3
1 дәріс. Телекоммуникация желілерін дамыту
Дәріс мақсаты: телекоммуникацияның желілерін дамыту болашағымен
танысу.
Бірінші ғаламдық желі 1899 ж. ғаламдық
ауқымға қол жеткізген
электрлік телеграф көмегімен құрылды. Екінші болып, 1950-ші жылдарда
ғаламдық мәртебеге қол жеткізген телефондық желілер болды. Ал қазіргі
уақытта – өзара байланысқан IP-желілері (Ғаламтор 2009) және ұялы GSM
желілер байланысы барлық бұрын құрылған желілер
ішінен әлемде аса ірі
желілерді құрайды.
Телекоммуникация және ақпараттық технологиялар салаларындағы
екпінді процесс, яғни, әр келкі телекоммуникациялық қызметтерді ұсына
алатын – дауыс жіберу, видео, мәтін және т.б. әркелкілік желілерді
байланыстың мультисервистік желісіне бірыңғай бірігу мүмкіндігіне әкелді.
Байланыстың мультисервистік желісі тікелей
сандық желі негізінде
қалай құрылса, виртуалды желі негізінде де тура солай құрылуы мүмкін.
Берілістің сандық жүйесінің қарқынды дамуы (БСЖ) аналогтық беріліс
жүйелерімен салыстырғандағы (АБЖ): жоғарғы
ақауға қарсы тұратын,
берілістің байланыс линиясының ұзындығынан бастап, сапаның әлсіз
тәуелсіздігімен, байланыс арнасының электрлік
параметр тұрақтылығымен,
дискретті хабарлама және т.б. беру кезінде өткізу қабілетін қолдану әсерлілігі
осы жүйенің тікелей құндылықтарымен түсініледі.
Байланыстың заманауи желісінің даму негізінде бірігу процесстері
жатады. Бірігу процессінің негізгі даму бағыты келесілерден тұрады:
-
электронизация, яғни, электр байланысының барлық техникалары
мен технологияларының электронды базаға өтуі;
- компьютеризация – электр байланысының техникалары мен
технологияларының компьютерлермен қанығуы;
- цифровизация – сандық компоненттердің қолданыстағы желісіне
кіріспе;
- инттелектуализация, электр байланысының жаңа қызметтерінің пайда
болуы мен дамуына ықпал ету – интеграциялық
процестерді табиғи таныту
болып табылады;
- унификация, жабдықтар мен элемент базасын азайтудағы, желінің
өзара іс-әрекеті мен қызметтерін оңтайландыруда электр байланыс жүйесінің
дамуына арналған фактор;
- персоналдау, әрбір пайдаланушы бірыңғай
адрес иемденген уақытта,
оның қай желіге қосылғанына, байланыстың қай түрін қолданатынын және
қазіргі уақытта қай жерде орналасқанына қарамастан, бәрінен бұрын,
терминалдарды адрестеудің падаланушылардың бірыңғай адрестеу жүйесіне
өтуді танытады. Әлбетте, бұл бағытта интеграциялық процестерді жүзеге
асыру үшін, желілердегі қолданыстағы жүйе
адрестеулерді интеграциялау
қажет;
4
- жаһандау, ГИИ құру идеяларынан туындайтын – байланыстың қуатты
транспорттық желілерін құрайтын және пайдаланушыларға ақпаратты
ұсынатын рұқсаттаманың үлестірілген желілері;
- стандарт болып саналатын құжаттарды база құжаттарымен
стандарттау. Электр байланыс жүйесі әлемдік стандартпен үйлесімді бірігу
керек болған соң, онда байланыс саласындағы Қазақстандық стандарттары да
әлемдік стандартқа неғұрлым жақын болу керек.
Байланыстың келешегі бар желілеріне талаптар:
- мультисервистілік, ұсыну технологиясының транспорттық технология
қызметінен тәуелсіздігі түсініледі;
- кеңжолақтылық, ақпаратты жіберу жылдамдығының
кең диапазонда
пайдаланушының ағымдағы қажеттіліктеріне байланысты иілгіш және
динамикалық өзгеру мүмкіндігі түсініледі;
-
мультимейдиялық, желінің көпқұрамдас ақпаратты жібері
қабілеттілігі (дауыс, видео деректері, аудио) нақты уақыттағы осы
компоненттердің қажет синхронизациясымен және жалғаудың күрделі
конфигурациясын қолдану түсініледі;
- зияткерлілік, қызметпен басқару мүмкіндігі түсініледі, яғни, қоңырау
соғамыз және қолданушы жағынан немесе
қызмет жабдықтаушы жағынан
жалғаймыз;
- рұқсаттаманың инварианттылығы, мекеменің технологияларға
тәуелсіз қызметтерде қолданылатын рұқсаттама мүмкіндігі түсініледі;
- көпоператорлылық, бірнеше оператордың қызмет көрсету процесінде
қатысу мүмкіндігі және олардың жауапкершіліктерінің мамандыққа сәйкес
бөлінуі түсініледі.