1 ДӘріс «ветеринариялық эпидемиология 1,2» ПӘнінен дәрістер курсы



бет1/2
Дата14.09.2023
өлшемі20,8 Kb.
#107351
  1   2
Байланысты:
ДӘРІС-№1


1 ДӘРІС
«ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ЭПИДЕМИОЛОГИЯ 1,2 »
ПӘНІНЕН ДӘРІСТЕР КУРСЫ
ВЕТЕРИНАРМИЯЛЫҚ ЭПИДЕМИОЛОГИЯ ПӘНІ МЕН МІНДЕТТЕРІ. ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ



  1. Ветеринариялық эпидемиология пәні оның мақсаты

  2. Ветеринариялық эпидемиология тарихы және оның жетістіктері

  3. Жалпы және жекелей Ветеринариялық эпидемиология

  4. Ветеринариялық эпидемиология негізгі әдістері

  5. Инфекция, инфекциялық процесс және инфекциялық аурулар туралы түсініктер

  6. Инфекциялық аурулардың қоздырушылары және олардың инфекциядағы маңызы мен зардаптылық қасиеттері

  7. Инфекцияның түрлері

  8. Инфекциялық ауруларды жіктеу



Ветеринариялық эпидемиология (ветеринариялық індеттану) – індет процесін (жануарлар арасындағы жұқпалы аурулардың пайда болу, байқалу, таралу, басылу және жоғалып кету заңдылықтарын зерттейтін) және осының негізінде жұқпалы аурулардың алдын алу және жою әдістерін қарастыратын ғылым.
Індеттану екі түбірден тұратын қазақтың төл сөзі: бірінші түбірі - індет - жұқпалы аурудың кең ауқымды таралуы, ал екінші - тану - білу, яғни ғылым деген мағынаны білдіреді. Ал батыс тілдерінде "эпизоотология" аталады және же ол да екі түбірден тұрады: эпизоотия /грекше epі - арасында, zoon - жануар/ және logos - ғылым.
Ветеринариялық эпидемиология пәнінің құралы - індет процесі болып табылады. Індеттану екі мәселені қарастырады:
- біріншіден, жұқпалы аурулардың пайда болу себептерін, бір аурудың әр түрлі байқалуын, басылуын және жоғалып кетуін (яғни, індет процессінің маңызы), сонымен қатар, аталмыш процесстің даму қарқындылығына қоршаған ортаның әр түрлі жағдайларының әсерін зерттейді. Басқаша айтқанда, індет процессі індеттану пәнінің құралы болып табылады.
- екіншіден, жұқпалы аурулардың алдын алу және жою тәсілдерін жасап, жетілдіреді. Індет процессінің даму заңдылықтарына адамның белсенді түрде қатысуын қарастырады.
Адам баласы ерте заманнан-ақ жануарлар арасында байқалатын жұқпалы ауруларға көңіл бөле бастаған. өйткені олар тағы аңдарды қолға үйретіп, одан кейін мал шаруашылығымен айналыса бастаған кезде-ақ малдардың әр түрлі ауруларымен, олардың ішінде жұқпалы ауруларымен де кездесті.
Орта ғасырда (18 ғасырдың басында) инфекциялық аурулар өте кең етек алды. Сол кезде тек сиыр обасынан ғана 30 жылдай уақыт ішінде 200 млн. бас ірі қара өлім-жітімге ұшырады. Тек осыдан кейін барып ғана сол тұстағы басшылық еткен императорлар, корольдар жиналып, аурулардан құтылу жолдарын қарастырып, ол үшін мамандар дайындау керек, мектептер ашу керек деген ортақ шешімге келеді. Осы шешіммнен кейін барып мал дәрігерлігі мамандығы тарала бастады, яғни осы оба ауруының арқасында. Алғашқы ветеринарлық мектептер ашылды (Лионда), кейінірек олар университеттерге айналды. Сондықтанда біздің ақ халат киіп мал дәрігері болуымызға осы сиыр обасы себепші болды.
1546 жылы италян дәрігері Джираломо Фракастроның " Жұқпалы аурулар туралы, жұқпалы аурулар және емдеу туралы" кітабы жарық көрді. Сонымен қатар, Дж. Фракастро әлемдік эпизоотологияның негізін салушы болып табылады және осы жылдан бастап, індеттану пәні пайда болды.
Накты атап айтқанда, осы итальяндық ғалым, «Жұқпалы аурулар туралы, жұқпалы аурулар және емдеу туралы» (1546) кітабында инфекцияның (жұқпалы аурудың) материалдық принцип екенін жазып, алғаш рет бұл терминді қолданған. «инфекция». Оның пікірінше, инфекция үш жолмен жүреді: байланыс арқылы, яғни жанасу кезінде, заттар арқылы және қашықтықта ең кішкентай, көрінбейтін жұқпалы аурулардың қатысуымен.
Індеттану жалпы екі бөлімнен тұрады: жалпы және жекеше індеттанудан.
Жалпы індеттану індет процессінің барлық немесе көптеген жұқпалы ауруларға тән заңдылықтарын қарастырады.
Жекеше індеттану жеке аурулар кезіндегі індет процессін зерттейді. Мысалы туберкулезді, бруцеллезді, топалаңды және т.б. індеттік ерекшеліктерін, дерттенуін, клиникалық белгілерін, емін, балауын, дауалауын, күресу шараларын қарастырады. Жалпы індеттануды түсінбей, білмей жеке індеттануды түсіну өте қиын болады. Мысалға айталы шаруашылықта 10 түрлі ауру бар дерлік. Егер сіздер жалпы індеттануды жақсы білсеңіздер, онда 10 аурумен жеке-жеке күреспей бәріне қарсы ортақ шараны қолдану арқылы 10 аурудың бәрінен де құтыла аласыздар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет