1 билет. Мақта иіру өндірісінің технологияcын жобалау этаптары


Тоқымашылық станоктарында қолданылатын Ремизкалардың атқаратын ролі



бет2/14
Дата19.05.2023
өлшемі32,78 Kb.
#94970
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Тоқымашылық станоктарында қолданылатын Ремизкалардың атқаратын ролі
Ремизка - тоқу станогында күзудің қалыптасуына арналған. Әр ремизка галев кигізілген рамалардан тұрады. Галев металды немесе жіпті болып келуі мүмкін. Галевтің көзшелері болады, осы көзшелер арқылы негіз жіптер өтеді. Көзшелердің өлшемдері және формасы тоқылатын матаның түріне және негізгі жіптің сызықтық тығыздығына тәуелді болып келеді. Ремизкалардың жалпы саны, мата өрімінің раппортына, сабақтау 64 түріне және негіз бойынша 1дм-гі жіптер санына байланысты болып келеді.
Мата тоқу станогында тоқылады. Негізгі жіптер, тізбеорауыштан 1 тарқатылып, оқтаудан 2 ламель 3 саңылауларынан өтіп, 5 және 6 ремизкаларға қарай бағытталады. Әр негізгі жіп бір ремизканың галева көзшелерінен 4 өтеді, одан кейін бердоның 7 екі тістерінің арасынан өтеді. Бір ремизканың көзшелері арқылы өтетін негізгі жіптердің бір бөлігі, оқтынды қозғалады немесе орнында қалады, ал екінші ремизканың көзшелерінен өтетін негізгі жіптердің екінші бір бөлігі, бұл уақытта төмен түседі. Негізгі жіптер арасында пайда болатын кеңістік, күзу деп аталады. Күзуге жеке пластиналардан 9 тұратын бағыттаушы канал бойынша жіп төсегіш 8 көмегімен арқау жібі төселеді. Батанның 15 брусына бекітілген бердо 7 көмегімен, арқау жіп мата шетіне 10 қосылады. Батан алдыға және артқа қарай тербеледі. Алынған мата, матаға арналған тіректі 11, бағыттағыш төстемір 12, вальянды 13, бағыттағыш білікті айналып, тауарлы білікке 14 оралады
Вариация коэффициентін анықтаңыз: егер мақта талшықтарының ұзындықтары (мм): У1 = 47, У2 = 45, У3 = 48, У4 = 49 болса.

2 билет.
Мақта өндірісінде пайдаланатын иірімжіп ассортименті және талшықтар түрлері
Тоқымашылық станоктарында қолданылатын Ламель қызметі
Тоқыма станогының түсіру бөлшектеріне – ламель, ремизка және бердо жатады.
Ламель – негіз жіптің үзілуі кезінде станокты тоқтатуға арналған негіздерді бақылайтын бөлшек. Ламель екі саңылауы бар болатты пластина түрінде болады. Ламельдің өлшемдері және оның салмағы негіз жіптердің сызықтық тығыздығына байланысты болып келеді.Ламель жіп үзілген жағдайда станокты автоматты түрде тоқтатады. Арқауды дайындағанда иірілген жіп пен жіптерді катоктан, орамадан немесе бобинадан арнайы арқаулық ағаш шпульге түсіреді.
Талшықтардың беріктігін анықтағанда үзу салмағы мынандай болады: 5,0; 5,3; 4,8; 4,9; 6,1; 5,7; 5,4; 5,3; 6,0; 5,5 сН. Үзу салмағының орташа мәнін және беріктігі бойынша біркелкі еместігін анықтау қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет