1. Әдебиеттерді жинақтау және ғылыми өңдеу, каталогтау бөлімі



Дата30.11.2023
өлшемі16,28 Kb.
#131352

1. Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде 1-қыркүйек «Білім күніне» арналған мерекелік жиын өтіп, күз мезгілінің алғашқы күні ұйымдастырылған бұл мереке барша студенттерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады және оқу ордамыздың ақпараттық білім беру орталығы бірінші курс студенттеріне арнайы таныстыру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар кітапханадағы ресуртармен әлемдік ақпараттық ресурстарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайлар жасау арқылы оқу орнында білім беру процесі мен ғылыми зерттеулерді қолдауды қамтамасыз етілгені туралы хабарландырылды.
Оқу - әдістемелік және ғылыми әдебиеттер қоры 614306 дана; мемлекеттік тілде 150210 дана; орыс тілінде 127581 дана; шетел тілінде 17075 дананы құрайды. Кітапхана қорында оқу – әдістемелік , ғылыми әдебиеттер, мемлекеттік, орыс және шет тіліндегі кітаптар, авторефераттар, мерзімді басылымдармен қамтамасыз етілген. Кітапханамыз 4 бөлімнен тұрады:
1. Әдебиеттерді жинақтау және ғылыми өңдеу, каталогтау бөлімі;
2. Анықтама библиографиялық бөлімі;
3. Автоматтандыру және электронды оқу залы,
4. Оқырманға қызмет көрсету бөлімі
- Абонемент
- Оқу залы
Кітапханада ақпараттық библиографиялық қызметтер ұсынылады. «Ақпарат күндері», «кафедра күндері», әдебиеттердің ғылыми көмекші тізімдерін жасап, жазбаша және ауызша тақырыптық анықтамаларды орындап, жаңа әдебиеттердің түсуіне қарай ақпараттық бюллитеньдер шығарылады, сондай-ақ жаңа түсілімдердің виртуалды көрмесі жасақталып, оқырмандарға таныстыру жұмыстары жүргізілді.
Құрметті студенттер, біз сіздерді әрқашан Кітапханамызда күтеміз.

Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті
Шымкент қаласы Уақыты: 22 қыркүйек
Сағат: 11:00
Тақырыбы: Алтайдың асқақ жыршысы Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл.
Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің Ақпараттық білім беру орталығында Оралхан Бөкейдің туғанына биыл 80 жыл толуына орай «Алтайдың асқақ жыршысы Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл» атты әдеби кеш өткізілді.
Әдеби кештің мақсаты: Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру, туған жерге деген мақтаныш сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру, жазушының шығармалары арқылы адамгершілікке, жақсы қасиеттерге тәрбиелеу, әдеби кітап оқуға тарту.
Ақынның «Алтай» өлеңі және «Оңаша ойлар» атты өлеңі оқылды. Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильм көрсетілді. Оған қоса, оқырмандар жазушының прозалық, драмалық шығармаларынан үзінділер оқып, өнерлерін ортаға салды.
24 қазан - Кітапханашылар күні. Мерекеге орай Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің филология факультетінің профессор- оқытушылары Ақпараттық білім беру орталығы қызметкерлерінің университеттің білім беру ортасындағы орнын жоғары бағалап, өздерінің жылы тілектерін айтып, еңбектеріне жеміс тіледі. Кітапхана қызметкерлері профессор-оқытушыларға жылы лебіздері мен ынтымақтастықтары үшін алғысын білдірді!


Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті
Шымкент қаласы Уақыты: 10 қазан
Сағат: 11:00
Тақырыбы: Ерекше студент оқырмандарға ерекше қызмет көрсету.
Бүгін оқу ордамызда «Ерекше студент оқырмандарға, ерекше қызмет көрсету»- атты «Ерекше жандар» күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Іс-шараның мақсаты: Ерекше жандар, олардың түрлері, әлеуметтік жай – күйі жайлы студент жастардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, студенттерді кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу.
Іс-шараны, университетіміздің Ақпараттық білім беру орталығының (Кітапхана) меңгерушісі Сұлтанбекова Клара Сырлыбайқызы бастап жүргізіп отырды.
Жиында алғашқы болып сөз алған тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры Б.Қ.Садықов бүгінгі шараның маңыздылығына тоқталып, тәлім мен тәрбиеге, студенттер арасында ерекше жандарға мейірімділік пен кішіпейілділік, бауырмалдылық көзқарастарын арттыру мақсатында бүгінгі іс-шараның маңыздылығы зор екендігіне тоқталып кетті.
Сонымен қатар, іс-шараға Шымкент қалалық, № 5 арнаулы-әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының музыкалық жетекші қызметкері,мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы яғни қоларба би жарысы бойынша Халықаралық жарыстардың 1-2 орын, Азия чемпионатының 1-ші орын , 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегер иесі. Еліміздің мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өтетін қоларба жарысы бойынша жеңіл атлетикадан 100-200-400 м қашықтықта жүгіруден 1 орын жүлдегер иесі Қалымбетов Ермек Жорабекұлы мен ұжымдасы Шымкент қаласының көрме орталығының әдіскері Қалиев Салих арнайы қонақ болып шақырылды.
Арнайы шақырылған қонақтарымыз өздерімен бірге әуезді әндерін арқалап, жастарымызға көтеріңікі көңіл-күй сыйлады.
Сонымен қатар ұлы ғұламалар айтқандай «Тәрбиемен берілген білім- өлшеуі жоқ қазына» демекші Академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің оқу-әдістемелік бөлімінің басшылығы мен ақпараттық білім беру орталығы білім беру бағдарламасы бойынша трансформациялау жүйесін кең ауқымды түрде дамытуда және аталмыш тақырыптағы іс-шаралар жүйесін кең ауқымды түрде өткізу жоспарда қарастырылған. Университет кітапханасындағы электронды базаларды ашық ресурстар мен мәліметтер базасын, электронды кітапхана бойынша бейне нұсқаулықтарды мультимедиялық технологияларды, және ақпараттық сауаттылықты жүргізіп, инклюзия бұрышы, коворкинг орталығы ерекше студент оқырмандарға, студенттерге ақпараттық білім беру орталығы ерекше қызмет көрсетуде.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет