Реферат Оқушылардың даму физиологиясы Тақырыбы: Жүйке жүйесінің дамуы



бет1/5
Дата14.03.2023
өлшемі154,83 Kb.
#74021
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Реферат





Реферат
Оқушылардың даму физиологиясы

Тақырыбы: Жүйке жүйесінің дамуы
Орындаған: Акласов А.
Тексерген: маг.оқытушы Талдыбай А.

2023
Жоспары:


Кіріспе
Негізгі бөлім:
І. Адамның жүйке жүйесінің дамуы және оның кезеңдері
ІІ. Адамның жүйке жүйесінің бөлімдерінің дамуы
1. Ми құрылысы мен қызметі
2. Жұлынның құрылысы мен қызметі
ІІІ. Сенсорлық қызметтердің дамуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер


Жүйке жүйесінің дамуы
Кіріспе
Жүйке жүйесі өте нәзік те, күрделі аспап болып табылады. Ол төменгі даму сатысындағы тірі ағзаларда рецепторлар мен бұлшық еттер арасындағы жай ғана байланыстыру рөлін атқарады. Жоғары дамыған ағзаларда оның құрылымы күрделене келе, қоршаған орта мен ағза арасындағы өзара байланыстардың барған сайын күрделі қызметтерін өз міндетіне алады. Адамның қызметі әлеуметтік факторлармен айқындалады, сондықтан жүйке жүйесінің осы қызметтері адамда өз кемеліне жетеді. Бұл жүйке жүйесінің міндетті. Дамудың жоғарғы сатысындағы жануарлардың көбінде жүйке жүйесі басқа мүшелер мен ағза жүйелерімен тең дәрежелі жүйеге жатпайды. Ол басқа жүйелермен, мысалы қан айналым, ас қорыту, бөлу жүйелерімен, бір қатарға қойыла алмайды. Жүйке жүйесі ағзаның өзге мүшелерімен және жүйелерімен мүлдем басқа өзара байланыста болады. Жүйке жүйесі олардан үстем тұрып, жоғарғы қызмет атқарады. Ми денеде өтетін барлық процестерді өз қарамағында ұстайды. Мидың аса күрделі құрылысы мен қызметімен және адам ойы тудырған ғылыми, техникалық және өнер салаларындағы ұлы жетістіктермен танысу мынандай сұрақтардың қойылуына итермеледі. Адам миы өзіне тән құрылыс ерекшеліктеріне о баста ие болды ма, жоқ әлде бұл күрделі мүшенің қалыптасуы біртіндеп жүрді ме, және ақырғысы, бұл дамудың кезеңдері қандай болды? Қазіргі ғылымда адамның дамуы, оның онтогенезі филогенездік тұрғыда оның алыстағы арғы тегі болып табылатын жануарлардың күрделі түр түзілу тізбегінен ажыратылып бөлек қарастырыла алмайтындығы жайында күдік тумайды. Эволюциялық теорияның қазіргі таңда күмәнсіз болып отырған осы негізгі қағидасы бірқатар буындағы ғалымдардың арасында болған қатаң келіспеушіліктерінің нәтижесінде тұрақты бекітілді. Жердегі өмірдің туу мәселесі жайында бірнеше ғасырлар бойы созылған үлкен келіспеушіліктер көзінің бірі тірі организмдер өзінің құрылыс түрлерінің тұрақтылығымен о бастан ерекшеленді ме, әлде олардың дамуы қарапайым түрден күрделіге қарай біртіндеп жүрді ме деген сұрақ болды.
Адамның жүйке жүйесінің дамуы және оның кезеңдері
Адам ұрығын жатыр ішілік дамудың әртүрлі кезеңдерінде зерттеу (4 айға дейін) және оны басқа омыртқалылардың ұрығымен салыстыру олардың құрылысының кейбір ортақ ұқсастықтарын анықтады. Осы бағытта К. М. Бэр, А. О. Ковалевский және А. Н. Северцов өткізген жұмыстар 1864 жылы неміс ғалымы Э. Геккельге адам ұрығының даму барысында өзіне дейінгі төменгі қатардағы омыртқалылардың барлық даму кезеңдерін қайталайтындығын пайымдаған пікірін жариялауға мүмкіндік берді. Бұл пікір кейінірек ғылымға Геккельдің биогенетикалық заңы атауымен енген. Ол бойынша онтогенез филогенездің қысқартылған қайталануы ретінде қарастырылады. Биогенетикалық заң біраз қарсылықтар тудырды және, әрине, ол қатаң заң болып санала алмайды. Әрине, жануарлар әлемі өзінің мыңдаған жылдардағы тіршілігінде басынан өткізген барлық сатыларын объективті түрде бақылап шығу мүлдем мүмкін емес және олардың адам эмбрионында бейнеленіп сақталып қалуы керек деген пікір толығымен қабылдануы да мүмкін емес. Бірақ адамның эмбрионы кейбір өтпелі сипаттағы жауапты кезеңдерді өтетіндігі күмәнді емес, бірақта оны қатаң әрі әділ дәлелдеу қиын, сондықтан да мүмкін емес. Жүйке жүйесінің қалана бастауын байқау мүмкіндігі ұрықтың екі апталығында болады, ол табақша түрінде көрінеді. Жүйке жүйесі ұрықтың эктодерма жапырақшасының арқа жотасынан түзіледі (21-сурет). Көп кешікпей табақшаның шеттері біртіндеп бүгіліп, науа жасайды. Бұл науа ұрықтық жүйке жасушасынан құралған – нейробласттар мен спонгиобласттар. Одан әрі қарай біріншілерінен неврондар, ал екіншілерінен глиозды жасушалар дамиды. Біртіндеп науаның алдыңғы және төменгі ұштарынан басқа шеттері бітісе бастайды, сөйтіп медуллярлық түтік немесе ми түтігі түзіліп, ол ұрықтың ішіне қарай батады. Ұрық дамуының 4-ші аптасында ми түтігінің алдыңғы ұшы біркелкі емес дамып, үш көпіршік түрінде кеңейеді. Одан әрі алдыңғы және артқы көпіршіктер қайта бауланады да, бес ми көпіршігі пайда болады, олар мидың негізгі бөліктерін құрайды. Ең соңғы (бесінші) көпіршіктен сопақша ми түзіледі, төртінші көпіршіктен Варолиев көпірі мен мишық, ортаңғы (үшінші) көпіршіктен ортаңғы ми, ал екінші көпіршіктен көру төмпешіктері (таламус), гипоталамикалық аймақ және қыртыс асты түйіндерінің бір бөлігі – паллидум (бозғылт шар) түзіледі. Медуллярлы түтіктің оральды бөлімінен (алдыңғы,яғни бірінші ми көпіршігінен) ми жарты шарлары және қыртыс асты құрылымдарының басқа бөлігі – неостриатум (жолақ дене) түзіледі.
Ми түтігінің бүйір бөліктерінде орналасқан жасушалардан жұлын пайда болады. Ми түтігінің қуысы жұлынның арнасына айналады, ол алдыңғы бөліктерін кеңейіп, мидың қарыншаларын түзеді. Жұлынның дамуы мидың дамуына қарағанда қарқынды жүреді. Әдетте ол үш айлық ұрықта негізінен түзіліп болады. Ми көпіршіктерінің дамуы біркелкі өтпейді. Тік болған ұзындық осі иіліп, үш бүгіліс жасайды. Мидың алдыңғы көпіршігі қарқынды өседі, одан мидың жарты шарлары мен қыртыс асты түйіндері дамиды. Төрт айлық ұрықта салына бастаған сайлар мен қатпарлар байқала бастайды, ал бесінші айында әлдеқайда жақсы білінеді. Ұрықтың миы босану кезіне қарай сыртқы белгілеріне қарағанда жеткілікті қалыптасқандай болады. Нәрестелердің миында ересек адамдардағыдай, бірақ кішірейтілген түрде барлық сайлар мен қатпарлар болады. Жүйке талшықтарының миелиндену үрдісі эмбриональды өмірдің төртінші айында басталып, негізінде екі-үш жаста аяқталады, бірақ миелин қабатының ұлғаюы организм өсуінің барлық кезеңінде жүруі мүмкін (А. М. Гринштейн). Нәресте миының салмағы әдетте ұл балаларда 370 г, ал қыз балаларда 360 г болады. Мидың салмағы әдетте 8-ші – 9-шы айда екі еселенеді. Ми салмағының өсуі әдетте еркектерде 19-20 жаста, ал әйелдерде 16-18 жаста тоқталады.
Баланың үлкен жарты шарларының қыртысын микроскоппен зерттегенде оның нейрондарының құрылысы мен басқа омыртқалылардың нейрондарының құрылысы арасында айырмашылық бар екендігі аңғарылған. Мұнда ядроның үлкен көлемділігі және өсінді бұтақтар жүйесі жақсы дамығандығы байқалады. Бұл адам миына тән байланыстардың бай болуының себебі болып табылады. Қыртыс алаңдардың құрылысында да айырмашылықтар болады, ол аймақтардың қалыптасуы ұрықтың алты айлық кезінде-ақ басталады. Баланың миының қыртыстық алаңдары жасушалар мен талшықтардың өзіндік құрылысымен ерекшеленеді. Осындай артықшылықтар тек адам миына ғана тән. Жоғары омыртқалылардың, соның ішінде маймылдардың, үлкен жарты шарларының қыртысында бұған ұқсас түзілістер жоқ. Көрсетілген қыртыстық құрылым онда дамитын тек адамға ғана тән жоғарғы жүйке қызметінің, яғни сөйлеу мен оған байланысты абстрактылы ойлау қабілетінің материалдық негізі болып табылады. Міне сондықтан әртүрлі зерттеушілердің маймылды сөйлеуге, жазуға үйретуге тырысқан тәжірибелері нәтижесіз болды (А. Келлер, Е. А. Ладыгина-Котс, В. Дуров және т.б. тәжірибелері). Осы күрделі қызметтердің қалыптасуы үшін жоғары омыртқалылардың қыртысында сәйкес келетін материалдық негіз жоқ.
Жүйке жүйесінің даму кезеңдері:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет