1 билет Қазіргі Қазақстан жазушылары мен композиторларының шығармашылық еңбектері



Pdf көрінісі
бет1/43
Дата16.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#34527
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43


1 билет 

1. Қазіргі Қазақстан жазушылары мен композиторларының 

шығармашылық еңбектері. 

2. 1979 жылғы Целиноград оқиғасы, неміс автономиясын құруға 

талпыныс. 

3. Қазақстан Республикасының негізгі Заңын қабылдау - 1993 ж., 1995 

жж. ҚР Конституциялары. 

 

1)Жазушылардан Қалқаман Саринді мысалға алуға болады. Сарин Қалқаман 

Айымғазыұлы 1978 жылы 2 қаңтарда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай 

ауданы, Архат ауылында дүниеге келген. 1998 жылы Л.Н.Гумилев атындағы 

Еуразия университетін тәмамдаған. «Арманымның бейнесі» жыр жинағы. 

«Жібек сезім – Жүрек сөзім» үнтаспа жинағы. «Құс жолындағы керуен» жыр 

жинақтарының авторы.  

Ақберен Елгезек – 1980 жылы, 24 қаңтар күні, Алматы қаласында дүниеге 

келген. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Мемлекеттік «Дарын» 

жастар сыйлығының және «Алтын қалам» қоғамдық сыйлығының 

иегері.«Көлеңкелер күбірі» атты өлеңдер жинағының және "Болмаған 

балалық шақ" повесінің авторы. 

Кеңес Дүйсекеұлы Дүйсекеев (10 ақпан 1946 жыл, Қызылорда облысы, 

Қазалы ауданы, Пірімов ауылы) — композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген 

өнер қайраткері (1994). Парасат, Құрмет ордендерінің иегері. Қазақ ұлттық 

өнер академиясының профессоры. Ол – “Толғау” симфониясының, 

“Жалаңтөс батыр” симфония поэма-картинасының, “О, дүние” 

кантатасының, “Жыл мезгілдері” романстар циклінің, “Мәди”, “Аққу Жібек” 

мюзиклінің, “Алдар көсе” опереттасының, симфония-концерттер, аспаптарға 

арналған концерттер, камералық оркестрге шығармалар, соната, рапсодия, 

вариациялар және 200-ден астам әндердің авторы. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет