1 билет Кинематика элементтері. Материалдық нүкте және оның орны. Треактория, жол, орын ауыстыру векторы, жылдамдық және үдеу



бет1/71
Дата14.10.2023
өлшемі346,78 Kb.
#114303
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71

1 билет Кинематика элементтері. Материалдық нүкте және оның орны. Треактория, жол, орын ауыстыру векторы, жылдамдық және үдеу

1 билет



1.Кинематика элементтері. Материалдық нүкте және оның орны. Треактория, жол, орын ауыстыру векторы, жылдамдық және үдеу.

Механика – механикалық қозғалыстар туралы ғылым. Механикалық қозғалыс деп санақ жүйесі ретінде алынған денемен салыстырғанда басқа бір дененің орын ауыстыруын айтады.
Кинематика гректің kinematos - қозғалыс деген сөзінен шыққан.


Кинематика – қозғалыстардың себептерін қарастырмай, тек түрлерін қарастырады.

Динамика – қозғалыстардың пайда болу себептерін қарастырады.
Макроскопиялық денелердің қозғалыс жылдамдығы вакуумдағы жарық жылдамдығынан өте аз болса, , онда мұндай қозғалыстарды қарастыратын механика классикалық механика, ал денелердің қозғалыс жылдамдығы жарық жылдамдығымен шамалас болса релятивистік механика делінеді. Сонымен қатар, атомдар мен элементар бөлшектердің қозғалыс жылдамдықтарын зерттейтін механика кванттық механика болып табылады.


Механикадағы абстрактылы шамалар.
Физика есептерін шығарғанда, есептердің шартына қарай абстрактылы шамалар қолданылады. Абстрактылы шамалар – табиғатта кездеспейтін шамалар, мысалы:



  • Материалдық нүкте – пішіні мен өлшемі есептің шартына қарай ескерілмейтін дене.


  • Абсолют қатты дене – деформациясы Гук заңына бағынатын және сыртқы күштің әсері тоқталғаннан кейін өзінің өлшемі мен пішініне қайтып оралатын дене.


  • Абсолют серпімсіз дене – сыртқы күштің әсері тоқталғаннан кейін деформациясын сақтайтын дене.


Қозғалыстың жалпы түрлері
Кез келген қатты дененің қозғалысы ілгерілемелі және айналмалы қозғалыстардан тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет