Бұған карағанда біздің қазақ әдебиетіндегі
детективті шығармалардың бәріне бірдей «шытырман оқиғалы» деп айдар таға салуымыздың өзі
оншалыкты ғылыми қисынға келе бермейтін секілді.
І998 жылы қазақ тілінде шықкан «Әдебиеттану» терминдер сөздігінде: «Детективті әдебиет –
-шытырман оқиғалы, қылмысты ашудың егжей-тегжейін өзек ететін әдеби шығармалар» [3, 127-6]
деген анықтама беріліпті. Ал детектив поэтикасы туралы зерттеу жүргізген А.Вулис «шытырман
окиғаны» прозаның кез келген түрінен кездестіруте болатынын, керек болса Т.Драйзердің «Американ
трагедиясы» мен Ф.Достоевскийдің «Қылмыс пен жаза» романдарының да шытырман оқиғаға
құрылғанын және ол шығармаларда да қылмыс жасалатынын тілге тиек етеді. Бірақ ол жазушылар
нақты қылмыстың себеп-салдарын жеке адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқынан ғана іздемейді, оны
қоғамдық құрылыстың қайшылықтарынан, адамдар арасындағы теңсіздіктен іздейді. Сондықтан да
қылмыстың ашылуы, қылмыскерді іздеушілердің іс-әрекеттері мен мақсат-мүдделері олар үшін басты
нәрсе болмағандықтан, із кесушінің образы бұл шығармаларда мүлдем кездеспейді деуге болады.
Детективті шығарманы кейде «интеллектуальдық кроссворд», кейде «әдеби ойын», ал енді бірде
кылмысты іздестіру органдарының өмірінен жазылған «өндірістік» тақырып ретінде де қарастырады.
Әрине, бұлай бөлудің нақтылығынан шарттылығының басым екендігін мойындасақ та, детективті
шығармаларда өзі жасаған қылмысын жасыруға не болмаса біреуге аударуға тырысатын қылмыскер
мен сол қылмысты ашуға күш-кайратын, күллі ақыл-ойын жұмсайтын із кесушінің арасындағы
күрделі қақтығыстардың сан алуан түрлерін адам бойындағы күш-қуаттың айқасын ғана емес, оймен
шайқасудың әр қилы тәсілдерін көруге болады. Сергек ой, дәлелді, қисынды қажет ететін үміт пен
күдік арасындағы адамның осындай күйін зерттеушілер шахмат тақтасындағы ойынға ұқсағандықтан
– «ойын» деп атаған. Мұндай шығармаларда кейіпкерлердің психологиялық болмысы тереңдей
ашылып, көркем детальдардың айқынырақ көрінуі – заңды құбылыс.
Жалпы детектив жанрының әр елде қалыптасу даму ерекшеліктерінің өзі әр түрлі. Батыс Еуропада,
соның ішінде ағылшын әдебиетінде қылмысты ойластырып, жоспарлы түрде дайындықпен жасаудың
үлгілері жиі суреттелсе, америкалық детективтердегі қылмыстық оқиғаларда авантюристік, кейде
мистикалық реңк көп орын алады [4]. Бұрынгы кеңестік әдебиеттегі детектив жанры да өзгелерге
ұқсамайтын өзіндік сипатымен ерекшеленетін. Ол кезеңдегі детективті әдебиетте «маңызды
әлеуметтік-адамгершілік мәселелер» ең басты нысана болғаны шындық.
Ал детектив жанрының қазақ әдебиетінде кенжелеп дамып, қалыптасқаны белгілі. Оның көрнекті
өкілі ретінде ауызға алатынымыз да жалғыз Кемел Тоқаев болатын. Бірак әдебиет тарихын саралай
қарасак, С.Сейфуллиннің «Бандыны қуған Хамит» әңгімесін біздіңше қазақ прозасындағы детективті
прозаның алғашқы үлгісі деуге болады. Кейінгі кезде бұл жанр қазақ әдебиетінде де даму үстінде.
Мысалы Қ.Нұрымбетов секілді бірен-саран өздері ішкі істер органдарында істейтін азаматтар бұл
салада тәп-тәуір еңбек етіп жүр. Бірақ дәл еуропа мен америкадағыдай деңгейге жету әлі ертерек
секілді. Ал қазіргі күні мақсатты түрде детективті жанрмен айналысып жүрген қазақ қаламгерін
кездестіру қиын.
З.Мұсаев осыдан біраз жыл бұрын жазған «Шытырман оқиғалы роман» деген мақаласында
Split by PDF Splitter
№ 3 (88) 2012
75
«С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешуі» мен М.Әуезовтің «Бүркітшісінде», «Абай жолы»
эпопеясында, сондай-ақ Х.Есенжановтың «Ақ Жайық», І.Есенберлиннін «Қатерлі өткел»,
Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясында да детективтік детальдар кездеседі», - дейді [5, 9-6].
Егер сюжеттік желісінде қылмыстық оқиғалар ұшырасатын шығарманың бәрін детективті әдебиетке
жатқыза беретін болсақ, онда детектив емес әдебиеттің өзін тауып алу қиынға соғар еді. Екіншіден,
«шытырман оқиғалы» дегенді тек детективті шығармаларға ғана қатысты қарастырудың өзі қателік,
оны жоғарыдағы З.Мұсаев мысалға алған кез келген шығармадан табуға болады. Бұған карап детектив
жанрында жазылған шығармада шытырман оқиға болмайды деген ой туындамауы керек, тек сол
«шытырмандықты» детективтің бір белгісі ретінде ғана қарастырған жөн.
Ал енді бұл жанрдың басқа жанрлардан өзгеше болып келетін негізгі ерекшелігіне тоқталар болсақ:
Біріншіден, сюжетінің жауабын шешуді қажет ететін жұмбақ (құпия) оқиғаға құрылуы; екіншіден,
нақты қылмыстың жасалуы және оны ашу жолында із кесушінің әр алуан әрекеттер мен (логикалық
ойы) ойларының болуы; үшіншіден, қылмыстың себеп-салдарын қоғамнан емес, жеке адам бойынан
іздеу; төртіншіден, қылмыскер мен із кесушілердің образдарының көрінуі; бесіншіден, қылмыстық
оқиға өтетін кеңістік пен уақыттың нақтылығы; алтыншыдан, сюжет шешімінің айқындығы, яки
қылмыстық оқиғаның жауабын табу.
Осы аталған алты белгі айқын болғанда ғана оны детективті жанрға жатқызуға болады деп
ойлаймыз. Өйткені француз ғалымдары шытырман оқиғалы әдебиет дегенді оның сюжеттік желісіне
қарап-ақ ажыратуға болатынын, ал кез келген шым-шытырық оқиғаның астарында қылмыс болған
күннің өзінде де ол сол шығарманың детектив жанрында жазылғанына дәлел бола алмайтыны туралы
осыдан ширек ғасыр бүрын-ақ бір тоқтамға келген болатын [6,128-6].
Сонымен қатар, детективті әдебиеттің де белгілі бір қоғамда қанат жайып, қаркынды дамып, енді
бірде тоқырауға ұшырап отыру себептері сол қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты екендігі
бүгінде белгілі болып отыр. Оған қазіргі ТМД халықтары әдебиетінен көптеген мысалдар келтіруге
болады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Нұрғалиев Р. Сөз өнерінің эстетикасы. – Астана: Фолиант, 2003. -478 б.
2. Чапчахов Ф.А. Время и слово. – Москва, 1980. -180 с.
3. Әдебиеттану. Терминдер сөздігі / Құрастырған З.Ахметов, Т.Шаңбаев). – Алматы: Ғылым, 1998. -255 б.
4. Вулис А. Поэтика детектива // Новый мир. - 1978. -№ 1.
5. Мұсаев 3. Шытырман оқиғалы роман // Қазақ әдебиеті. -1983, 25 наурыз.
6. Тымчевский К.Ю., Рогоцкая И.В. О некоторых жанровых особенностях французского детективного романа
// Язык и общество. - Ярославль, 2002. - С. 127-129.
Редакцияға 14.02.2012 қабылданды.
А.Р. НАЙМАНБАЙ
АНТОНИМДЕРДІҢ КӨРКЕМ ПРОЗАДАҒЫ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
In the article spheres of antonyms usage in every part of speech in literary work language were defined.
Connection between antonyms and other similar phenomena of the language were arranged considered in
this G. Mustaphin’s work.
Тіл білімінде сөз таптарының ішінен зат есім өзінің сөйлемде заттық мағынадағы мүше (бастауыш,
толықтауыш) болу қасиетімен алғаш бөлініп шыққан сөз табы және мағына мен тұлға жағынан да
жұпталған категорияларға бай сөз таптарының бірі болып табылады. Зат есімдер жалқы-жалпы, жеке-
жалпы, деректі-дерексіз, жанды және жансыз, белгілілік-белгісіздік есімдер болып жұп құраса, зат
есімдерге бұлардан басқа көптік және жекелік, жақтық және жақсыздық ұғымдары да тән.
Көрнекті тіл маманы, ғалым А. Байтұрсынов 1914 жылы шыққан «Тіл құрал» еңбегінің морфологияға
арналған бөлімінде зат есімнің мағыналық мынадай түрлеріне анықтама беріп өтеді: «Зат есім екі
түрлі болады: біреулері – нәрсенің дербес өз басына ғана қойылған жалқы есім. Екіншілері – нәрсенің
біріне емес барлық тобына қойылған жалпы есім» [1, 199-200]. Жалқы және жалпы есімге қысқаша
ғана тоқталып, жалпы есімге кісі аттарын, жер атауларын жатқызады да, жалпы есімдерге бір түрлі
көп заттың жалпылама атауларын білдіретін сөздерді (кісі, қала, дала, жұрт, өлке) жатқызады.
Split by PDF Splitter
Достарыңызбен бөлісу: |