1. Е. Омарұлы және оның «Пішіндеме» оқулығы. Қ. Сәтбайұлы және оның «Алгебра» оқулығы



бет1/2
Дата16.03.2022
өлшемі307,6 Kb.
#28217
  1   2
Байланысты:
математика-9апта


1.Е.Омарұлы және оның «Пішіндеме» оқулығы.

2. Қ.Сәтбайұлы және оның «Алгебра» оқулығы.

3.Т.Қ.Оспановтың әдістемелік жүйесі.

4.Б.М.Қосановтың еңбектері.

5.Кеңес бастауыш мектебінде 1930-60 ж.ж. математиканы оқытудың ерекшеліктері.

6.Жаңашыл ұстаздардың (Ш.А.Аманашвили, С.Н.Лысенкова, В.Ф.Шаталов) іс-тәжірибелері.

7.Қазақстанда бастауыш математиканы дамыту оқыту мәселелерін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан зерттеген ғалымдар.
Кітапқа Елдес Омарұлының 1928 жылы жарық көрген «Пішіндеме» атты оқулығы, 1935,1940 жылдары жарық көрген, Н.Рыбкиннен аударған «Геометрия есептерінің жинағы. Стереометрия» енген. Қазақ тілінде геометрия терминдерін қалыптастырған бұл еңбектері жұрт назарына алғаш рет ұсынылды. Бүгінгі таңда «Физика» оқулықтарын жазатын мамандар, аудармашылар, сала терминдерін, қазақ тіл біліміндегі терминдердің қалыптасып, дамуы, қазақ әдеби тілінің тарихын зерттеуші мамандар үшін таптырмас құрал.Филология факультеттерінің докторант, магистрант, студенттеріне, көпшілік қауымға арналады.

Мәселен, оның «Пішіндеме» (геометрия) оқулығындағы мына атаулардың барлығы да автордың қаламынан туындаған терминдер: аудан, аттас көбкіл, берне, бернелес шама, бет, бөлу амалы, буын, доға, дөңгелек, жанама, жарма, жиек, екінші дәрежелі өрнек, еселік арасы, керме, кесе, кесінді, көбкіл, көлденең, кіндік сызығы, кіші кесінді, кіші өріс, қабырға, қар, қатар сызық, қима, қиықша, қия, қоршаулы бұрыш, қостабан, құрылымдастық, одағай сан, ортан бөлек, өлшемдестік, өлшеуіш, өріс, өрістік, өсінді, пішін, ұқсастық, ұлы өріс, сүйір бұрыш, табан, ен, пішіндеме, сабақтас пішіндер, сабақ кіндігі, саты, сыртынан сабақтас пішін, текше, тетік, төбе, түбір, тікше, тұрлаулы шама, тұрлаусыз шама, түзу сызық, түйін, теңгіл, тік бұрышты үшкіл, тең бүйірлі үшкіл, үлес, үшкіл, шаршы, шек, шеңбер, ыңғайластық, ыңғайлас пішін, ішінен сабақтас пішін т.б.

Ғалым тілде бұрыннан бар бірқатар бет, буын, жиек, өріс, табан, ен, төбе, түбір іспеттес  сөздерді пән сөзі ретінде қолданып, оларға терминдік мағына жүктесе, енді бірқатар терминдерді жаңадан жасайды. Ондай жаңа терминдерді өзге тілдерге жүгіне бермей, қазақтың өз сөздерінен өрбітеді.

Елдес Омарұлының жаңа терминдердің түсініктілігі туралы сонау жиырмасыншы ғасыр басындағы айтқан пікірі күні бүгінге дейін құнын жоғалтқан жоқ. Ол былай деп жазады: «Бұрын естілмеген жаңа сөз елге бірден түсінікті бола қоймайды. Бірақ пән сөз қазақтың өз тілінен алынып, мағанасы аз да болса тиісті ұғымды сездірерлік болса, оны түсіну қиын болмайды. Сондықтан пән сөзді қолдан келгенше қазақтың өз тілінен алу керек».

Бұл тұжырымы арқылы ол  алдымен «пән сөзді қолдан келгенше қазақтың өз тілінен алу керек» дей отырып, екіншіден, неліктен сол пән атауларын ұлт тілінен алу керектігіне жауап береді. Қазақ зиялысының терминтану ғылымы едәуір дамыған кейінгі кезеңдерде сөз болған мәселелерін ерте ұғынып, тіліміздің терминологиясын қалыптастырудың алғашқы жылдарында-ақ айтып кеткендігі ерекше назар аудартады. Бұл оның асқан аңғарымпаз, өресі биік, зерделі жан екендігін көрсететін фактор.  Біздің бұл жерде айтып отырғанымыз – «термин ұғынықтылығы» мәселесі. Бізде күні бүгінге дейін «терминді өзге тілден алғанда тұрған ештеңе жоқ» деген пікір үстемдік етіп келеді. Кеңестік дәуірде көп насихатталған осы пікірді жақтаушылар қазір де аз емес. Ал Елдес Омарұлының айтып отырғаны – терминнің атау болған ұғымы жөнінде мәлімет беріп тұруы. Ол дегеніміз – сол терминнің жасалуына негіз болған сөздің мағынасы тілді тұтынушыға түсінікті болып, ұғым жөніннен хабардар етуі. Ұлт тілінің өзінен алынған сөздің мағынасы сол тілде сөйлейтіндер үшін  көмескі, жат болмайды. Сондықтан да белгілі бір ұлттың тіліне негізделіп жасалған атау жаңа сөз болса да, тез ұғынылады, оңай түсініледі. Елдес Омарұлының «пән сөз қазақтың өз тілінен алынып, мағанасы аз да болса тиісті ұғымды сездірерлік болса, оны түсіну қиын болмайды» деп отырғаны осы. Орыс, неміс терминтанушы ғалымдарының кейінгі 20-30 жыл көлемінде айтып жүрген «термин мағынасының ұғынықтылығы» (прозрачность термина) дегені осы. Көріп отырғанымыздай, қазақ тіл білімінің мамандары бұл мәселеге жиырмасыншы ғасыр басында-ақ назар аударған.

Елдес Омарұлы термин жасау кезінде жұрнақтарды дұрыс пайдалануға алғаш мән берген қазақ зиялыларының бірі. Ол сөзге жалғанғанда тұрақты мағынаны білдіретін -лық, -шы,  -шыл, -лы, -сыз, -уыш, -тар сияқты жұрнақтарды «тұрлаулы жұрнақтар»  деп, ал ондай тұрақты мағынасы жоқ –қ, -н, -ақ тәрізді жұрнақтарды «тұрлаусыз жұрнақтар»  деп екіге бөледі.

Елдес Омарұлының «тұралуы жұрнақ» және «тұрлаусыз жұрнақ» терминдері Ахмет Байтұрсынұлы жасап қалыптастырған «тұрлаулы мүше», «тұрлаусыз мүше» терминдерінің үлгісімен жасалған. Сондай-ақ жоғарыда атап көрсеткеніміздей, оның 1928 жылы Қызылордада жарық көрген «Пішіндеме» оқулығындағы «тұрлаулы шама», «тұрлаусыз шама», «сабақтас пішін» (сабақтас сөйлем), «одағай сан» (одағай сөз) терминдері де Ахаң үлгісімен жасалған атаулар.

Қ.Сәтбаевтің «Алгебра» оқулығының ішкі мән-мазмұнына тоқталмас бұрын, Киселев және оның «Алгебрасы» туралы бірер сөз айтып өтуді жөн көрдік.

Киселев Андрей Петрович (1852 – 1940) – орыс және кеңес педагогы, мектеп математикасының негізін қалаушы. Өте қарапайым отбасында дүниеге келеді. Андрей алты баланың ең кішісі болады. Орлов гимназиясын «Алтын» медальға бітірген Киселев 1871-1875 жылдары Петербург университетінің физика-математика факультетінде  П. Л. Чебышёв, А. Н. Коркин, Е. И. Золотарёв, О. И. Сомов секілді профессорлардың шәкірті болып, білімін жетілдіреді. Математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған А.П.Киселев 1875-1901 жылдары 15 жылдан аса математика пәтнінен сабақ беріп, мұғалімдік қызметін атқарған. Тек, 1901 жылы зейнетке шығып қана  өзінің сүйікті ісі математика, арифметика, физика, геометрия пәндеріне оқулық жазумен айналысады. Әрине, Киселев бұл оқулықтарды мектепте мұғалімдік қызметте жүрген кезде жазып, жартылай дайындап та қойған болуы керек. Маңыздысы ол емес, маңыздысы оның математика пәніне арналған оқулықтары бүгінгі күнде де аса қажетті, өзекті оқулықтардың қатарынан табылып отырғандығында. Оны К. Д. Ушинский атындағы Мемлекеттік ғылыми педагогикалық кітапхана директорының орынбасары Л. Н. Аверьянованың: «А. П. Киселев педагогика және орта мектепте математиканы оқыту дәуірінің негізін орнатты. Оның математика оқулықтары 60 жылдан астам уақыт бойы отандық мектептегі ең тұрақты оқулықтар ретінде ұзақ өмір сүру рекордын орнатты», - деген пікірінен анық байқаймыз. Киселев математика ғылымы саласын бірнеше оқулықтармен толықтырды. Оның: «Элементарная алгебра» (1888), «Элементарная геометрия» (1892—1893), «Краткая арифметика для городских училищ» (1895), «Краткая алгебра для женских гимназий и духовных семинарий» (1896), «Физика» (две части) (1908), «Краткая арифметика для высших начальных училищ» (1917), «Краткая арифметика для городских уездных училищ» (1918), «Элементы алгебры и анализа» (чч. 1—2, 1930—1931) секілді бірнеше оқулықтары бар.

Киселевтің жазған оқулықтары өз заманында ғана емес ғасырлар бойына сұранысқа ие екендігін ескерсек, Қ.Сәтбаевтің «Алгебра» оқулығын дәл Киселевтан аударғаны өте сәтті таңдау деп айтуымызға толық негіз бар.

2011 жылы жарық көрген «Қаныш Сәтбаев энциклопедиясының» жазуы бойынша: «1918 жылы 19 жастағы Қаныш Имантайұлы Томск технология институтының математика факультетіне оқуға тапсыруға дайындала бастайды. Ол сол кезде Томск университетінің математика факультетін бітірген, Семейде еңбек ететін Ғарифолла Нығметуллин деген мұғалімнен қыс бойы математика пәні бойынша қосымша сабақ алады. Бірақ, 1919 жылы Қаныш қатты ауырып ауруханаға түседі. Ауруханада емдеген дәрігер С.Н.Разумовский науқасқа бұдан былай ауылға барып қымыз ішіп емделу керектігін айтып, оқуы тоқтатылады» [1, 23]. Міне, өмірінің осы кезеңінде ауылда ем алып жүрген оқымысты Қаныш ауыл балаларының математикадан сауатын ашып, мұғалімдік қызметін бастап та кетеді. Небәрі 20 жасар Қаныш 1919 жылы тәжірибе ретінде мектеп оқушылары үшін «Алгебра» оқулығын жаза бастайды. Қ.Сәтбаевтің «Алгебра» оқулығы 1924 жылы толықтырулар мен жөндеулерден өтіп, қолжазба күйінде Халық ағарту комиссариатының ғылыми-әдеби кеңесінде математикалық оқулық ретінде мақұлданып, баспаға ұсынылады. Бірақ, баспада оқулық ішіндегі алгебралық жазбаларды белгілейтін шрифтар мен матрицалардың болмауына байланысты, «Алгебраны» басып шығару мүмкін болмады. Сол себепті де оқулық 1927 жылы Мәскеудегі Центриздатқа жіберіледі. Мұнда да, «Центриздат» пен «Казиздат» баспаларының арасындағы түсініспеушіліктің салдарынан оқулық тағы да баспадан жарияланбай қалады. Осы оқулықтың үнемі кедергіге ұшырап, жарыққа шықпай қалуы жөнінде Халықаралық Қ.И.Сәтбаев қорының президенті Кәкімбек Салықов былай дейді: «Автор ретінде Қ.Сәтбаев бұған қатты алаңдаушылық білдіріп, бұл баспаларға бірнеше мәрте хат жолдағанымен, ешқандай нәтиже шыға қоймайды. Мұнан кейін 1929 жылы латын алфавитіне ауысуға байланысты Қ.И.Сәтбаев оқулықтағы формулаларды бастан-аяқ латын әріптерімен түзеп шығып, 03.03.1929 жылы латынша көшіруге тапсырады. Сөйтіп, қолжазба қайта латыншаға көшіріліп, қайтадан баспаға өткізіледі. Бірақ, 30-жылдардан бастап Қазақстанда біртіндеп кеңестер одағына бірыңғай, ортақ оқу бағдарламалары мен аударма оқулықтарға көшу басталып кетеді де, Қ.И.Сәтбаевтің «Алгебра» оқулығын басып шығару ісі аяқсыз қалады» [2,4],- дейді.

Біз жоғарыда Қаныш Сәтбаев «Алгебра» оқулығын орыс ғалымы Андрей Киселевтан аударғанын айтып өттік. «Сәтбаев аудармасы қай дәрежеде аударылған? Оқулықтың ғылымилығы мен сапасы қандай? Сәтбаев Киселевтан тек аударып қана қойған ба?», - деген  сұрақтар төңірегінде ойымызды өрістетсек.

Біздің қолымызға түскені Киселевтің 1908 жылы баспадан шыққан «Элементерная алгебра» оқулығының 2005—2006 жылдары «Алгебра» деген атпен қайта жарық көрген нұсқасы. Осы 1908 жылғы «Элементарная алгебра» оқулығының «алғы сөзінде» былай деп жазылған: «Оқулық авторы оқулыққа қойылатын ең негізгі үш талапты сақтаған. Олар: тұжырымдамалар мен анықтамалардағы дәлдік, есептердегі қарапайымдылық және күрделілік»,-дейді. Расымен де автор оқулықта осы үш негізгі талапты басты назарда ұстаған. Автор анықтамалар мен тұжырымдамаларды нақты және дәл бере отырып, қарапайым есептерден күрделі есепке, яғни оңайдан қиынға қарай жүріп отырған. Сәтбаев та Киселевтің ізімен алгебра курсын оқытудағы осы негізгі үш талапты қатаң түрде сақтаған.

Алаш зиялылары ХХ ғасырдың басында мектептерде оқулықтардың жетіспеушілігінен оқулықтар мен оқу құралдарын жазып, аударумен айналысқанын білеміз. Аударма ісі де үлкен білім қоры мен таудай еңбекті қажет етеді. Тіпті, Алаш оқымыстыларының өздері де өз заманында аударма ісіне байланысты газет беттерінде бірнеше мақалалар жариялап, өз оқырманымен ой бөлісіп отырған. «Орыс тілінде жазылған кітаптарды қазақшаға аударушылардың есіне салатын бір сөз бар. Осы күнде үлкен-үлкен пән кітаптарын, уақ кітапшаларды (брошюра), әдебиет әңгімелерін қазақшаға әркімдер аударып жүр. Аудармалардың (перевод) кейбірі жақсы, кейбірі жаман делініп, сын, тексеру жазылып жүр. Аудармаға қандай шарт, қандай тілек қоюымыз керек? Қайткенде аударма дұрыс болады? Бір пікір бар: сөзге сөз тауып, орысшасынан бұлжытпай, дәл қылып аудару керек,- дейді. Тағы бір пікір: сөзге сөз тауып, дәл аудару керек емес. Оқушының ұғымына лайықтап, қазақтың өз тіліне, тілінің заңына, өзгешелігіне қарай аудару керек,- дейді. Қайсысы дұрыс? Біздің ойымызша, екеуі де өз орнында дұрыс болуға тиіс. Белгілі ереже, заң өрнек ұғымдарын баяндайтын, бұрақтатса мазмұны (мәнісі) бұзылатын сөздерді, сөз жоқ, дәл қылып аудару керек. Мұндай сөздер, көбінесе, пән кітаптарында, математика заңдас ғылымдарда жолығады» [3, 4],-дейді Жүсіпбек Аймауытұлы. Алайда, Сәтбаев «Алгебра» оқулығын аударып-жазу барысында Киселевтің оқулығын негізгі бағдаршам ретінде ұстап, оның барлық жүйе мен формасын сақтағанымен оқулықтың мазмұнын өз жанынан өзгерткенін байқаймыз. Яғни, Жүсіпбекше айтсақ, орысшасын бұлжытпай дәл, ал кейде қазақ оқушысының таным-түсінігіне сай да аудара білген.

Жалпы, Қ.Сәтбаевтің «Алгебрасы» 11 бөлімнен тұрса, Киселевтің «Алгебрасы» 2 кітаптан, 1-кітабы 6 бөлімнен, ал 2-кітабы 12 бөлімнен, барлығы 18 бөлімнен тұрады. Бұл жерде Сәтбаев оқулығында бөлім саны қысқартылса да Киселевте берілген тақырыптардың барлығы қамтылған. Сәтбаев көбіне кейбір тақырыптарға жеке бөлім арнауды керек деп санамай, оларды тек бір бөлімнің ішіне кіріктірген.

Енді екі оқулықтың ішкі мазмұнын салыстырсақ... Киселев «Алгебрасының» «Уравнения первой степени» атты 4-бөлімінде: «Школа закупила толстых и тонких тетрадей всего 80 штук. Толстая тетрадь стоит 35 коп., тонкая 4 коп. Сколько было куплено тех и других тетрадей, если уплачено 9 руб.40 коп.? [4, 95]»,- деген теңдеу құруға арналған мәселе есебін Сәтбаев «Бірінші дәрежелі бір белгісізді теңдеулерді шығару» деп аталатын V-бөлімінде былайша береді:



«Үш тұяқ күмістің салмағын бір қоссақ, 33 қадақ болады. 1-ші тұяқ қалғандарынан үш қадақ ауыр. Тұяқтардың әрқайсысының салмағы неше қадақтан болғаны?

Екі ауылдың қойларының жалпы саны – 220, егер де 1-ші ауыл 2-ші ауылға – он төрт қой берсе, екі ауылдың қойы теңесер еді, әр ауылда неше қойдан болған еді? [2, 177]. Мына есептерді оқып отырған оқушыға «тұяқ» та, «ауыл» да, «қой» да, «саудагер» де, «пұл» да бәрі түсінікті. Ары қарай тек көз алдына елестетіп, ойланып, есепті шығарып, жауабын табу ғана қалды.  Бұл жерде Сәтбаев Жүсіпбектің «Оқушының ұғымына лайықтап, қазақтың өз тіліне, тілінің заңына, өзгешелігіне қарай аудару керек» деген аудармаға қойылатын екінші талапты ұстанғанын анық байқаймыз.

Алайда, Сәтбаев оқулықты аудару барысында әрдайым бұл талапты ұстанып отырмаған. Термин сөздерді жасап, қазақшаға аудару кезінде Жүсіпбекше айтсақ: «сөзге сөз тауып, дәл аудару керек,- деген бірінші талапты ұстанғанын көруімізге болады. Сәтбаев кейбір термин сөздердің негізгі атауын жақша ішіне жазып барынша қазақшалаған. Бірақ бәрін емес, кейбір сөздерді ғана. Олар: «Қоршау – жақша, действия – амалдар, өрнек – формула, возведение в степень – дәрежеге сатылау, относительные величины – бағытты шамалар, противоположные числа – бұрыс және теріс сандар, положительное направление – дұрыс шама, отрицательное направление – теріс шама, одночлен и многочлен – бірмүшелі және көпмүшелі әлпеттер, коэффицент – сан өшіргіш (копицент), функция – берне (функция), график – сызба,   - шексіз, куб – текше, квадрат – шаршы, соединения и Бином Ньютона – Құрастырулар. Ньютон қосмүшелігі және үздіксіз бөлшектер» деп терминдерді қазақшалаған. Мұнда математикалық термин сөздердің аудармасы сауатты және бүгінгі ғылыми математикалық термин сөздерге сәйкес келіп тұрғанын анық байқаймыз. Сонымен қатар, Сәтбаев тек термин сөздерді ғана емес өлшем бірліктерді де қазақтың тұрмыс-тіршілігінде қолданатын сөздермен алмастырған. Олар: «қарыс (19-20см)», «үш торсық су (2,5 литр)», «сүйем (17-18см)», «елі (2см)», «қадақ(200гр)».

Киселев «Алгебра» оқулығында көп дүниелерді, мысалы, арифметикадағы қосу («+»), алуды («–») түсіндірмейді, себебі, ол бұл тақырыптарға өзінің «Арифметика» (1884 ж) кітабында кеңінен тоқталған. Ал, Қ.Сәтбаев Киселевтің оқушыға түсінікті деп санаған («Арифметика» оқулығында айтылып қойған) амалдарды егжей-тегжейіне дейін жазған. Мысалы, Киселевта: «Действия, рассматриваемые в алгебре, следующее: сложение, вычитание, умножение, деление, возведение в степень и извлечение корня. Что такое первые четыре действия, известно из арифметики... [4,9], - деп көбейту, бөлуден бастап түсіндіреді. Ал, Сәтбаев: «Алгебрада 7 есеп амалы қолданылады. Олар: қосу, алу, өсіру, бөлу, дәрежеге сатылау, түбір табу... Бұлардың соңғысына кейін тоқталамыз. Әзірше жоғарғы алтауының мәнін анықтайық»,- деп «қосу», «алудан» бастап оқушыға неғұрлым оңай, түсінікті болу амалдарын қарастырады.

Киселевтің «Относительные числа и действия над ними» атты ІІ-бөлімін Сәтбаев «Бағытты шамалар, дұрыс және теріс сандар» деп аударған. Киселев бұл бөлімінде де «қосу» мен «азайтуға» тоқталмай бірден «Умножение относительных чисел» («Бағытты шамалардың көбейтіндісі»), «Деление относительных чисел» («Бағытты шамалардың бөліндісі») деген тақырыптан бастаған. Осы мысалдарға қарай отырып, Киселевтің оқулығы математикадан біраз дайындығы бар, яғни 6-7 сынып оқушыларына арнап жазылған оқулық деп айтамыз.  Сәтбаев оқулық жазуда Киселевтің өзі қойған дәлдік, қарапайымдылық және күрделілік талаптарын қатаң сақтап, осы үш талапты, оның ішінде екінші талап «қарапайымдылықты» ұстануда автордан да асып кетеді. Сәтбаев оқулығының негізгі ерекшелігі – жеңілден күрделіге қарай, қарапайым тілде математикалық тақырыптарды жіктей келе, топтастыра беріп отырғандығында.

Жоғарыда Киселевтің арифметиканың алғашқы курстарын үйрететін 1-4 сынып оқушыларына арналған «Арифметика» оқулығын жазғанын және сол себепті де оның «Алгебра» оқулығында «қос», «алу» амалдарына тоқталмағандығын айтып өттік. Осы орайда Қ.Сәтбаев не себепті математиканың алғашқы курстарын үйрететін бастауыш сыныпқа арналған оқулық жазбады?,- деген сұрақ тууы мүмкін. 1924 жылы М.Дулатов «Есеп құралы» атты арифметика оқулығын жазып жарыққа шығарғанын еске алар болсақ, Қ.Сәтбаев арифметикаға бөлек оқулық арнауды қажет деп таппаған секілді.

Сәтбаевтің Киселевтан аударма барысында мынадай бір негізгі ерекшелікті байқаймыз. Ол – Сәтбаев аударма оқулығында тақырып формасын түпнұсқаға (оригинал) барынша жақындатуға тырысса, мазмұндық үлгіде соншалықты алшақтаған. Оны төмендегі мысалдардан байқаймыз...

Киселев «Алгебрические умножение» тақырыбында: «Пусть надо умножить а³ на а², что можно обозначать так: а³·а², или подробнее: (ааа)·(аа)», - деп қысқа бір сөйлеммен қайырады. Ал, Сәтбаев: «Дәрежені» бірдей, дәреже көрсеткіштері бөлек болатын сандарды өсіру. Мысалы, бізге d5-ші   d3-ке өсіру керек болсын. Әуелі бұл сандарды өзара амал белгісімен жалғаймыз. Онда,

                                                    d5·  d3  

әлпеті жасалады. Дәрежеге сатылау амалының ережесі бойынша

                  d5=d·d·d·d·d    мен      d3=d·d·d»,

- деп бірнеше сөйлеммен түсіндіреді. Мұндай мысалдар өте көп. Яғни, Сәтбаев Киселевті қайталамау үшін есептерде амалдарды, сандарды, тіпті әріптерді қолданғанда өзгертіп беріп отырған. Түпнұсқадан алшақтап, аудармашылықты да авторлықты да қатар алып жүрген. Барынша авторға бағынышты болмай оқулықтағы көптеген мысалдарды өз жанынан жазған. Сонымен қатар, Сәтбаев бұл қағиданы амал есептерді беруде де ұстанғандығын көреміз. Мысалы: Киселев «Упражнение» деп:

(5а2b3)(3ab4c)

2y3)2

берсе, ал Сәтбаев:

(0,5a3b4y)(0,4aby3)

(- am-2bcn+2)(- am+2b2-ncd-2), деп өзгертіп беріп отырған.

Сондай-ақ, Киселев тақырыпты түсіндіріп, бір-екі мысал келтіріп болғаннан соң, бірден «упражнение» деп бірнеше есептерді тізіп береді. Ал, Сәтбаев тақырыпты түсіндіріп, мысалдар көрсеткеннен соң да оқушыларға арналған тапсырмалардың алғашқы үшеуін міндетті түрде өзі шығарып көрсетіп отырған. Мұнда Сәтбаевтің авторға тәуелді болмай, барынша бірінші талап «нақтылық пен дәлдікті» сақтай отырып өз жанынан есептер құрастыруды ұстанғанын байқаймыз.

Киселевтің «Алгебра» ІІ-кітабындағы «Возведение в степень…» тақырыбында: «В начале курса мы уже видели, что возведение в степень есть действие, посредством которого данное число берется сомножителем столько раз, сколько единиц содержится в другом данном числе (показатель степени)»:

2·2·2·2·2=25=32

а·а·а=а3



Вообще:       

,-дейді.

n раз


Ал, дәл осы тақырып Сәтбаевың «Дәрежеге сатылау» деген IV бөлімінде: «Егер де бір шама өзіне-өзі бірнеше қабат өсіріліп отырса, ондағы орындалатын амалды дәрежеге сатылау» деп айтады. Егер де мысалы «а» саны өзіне өзі «n» қабат өсіріліп тұрса, мұны «а»-ны «n»-ші дәрежеге сатылау деп оқу керек болады. Соңғы жасалатын өсірінді:

an

түрінде белгіленбекші. Соңғы әлпетте жаңа дәрежеге сатылау амалының мәнісіне ой жіберсек, былайша жазуға да келмекші:

,

- дейді Қ.Сәтбаев.

n қабат

Сәтбаев кез-келген тақырыпты, анықтаманы, есеп пен амалдарды барынша түсінікті, жүйелі, қарапайым беруге тырысқан.

ХХ ғасырдың басында Алаш зиялылары оқулық жазу мен аударма ісіне белсене атсалысқаны мәлім. Тарихтың осы кезеңінде тек Қ.Сәтбаев қана «Алгебра» оқулығын жазып қойған жоқ, Ахмет Байтұрсынұлы «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914-1916 жж.), «Әліпби» (1912); А.Байтұрсынұлы мен Телжан Шонанұлы «Оқу құралы» оқулығын жазса, Ә. Бөкейхан К. Фламмарионнан «Астрономия әліппесі» (1924 ж.), Д. М. Грабеден «Дүниенің құрылысы» (1926 ж.), Т. Тутковскийден «Жердің қысқаша тарихы» (1926 ж.) оқулықтарын аударды. Сонымен қатар, А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» оқулығы, Ж.Аймауытұлының «Тәрбиеге жетекші» (1924), «Психология. Жан жүйе» (1926) оқулықтары және М.Жұмабаевтың «Педагогика» оқулықтары баспа жүзінде жарық көрді. Бұлардың көбісі, әсіресе жаратылыстану бағытындағы оқулықтар орыс тілінен қазақ тіліне аударылды. Алаш оқымыстылары аударма ісімен айналысқанның себебінен де қазақ оқу-ағарту саласында Әлемдік, Еуропалық ғылыми жүйеге негізделген сапалы оқулықтар жазылды.

Қазіргі Алаштану ғылымында «Алаш оқулықтары» деген атпен белгілі, бірақ әлі де біраз зерттеулерге зәру үлкен бір сала бар. Ол – Алаш зиялары жазған оқулықтар. Өкініштісі сол: бүгінгі таңдағы ғалымдар тарапынан, Алаш зиялылары жазып–аударған  оқулықтарды, олардың сапасы мен ішкі мазмұны, маңыздылығы мен ғылымилығы сала бойынша зерттеліп, талданып жатқан жоқ. Математика бағытында жазылған оқулықтарды математик ғалымдар, физика оқулықтарын физик ғалымдар, дәл сондай жолмен әр ғылыми бағытта жазылған оқулықтарды өз мамандары зерттеп талдар болса, сонда ғана «Алаш оқулықтары» бүге-шүгесіне дейін зерттелмек. Ал, дәл қазіргі таңда «Алаштану» ғылымы тек қазақ тілі мен әдебиеті және тарих мамандарына ғана керек сала сияқты болып тұр.

Қазақстан Тәуелсіздігін алғаннан бастап «Алаш» тақырыбы өзекті тақырыптардың біріне айналды. Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында Алаштанушы ғалымдар Алаш зиялылары мен олардың еңбектерін халыққа таныту ісімен айналысты. Екінші кезеңінде, «Алаш идеясын» және Алаш зиялыларының шығармашылығын зерттеген біршама монографиялар жазылды. Енді, үшінші кезеңде «Алаш» тақырыбын әр түрлі, яғни саясат, тарих, аударма ісі, текстология, этномәдениет, ауыл шаруашылығы, Алаш оқулықтары секілді түрлі салаларға бөліп, жіктеп талдай отырып, зерттеу керек. Сонда ғана «Алаштану» ғылымы тамырын тереңге жіберіп, құлашын кеңге жайып, өсіп-өркендей түспек.

Көпшілік қауым арасында «Алаш оқулықтары» дегенде – Алаш оқымыстылары  оқулықтар мен оқу құралдарын өздері жазған,- деген қате пікірлер айтылып жүр. Тағы да қайталап айтамыз: Алаш оқымыстылары ғылыми оқулықтардың көбісін орыс тілінде жазылған оқулықтардан сауатты түрде ғылыми негізде қазақша түсінікке келтіре отырып аударған. Сөзімізді қысқаша түйіндер болсақ, халқымыздың әдеби-мәдени мұрасына айналған Алаш тақырыбының ішкі мазмұнын толықтай ашу бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр.


Қосанов Бағдат Мақұлбекұлы

 


Ғылыми қызығушы-лықтары

-Математиканы оқытудың әдістемесі;  

-Математика тарихы;

-Математиканы оқыту әдістемесінің тарихы;

-Педагогикалық эксперимент нәтижелерін өңдеудің статистикалық-математикалық әдістері;

-Әдістемелік ғылым мен математикалық білім берудің қазіргі заманғы проблемалары.


Ғылыми-зерттеу жұмыстары, жарияланым-дары

250-ге жуық ғылыми еңбектердің (мақалалар және оқу-әдістемелік құралдар мен оқулықтардың, монографиялардың) авторы.

Негізгі еңбектері:





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет