1.​ Бір құрамды және толымсыз сөйлемдердің стилистикасы



Дата22.12.2022
өлшемі14,59 Kb.
#58931
түріҚұрамы

12 Билет


1.​ Бір құрамды және толымсыз сөйлемдердің стилистикасы.

сөздердің тұлғалық көрінісін және грамматикалық мағынасын, сөздердің құрылысын, өзгерілуін және құрамын талдап топтастырады. Стилистика ойды мәнерлі жеткізу үшін морфологиялық формаларды қандай жағдайда қалай қолдануға болатындығын қарастырады. Демек, морфологиялық тұлғадағы сөздердің, олардың варианттарының ішінен сөйлеу не жазу арқылы жеткізілетін ойдың эмоциональды-экспрессивті реңін білдіре алатындарын сұрыптап қолдану принциптерін зерттейді.




2.​ Сөздердің орын тәртібі мен күрделенген сөйлемдердің стилистикалық қолданысы.

сөйлемнің құрылысын, сөздердің тіркесу заңдылықтарын қарастырады. Ал ойды білдіретін сөйлемдердің айтылуына, қолдану тәсіліне қарай әр түрлі реңдері болады. Ол қосымша мағыналар көбінесе сөздердің орын тәртібі мен сөйлемнің құрылысы арқылы беріледі. Яғни ойды мәнерлі жеткізуде синтаксистік тәсілдердің маңызы зор. Демек, стилистика синтаксистік құралдардың мәнерлілігін, оны дұрыс пайдалану заңдылықтарын зерттейді.Синтаксистік стилистика-сөйлем арқылы қатысым және ойды жеткізудің экспрессивті-стилистикалық мүмкіндіктерін толық баяндаудың негізгі тілдік бөлігі. Синтаксистік құбылыс, сөздердің байланысу тәртібі, сөйлемнің семантикалық құрылымының стилистикалық мәні функциональдық стильдерде тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда лексика, грамматика, тілдік тәсілдер т.б. өзіне тән ерекшелігі мен маңызы айрықша орын алады.


Синтаксис-ойлау жұмысын білдіру амалы, формасы. Сонымен бірге ойлуа-рухани ізденістің нәтижесі деп табылды.
Тілде мағынасыз, мағына білдіруге қатыспайтын нәрсе жоқ. Әсіресе синтаксистік категория мен синтаксистік тұлғалар – адам ойын жинақты, тиянақты түрде білдірудің ұйымдастырушы бөлшектері де, сөйлем-ойды білдірудің негізгі формасы болып есептеледі. Стилистика синтаксистік тұлғалардың жұмсалу аясын, мағыналық құбылыстарын, кісіге етер әсерін, экспрессивтік мағыналарын тіл жұмсау шеберлігі тұрғысынан қарастырады.
Сайып келгенде, стилистиканың мақсаты – дұрыс сөйлеуге, дұрыс жазуға үйрету.
Стилистика ғылымы, соның бір саласы синтаксистік стилистика, «толғауы тоқсан» тілдің ой өрнегін дұрыс салу мүмкіншілігін қарастырады, сөз маржанын тани білуді, сөйлемді дұрыс құрай білуді үйретеді.

3.​ Құрмалас сөйлемдердің стилистикасы.


Құрмалас сөйлемдердің де жұмсалуында өзіндік стильдік ерекшеліктер болады. Функционалды стильдердің барлық тү- рінде, әсіресе, жазба-кітаби стильдерде көбірек жұмсалады.


Жазба стильдердің барлық саласында салалас, сабақтас, көп құрамды құрмалас сөйлем түрлері, күрделіленген сөйлемдер кеңінен қолданылады. Әсіресе салалас құрмаластардың жұм- салуы мәтіндерде жиі кездеседі. Мысалы: Білім беру саласын дамытудың 2020 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасы болашақта Қазақстанда білікті әрі кәсіби мамандарды даяр- лауды қамтамасыз етеді, сонымен қатар, елдің тұрақты эко- номикалық дамуына кепіл болмақ; Қазақ мәдениеті қазіргі Қазақстан жерін жайлаған тайпалар туғызған бай рухани қазынадан нәр алды, ежелгі дәстүрлерді дамыту, тың тақы- рыптарды игеру нәтижесінде кемелденді. Кезінде қазақ сөз шеберлігін, шешендік өнерін жоғары бағалаған, қазақ даласына
жер аударылған ғалым-зерттеушілердің пікірлері үлкен ойға қалдырады және орыс, батыс саяхатшылары мен этнограф- тары қазақ халқының дәстүрлі өнеріне жоғары баға берген-ді («Егемен Қазақстан» газетінен).
Логикалыққа құрылған ой-пікірді жан-жақты жеткізудің, көркемдік шынайылыққа жетудің бірден-бір құралы – құрмалас сөйлемдер. Құрмалас сөйлемдер күрделі мағыналық және грам- матикалық қарым-қатынасты беруге бейім болып келеді, бұл әсіресе ғылыми стильге тән. Ғылыми стильде күрделі ой ло- гикалық жүйелі баяндалатындықтан, дәлелдеуді, белгілі бір құ- былыс, заттың мәнді белгісін көрсетуді, ғылыми негіздеуді көз- дейтіндіктен, сөйлем құрылысы күрделі сабақтас құрмалас сөй- лемдер арқылы жасалады, ол құрмаластың бірінші жай сөй- лемінің (бағыныңқының) баяндауышы көбінесе шартты рай тұл- ғасында келіп, екінші сөйлемі ойды тиянақтап, дәлелдеп, тұжырымдап тұрады: Ерітінді қандай агрегаттық күйде болса, таза түрінде дәл сондай болатын компонентті еріткіш деп есептейді, бірақ оның мөлшері берілген жүйеде артығырақ болуы қажет;

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет