1. Ежелгі елдердегі жер кадастрының даму тарихы



бет1/6
Дата19.04.2023
өлшемі36,36 Kb.
#84300
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
КДТ реферат


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................................................................................................................2
НЕГІЗГІ БӨЛІМ.......................................................................................................3
1. Ежелгі елдердегі жер кадастрының даму тарихы............................................3
2. Шетелдік-жер кадастры және оны жіктеу........................................................4
3. Еуразия құрлығы елдеріндегі жер кадастры.....................................................7
ЗЕРІТТЕУ БӨЛІМІ................................................................................................10
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................14
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................15

КІРІСПЕ
Материалдық игілік қайнар көзі және салық салу объектісі ретінде жер туралы мағлұматтарды объективті түрде алу қажеттілігінен тарихи жер кадастры туындады. Мемлекеттің пайда болуымен бірге жер мемлекеттік кіріс және арнайы салық объектісіне айналды. Сондықтан қоғамның бір белгілі даму сатысында алдымен жерді есепке алу, содан кейін оны бағалау керектігі пайда болады, яғни жер кадастрын жүргізу қажеттілігі туындайды Кадастр табиғи ресурстар туралы толық және жан жақты түсінік береді және мемлекеттің шаруашылық ұлттық қызметінің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Олар ауылшаруашылығы, орман шаруашылығы, тау кен өнеркәсібі, су тасымалы және басқа да табиғи ресурстарды пайдаланумен байланысты салаларды реттеу үшін маңызды болады.Тарих сахнасында жер кадастры басқа табиғи ресурстар кадастрынан бұрын пайда болған. Жер кадастры материалдары байлық және салық салу объектісі ретінде жер туралы қажетті мәліметтерді алу үшін пайдаланылды. Жер кадастры алдымен жер байлығын алу, мал бағу және жер жырту үшін пайдаланылған жерді тіркеу бойынша қарапайым әрекеттерді құраған. Кейін өндіріс әдістерінің дамуымен қатар жер туралы мәліметтер енгізілетін арнайы құжаттар ( тізім, реестр, журналдар) пайда болды.


Жалпы кадастр сөзінің мағынасы әр деректерде әрқалай кездеседі. И. С. Кауричев өзінің «Почвоведение» атты кітабында кадастр сөзі француздың cadastpe тіркеу сөзінен шыққан десе, ал Т.П.Магазинщиков латынның capitastrum, яғни заттар тізімі деген мағына береді деп көрсетеді. Басқа әдебиеттерде «кадастр» сөзі латынның «caput» сөзінен шыққан, иемдену заты деген мағына береді делінген. Демек, жер кадастры дегеніміз жердің құқықтық, шаруашылық және табиғи қасиеттері туралы шынайы және қажетті мәліметтердің жиынтығы. Бас кезінде кадастр кітап ретінде болды, оның ішінде (ауданы көрсетілген), салық салынатын жерлер тізімі, жер қыртысының сапасы және жер салығының көлемі көрсетілген. Тарихтың, поэзияның, философияның ежелгі ескерткіштері таксация (латын сөзі taxatio), жанрдың бағалануы б.э.д. көптеген жылдар бұрын болған мәліметтерді сақтады. Қытайда да б.э.д. үш мың жылдықта жер қыртысы тоғыз классқа бөлінген екен.Жер кадастры туралы жете мәліметтер Ежелгі Мысыр, Греция және Римнің көптеген ескерткіштерінен табылды. Мысырлық папирустар біздің заманымызға дейін Мысырда сапасына тәуелді көптеген жер категорияларының бар болғанын күәландырады. Бірінші мысырлық фараондар кезеңдерінде (төрт мың жыл бұрын) салық салынатын жерлерге, бағалау тізімдері мұқият жүргізілді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет