1 Эндокринология пәні бойынша бақылау тест сұрақтары



Дата16.02.2023
өлшемі45,28 Kb.
#68378
Байланысты:
1 Ýíäîêðèíîëîãèÿ ï?í³ áîéûíøà áà?ûëàó òåñò ñ?ðà?òàðû 2


1 Эндокринология пәні бойынша бақылау тест сұрақтары
#1
*!Профилактикалық тексеру кезінде мектепте 12 жасар қыз балада қалқанша безінің 2 –ші дәрежелік ұлғаюы анықталды. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
*диффузды токсикалық жемсау
*эндемиялық жемсау
*біріншілік гипотиреоз
*аутоиммунды тиреоидит
*жедел тиреоидит
#2
*!10 жасар қыз балада дәрігерлік қарау кезінде терінің құрғақтығы, әлсіз брадикардия, қалқанша безінің 2 деңгейлі ұлғаюы байқалды.Қосымша зерттеу кезінде: қалқанша безінің қызметі – эутиреоз, УДЗ: қалқанша безінің суммарлы тиреоидты көлемі 12,0 см3, құрылымы біркелкі. Қалқанша безі өлшемінің ұлғаюы немен байланысты?
*тироксин өнімінің жоғарлауымен
*йодты бойына көп сіңіруімен
*қалқанша безінің қабынуымен
*бездің анатомиялық өлшемімен
*тироксин тапшылығы салдарынан
#3
*!10 жасар қыз балада дәрігерлік қарау кезінде терінің құрғақтығы, әлсіз брадикардия, қалқанша безінің 2 деңгейлі ұлғаюы байқалды. Қосымша зерттеу кезінде: қалқанша безінің қызметі – эутиреоз, УДЗ де- қалқанша безінің суммарлы тиреоидты көлемі 12,0 см3, құрылымы біркелкі. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
*диффузды токсикалық жемсау
*біріншілік гипотиреоз
*аутоиммунды гипертрофикалық тиреодит
*эндемиялық жемсау
*жедел тиреоидит
#4
*!12 жастағы науқаста қалқанша безі ұлғайған, тығыз, біркелкі емес консистенциялы. УДЗ: эхотығыздығы төмендеген және жоғарылаған бөліктер анықталды. Пункциялық биопсияда: лимфоидты инфильтрация ошақтары. Т3, Т4, ТТГ деңгейі қалыпты.
Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
*аутоиммунды тиреоидит
*эндемиялық жемсау
*қалқанша безінің аденокарциномасы
*Ридель тиреоидиті
*жедел іріңді тиреоидит
#5
*!15 жасар жасөспірім бас ауруына, қалтырау және шаштың түсуіне, тез шаршағыштыққа шағымданды. Обьективті: физиологиялық даму параметрі қалыпты. Тері жабындылары таза,құрғақ. Брадикардия, ЖСС – 1минутта 64рет. Іш қатуға бейім. Зерттеу жүргізу кезінде бос Т4 деңгейі әлсіз төмендеген, ТТГ деңгейі жоғарылаған және АНТИ-ТПО қалыптыдан 10 есе жоғарылаған. УДЗ: 5мм дейінгі аралас эхогенді аймақтар, қалқанша безінің жалпы көлемі 12куб.см. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
*эндемиялық жемсау
*гипофиз аденомасы
*аутоиммунды тиреоидит
*екіншілік гипотиреоз
*жедел іріңді тиреоидит
#6
*!Эндокринологиялық бөлімшеге қалқанша безінің қатерлі ісігіне күдікті науқас түсті. Обьективті: қалқанша безі симметриялық ұлғайған, қатты тығыз, айналасындағы тіндермен жабысқан, перифериялық лимфотүйіндері ұлғаймаған. Гипотиреоздың клиникалық белгілері анықталды. Антитиреоидты антидене титрі қалыпты, пункциялық биопсияда атипиялық жасушалар анықталмады, фибробласттар анықталды.
Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
*Хашимото тироидиті
*де Кервена тироидиті
*Ридель тироидиті
*Базедов ауруы
*қалқанша безінің қатерлі ісігі
#7
*!Қыз бала 1 айлық. Кіндігі - 8 ші күні түскен. Өмірінің 3 – ші күнінде тері қабатында сарғыштық байқалды және сақталды. Әлсіз, нашар емеді, денесінің, бетінің, аяқ – қолы шамалы пастозды. Терісі құрғақ, қабыршақтанған. Дауысы қатаң. Үлкен дәреті іш қатуға бейім. ЖҚС: гемоглобин 80г/л, холестерин 6,8 ммоль/л. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
*нәрестелердің гемолитикалық ауруы
*туа пайда болған гипотиреоз
*гипоксиялық – ишемиялық энцефалопатия
*диабеттік фетопатия
*торланудың созылмалы бұзылысы
#8
*!Қыз бала 6 жаста. Физикалық дамуы және ойлау қабілеті жасынан артта қалған. Әлсіз, есте сақтау қабілеті төмендеген. Басы денесіне қаранда үлкен, шүңірейген және жалпайған мұрын қыры.Макроглоссия, терісі құрғақ және тері асты қабаты ісінген. Аяқ – қолдары мұздай. Пульсі – 72 рет минутына. Іш қатуға бейім. Сүйектің өсу жасы 3 жасқа сәйкес. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
*рахит, қалдық көріністер кезеңі
*туа біткен жүрек ақауы
*синдромды ергежейлік
*арнайы емес жаралы колит
*туа біткен гипотиреоз
#9
*!Қыз бала 14 жаста. Дене салмағын нашар қосу, әлсіздік, бетінің ісінуі, іш қатуы, аменорея, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне шағымданады. Терісі құрғақ, мұздай. Қалқанша безі пальпацияланбайды. Қан қысымы 80/60 с.б.б. Пульс – 52 минутта. Т3,Т4 төмендеген. ТТГ – жоғарылаған. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
*орталық генезді семіру
*біріншілік гипотироез
*екіншілік гипотиреоз
*аналық безінің поликистозды синдромы
*гипоталамикалық синдром
#10
*!10 жастағы қыз бала. Алдыңғы мойын аймағының ісіну, тітіркендіргіштік, жылағыштық, тез шаршағыштық, жүректің қатты соғуы, бас ауруы, арықтау шағымдарымен келіп түсті. Қабылдау кезінде мазасыз, эмоциональді тұрақсыз. Жалпы гипергидроз, анық қызыл дермографизм, қалқанша безінің екінші деңгейдегі ұлғаюы, экзофтальм, тұрақты тахикардия байқалады. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
*нейроциркуляторлы дистония
*жеделдеу тиреоидит
*эндемиялық зоб 2-дәрежелі
*диффузды токсикалық жемсау
*жедел тиреоидит
#11
*!12 жастағы ұл бала педиатрға зейінінің, үлгерімінің төмендеуімен және 6 ай көлемінде 2,5 кг салмақ тастаумен жолданды. Қарағанда: пульс жылдамдығы тыныштық кезінде 110р/мин, АҚҚ 130/50 с.б.б. Қалқанша безі қалыпты жағдайға қарағанда екі есе ұлғайған. Осы берілгендер қандай патологияға ЕҢ сәйкес:
*Хашемото тиреодиті
*қалқанша безінің медулярлы карценомасы
*1-ші типті қант диабеті
*ювенилді гипотиреоз
*тиреотоксикоз
#12
*!12 жастағы ұл бала. Терісі ылғалды, қалқанша безі жай көзбен қарағанда байқалады. Мойынның алдыңғы беткейын деформациялайды. Пальпациялағанда тығыз. Қол саусақтарының треморы. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
*диффузды токсикалық жемсау
*эндемиялық жемсау
*аутоиммунды тиреоидит
*микседема
*гиперепаратиреоз
#13
*!13 жасар балада бойының өсуі 2 – 3 жасынан бастап тежеле бастаған, дене бітімі инфантильді, жыныстық жетілуі қалыс, бойының ұзындығы 111 см, сүйектік жасы 5 жасқа сәйкес келеді, салмағы 21,5 кг. Соматотропты гормон деңгейі төмендеген.
Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
*гипохондроплазия
*гипофизарлы нанизм
*туа біткен гипотиреоз
*примордиальді нанизм
*Шерешевский-Тернер синдромы
#14
*! 8 жасар бала өз қатарластарынан бойының ұзындығы жағынан қалыс. Әкесінің бойының ұзындығы – 150 см, анасының ұзындығы – 155 см. Қарау кезінде бойы 6 жасар балаға сәйкес келеді. Сүйектік жасы – 4 жасқа сәйкес келеді. ТТГ деңгейі – 2,0 мме/л. Клофелин сынамасында СТГ гормон деңгейі қалыпты. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
*жанұялық төмен бойлылық
*соматогенді нанизм
*кеш пубертат синдромы
*церебральді гипофизарлы нанизм
*туа біткен гипотиреоз
#15
*!13 жасар қызда зәрдегі төмен көрсеткішті салмақты полиурия бар. Сұйықтықтарды шектеп жүргізген тесттен соң көрсеткіштер өзгермеді. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
*психогенді полидипсия
*қантсыз диабет
*қант диабеті
*созылмалы пиелонефрит
*жедел бүйрек жеткіліксіздігі
#16
*!13 жасар қыз бала бірте – бірте пайда болған шөлдеу сезімі мен полиурияға шағымданып келді. Тәуліктік ішетін және шығарылған сұйықтық көлемі 5 – 6 литр шамасында. Түнде бір рет кіші дәретке барады. Зәрдің меншікті тығыздығы 1003 – 1006. Плазманың осмостық қысымы 278 мосм/л (қалыпты 285 – 310), АҚҚ 120 / 80 мм с.б.б, ЖСЖ – 84р/мин. Тері қатпарлары өзгеріссіз, көру аймағы толыө көлемде, неврологиялық бұзылыстар жоқ. Глюкозурия жоқ, сарысу электролиттері қалыпты. Гипофиз ауытқулары жоқ. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
*қант диабеті
*біріншілік полидипсия
*қантсыз диабет
*бүйректік полиурия (бүйректік диабет)
*Вольфрам сндромы
#17
*!16 жасар науқас: жоғарғы тип бойынша семіздік, ай тәрізді бет, «минус тінмен» кең, қою қызыл стриялар, АҚҚ 160/100 мм.с.б.б. Рентгенологиялық: Түрік ершігі кеңейген. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
*гипоталамиялық синдром
*конституциялық семіздік
*Иценко-Кушинг ауруы
*андростерома
*альдостерома
#18
*!14 жасар қыз бала жиі бас ауруына, аминореяға және салмақтың көбеюіне шағымданып келді. Зерттеу нәтижелері: гиперпролактинемия, ТТГ тез жоғарылауы, гипотироксинемия, бастың МРТ – гипофиздың ұлғаюы. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
*пролактинома
*титотропинома
*гипофиздің гиперплазиясы
*гипофиздің карциномасы
*жұмыртқалардың поликистозы
#19
*!15 жасар балада жиі артериалық қан қысымының 160/90 мм с.б. Жоғарылауы байқалды, тремормен, тершеңдікпен, тахикардиямен жүреді. Өздігінен 20 – 30 минуттан соң қан қысымының түсуі байқалады. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
*диффузды токсикалық жемсау
*феохромоцитома
*Иценко – Кушинг ауруы
*глюкокортикостерома
*альдостерома
#20
*!12 жасар қыз балады артық салмақ, тері – май қабатының біркелкі емес жайылуы: ай тәріздес бет әлпет, арық аяқтар, күлгін стриялар, гирсутизм. АҚҚ 150/90мм с.б.б. Гиперпигментация. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
*феохромацитома
*Иценко – Кушинг синдромы
*диэнцефалды семіздік
*конституциальді – алиментарлы семіздік
*Шерешевский – Тернер синдромы
#21
*!15 жастағы балада айқын әлсіздік, жүрек айну, құсу, іштегі және буындар мен бұлшық еттердегі ауру сезімі, іш өту байқалады. Өспелі гипотония, пигментация, ішті пальпациялаған кезде пайда болатын диффузды ауру сезімі. Тексергенде: АҚҚ 80/30 мм сын.бағ. ЖСЖ 120рет мин. К-5,0 ммоль/л, Na-113 ммоль/л, гликемия-1,8 ммоль/л.
Осы жағдайға алып келген себеп?
*жедел панкреатит
*тағамдық токсикоинфекция
*аддисондық криз
*қантты диабет
*адреналинді криз
#22
*!16 жасар қыз балада менархия кезеңінен бастап опсроменорея (13 жастан). Бетінде, кеудесінде және денесінде шектен тыс шаштың шығуы байқалады. Клитордың аздаған гипертрофиясы. Плазманың кортизолының, ФСГ, ЛГ көрсеткіштері қалыпты. Сарысу тестостероны және 17-гидроксипрогестерон аздап жоғарылаған. Жұмыртқалардың УДЗ олардағы көлемді процесстің әсерінен анықталмады. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
*жұмыртқалардың поликистозы
*21 – гидроксилазаның классикалық жеткіліксіздігі
*жұмыртқаның ісігі
*21 – гидроксилазаның кеш дамыған жеткіліксіздігі
*11 – гидроксилазаның жеткіліксіздігі
#23
*!Науқаста струмэктомиядан кейінгі тырысулар, Хвостек симптомы, Труссо симптомы. Науқасқа қандай асқыну ЕҢ тән:
*гипотиреоз
*тироетоксикалық криз
*көмейдің жүйкелік жарақаты
*гипопаратироез
*тиреотоксикоздың қалдық белгілері
#24
*!12 жас ұл балада тез шаршағыштық, біртіндеп дамитын бұлшық еттегі әлсіздік, буындардағы босаңсушылық, «үйрек тәрізді жүріс». Қарағанда: бала әлсіз, жүдеген, терісі жер түстес, құрғақ, тізедегі және табан буындарындағы ауру сезімі, іш қатуға бейім, полиурия. Қанда: кальций – 4,2 ммоль/л, калий – 3,8 ммоль/л, фосфат – 1,02 ммоль/л, паратгормон – 314 пг/л (қалыпты 51 -217); зәрдің салыстырмалы тығыздығы 1002 – 1008, сілтілі реакция. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
*фосфат диабет
*гиперпаратиреоз
*бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі
*гипервитаминоз Д
*феохромоцитома
#25
*!8 жастағы бала стационарға ессіз күйінде жеткізілді. Қант диабеті бойынша инсулин еккен соң аяқ асты ауырған. Қарағанда: терісі айқын бозғыл, ылғалды, тынысы жиі, тахикардия, көз алмасының тонусы жоғарылаған, көз қарашығының ұлғаюы, клоника-тоникалық типті ұстамалар. Қандағы қант деңгейіне ЕҢ тән мөлшер:
*1,2-2,8 ммол/л
*3,4-5,5 ммоль/л
*7,8-11,1 ммоль/л
*15-18 ммоль/л
*22-25 ммоль/л
#26
*!14 жастағы қыз бала шағымдары: іштегі ауыру сезімі, арықтау, лоқсу, әлсіздік, шөлдегіштік. Терісі мен шырышты қабаттары құрғақ. Науқас салғырт, рефлекстер төмендеген, көз алмасының тонусы төмендеген, тахикардия. Іші жұмсақ, эпигастрий аймағында ауыру сезімі, айқын емес ішастар тітіркену синдромы. Қанда: аздаған лейкоцитоз, СОЭ – 11 мм/сағ. Зәрдегі қант 6%, ацетон оң. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
*2 типті қант диабеті, алғаш анықталған
*1 типті қант диабеті, кетоацидоз
*ацетонемикалық лоқсу синдромы
*жедел деструктивті панкреатит
*жедел аппендицит
#27
*!14 жасар науқас,7 жыл бойы 1 типті қант диабетімен ауырады. Бөлімшеде инсулиннің мөлшерін коррекциялау мақсатында жатыр. Бой өсуінің тежелуі, 2 дәрежелі диабеттік ретинопатия анықталды. Гликемия деңгейі 14-15 ммоль/л, гликирленген гемоглобин – 10,5%. Несепте: протеинурия. Қант диабетінің қандай асқынуы ЕҢ тән:
*липодистрофия
*диабеттік нейропатия
*диабеттік нефропатия
*катаракта
*кетоацидоздық кома
#28
*!15 жасар қыз балада артық салмақ байқалады. Бойы – 173 см, салмағы 81кг, ДСИ=27. Қанның биохимиялық анализінде: гиперхолестеринемия, гипертригледциридемия, ЖТЛП төмендеген. Қанда бірнеше рет аш қарынға гипергликемия; көмірсуларға төзімділік сынағында: аш қарынға 5,7ммоль/л, 2 сағ.кейін-8,8ммоль/л. Ашқарында С-пептидтің мөлшері қалыптыдан 1,5есеге жоғары. Мүмкін болатын аурудың дамуы байланысты:
*ұйқы безінің β-жасушаларының дестукциясына
*жасөспірімдік диспитуитаризмімен
*инсулинге шеткерлік тұрақтылықпен
*контринсулярлық гормондардың жоғарылауымен
*май алмасудағы бұзылыспен
#29
*!14 жасар қыз бала бөлімшеге АҚ 190/110мм.с.б.дейін жоғарылауына, артық салмаққа шағымданып түсті. Бойы – 173см,салмағы 81кг, ДСИ=27. Қанның биохимиялық анализінде : гиперхолестеринемия, гипертригледциридемия, ЖТЛП төмендеген. Қанда бірнеше рет аш қарынға гипергликемия; көмірсуларға төзімділік сынағын жүргізгенде- аш қарынға 5,7ммоль/л, 2 сағ.кейін-8,8ммоль/л. Ашқарында С-пептидтің мөлшері қалыптыдан 1,5 есеге жоғары. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
*гипоталамикалық семіздік
*артериалды гипертензия
*гиперхолестеринемия
*2 типті қант диабеті
*ашқарындық гликемия бұзылысы
#30
*!Ұл бала 11 жас. 4 жасынан бастап «1-типті қант диабетімен» ауырады. «Жедел жәрдеммен» коматозды жағдайда ауруханага жеткізілген. Эксикоз, бұлшықет гипотониясы, гипергликемия, гипонатриемия, гипокалиемия, ацидоз, гиперкетонемия. Дамып жатқан кома типін көрсетіңіз?
*гипогликемиялық
*гиперосмолярлы
*сүт – қышқылды
*кетоацидотикалық
*уремиялық
#31
*!Ұл бала 8 жас «Қант диабетімен» 4 жасынан бастап ауырады. Ауру ағымы ауыр, кетоацидоз бойынша бірнеше рет стационарға жедел госпитализация болған. Пролонгирлік әсердегі инсулин алады (тәулігіне 2 инъекция). Қандағы глюкоза деңгейі жүйелік бақыланады. Кешкі уақытта балада агрессия пайда болды, тамақтан бас тартты. Түнгі ұйқысынан шошып, мазасызданып оянды. Қол треморы, жақ тризмі, басым терлегіштік байқалды. Пайда болған жағдайдың себебі?
*гипогликемиялық жағдай
*кетоацидоз
*диабетикалық энцефалопатия
*лактацидоз
*диабетикалық нефропатия
#32
*!Науқас 16 жаста. Аласа бойлы, сүт бездерінің болмауы және екіншілік жүн басу. Кіші жамбас ағзаларының УДЗ: жатыр және түтктер гипоплазирленген, аналық бездер тартылған күйде. ЛГ деңгейі күрт жоғарылаған. Кариотип 45Х0. Ата-анасы аласа бойлы.
Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
*соматогенді нанизм
*кеш пубертаттық синдром
*Шерешевский-Тернер синдромы
*Ван-Вика-Грамбах синдромы
*жанұялық аласа бойлық
#33
*!14 жастағы қыз бала. Аласа бойлық. Екіншілік жыныстық жетілу белгілерының жоқтығы, қанат тәрізді мойын, емшек ұшының гипертелоризмі, таңдайының жоғары болуы. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
*жанұялық аласа бойлық
*Иценко-Кушинг синдромы
*Шерешевский-Тернер синдромы
*туа пайда болған гипотиреоз
*бойдың және пубертаттың конституционды қалыс қалуы
#34
*!2 жасар балада уретрогипоспадиясы мыжылған ұма. Сыртқы гениталий құрылымы гермофродитті. Аталық безінің көлемі ұмаға кірер жерінде 1 мм пальпацияланады.
Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
*жалған ерлердің гермафродитизм
*жалған әйелдер гермафродитизм
*бүйрек үсті безі қыртысының туа біткен дисфункциясы, верильді форма
*айқын гермофродитизм
*тестикулярлы феминизация синдромы толық вариант
#35
*!3 жастағы бала. Сақал және мұрты жарты жылда 8 см өсті. Бойы және салмағы жасқа сәйкес келеді, бетінде жас өспірімдік безеу, Дене бітімі маскулинді, даусы төмен. Қасаға аймағында және қолтық астында түктер бар. Сүйек жасы 13 жас. Плазмада тестостерон деңгейі күрт жоғарылаған. Оң жақ аталық безінің көлемі үлкейген, тығыз, бүдірлі. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
*айқын церебральдық ерте жыныстық дамуы
*бүйрекүсті безі қыртысының туа біткен дисфункциясы, верильді түрі
*ерте жынстық дамудың толық емес түрі
*андростерома, жалған ерте жыныстық даму
*лейдигома, жалған ерте жыныстық даму
#36
*!6 жасар балада 2 жыл бұрын қасаға аймағында түктену байқалған. Балада бас ми ішілік гипертензия. ФСГ және ЛГ қанда жоғарыламаған, тестостерон деңгейі жоғары, аталық безінің көлемі қалыпты. Іш қуысы ағзаларының КТ-сында сол жақ бүйрек үсті үлкейген.
Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
*айқын церебральдық ерте жыныстық даму
*андростерома
*бүйрек үсті безі қыртысының туа біткен дисфункциясы, верильді түрі
*бүйрек үсті безі қыртысының туа біткен дисфункциясы, тұз жоғалтушы түрі
*глюкокартикострерома
#37
*! 11айлық қыз бала. 4 айлығынан бастап сүт бездерінің үлкеуі байқалады. Қарағанда: бойы 77см, салмағы 10 кг. Зерттеулерде: ЛГ – 0,100 mlu/ml (қалыпты 0-3,29), пролактин – 22,82 ng/ml (қалыпты1,9-25,2), ФСГ – 6,51 мед/мл (қалыпты1,84-20,26), экстрадиол – 43,53 пмоль/л (қалыпты 40-161). Сол қол саусақтарының рентгенограммасы: сүйектің жасы 2 жасқа сәйкес. Сүт бездерінің УДЗ: екі жақтық везуализациясының көлемі 0,8x1,0см, бездік тіндердің қалыптасуы. Кіші жамбас қуысының УДЗ: жатыр орталықта орналасқан, шеттері анық, бірдей, ұзындығы – 1,8мм, алдыңғы-артқы өлшемі- 0,9мм, көлемі – 10мм. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
*андростерома
*бүйрекүсті безінің қыртыстарының дисфункциясы, вирилді түрі
*ерте шынайы жыныстық даму
*бүйрекүсті безінің қыртыстарының дисфункциясы, тұз жоғалтушы түрі
*глюкокортикостерома
#38
*!15жастағы қыз балада семіздік (салмағы –116 кг, бойы – 172 см), қалыпты емес етеккір, бас ауруы, сан терісінде қызғылт жолақтар. Артық салмағы 5 жастан бастап байқалады. Диета ұстамаған. Қан қысымы 160/100мм.сын.бағ. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
*микропролактинома
*семіздік
*Иценко-Кушинг ауруы
*Иценко-Кушинг синдромы
*пубертатты-жасөспірімдік диспитуитаризм
#39
*!9 жастағы тері асты май қабатының біркелкі орналасуы, артық салмағы 15%, физикалық белсенді. Қандай семіздік түріне ЕҢ тән:
*церебралды семіздік
*эндокриндік семіздік
*алиментарлы семіздік
*диэнцефалды семіздік
*конституционалды-экзогенді семізік,асқынған форма.
#40
*!15 жасар балада артық салмақ, денесінің бүйір аймақтарында және бөксенің сыртқы бетінде көкшіл стриялар. Қан қысымы 145/90 мм.с.б. кейде көтеріледі. Шынтағында және қолтық асты шұңқырында гиперпигментация. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
*гипоталамикалық синдром
*глюкокортикостерома
*Иценко-Кушинг ауруы
*Конн синдромы
*нейрогенді семіздік
#41
*!15 жасар науқас: ақыл-есі артта қалғандарға арналған интернатта тәрбиеленеді. Бойы – 135 см, салмағы - 32 кг, Терісі бозарған, құрғақ, ұстағанда суық, бетінде, бұғана үсті аймағында айқын ісіну. Тілінде тістерінің іздері бар. Пульс минутына – 60 рет. Екіншілік жыныстық белгілері жоқ. Интелекті төмендеген. ЕҢ ықтимал диагноз:
*Даун ауыруы
*туа пайда болған гипотиреоз
*гипофизарлы нанизм
*созылмалы пиелонефрит
*Шерешевского-Тернера синдромы
#42
*!Қант диабетінің 1 типімен ауыратын науқасты қысқа уақытқа созылатын қозу кезеңімен жүретін кенеттен дамыған кома себебі?
*кетоацидоздық
*сүтқышқылдық
*гиперосмолярлық
*бауырлық
*гипогликемиялық
#43
*!14 жасар балаға СГТТ жүргізгенде келесі нәтижелер алынды: аш қарынға қандағы қант мөлшері –5,5ммоль/л, 30мин кейін – 11,2ммоль/л, 60мин – 12,5ммоль/л, 120мин – 9,6ммоль/л. Қант қисығын типін анықтаңыз.
*нормогликемиялық
*гипергликемиялық
*гипогликемиялық
*сенімсіз
*гиперинсулинемиялық
#44
*!14 жастағы қыз бала. Аласа бойлық. Екіншілік жыныстық жетілу белгілерының жоқтығы шағымданады. Объективті: физикалық дамуы орташадан төмен, 9 жасқа сәйкес, пропорционалды. Мойын қатпары бар, емізіктерінің гипертеролизмі. Терісі таза, аздап ылғалды. ЖСЖ минутына – 76 рет. Жүрек тондары – анық, ритмді. Іші жұмсақ, ауырсынусыз, бауыры ұлғаймаған. Үлкен-кіші дәреті қалыпты. Қалқанша безі ұлғаймаған. Екіншілік жыныстық белгілер жоқ. Жанұялық анамнеінен әке-шешесі орта бойлы екені белгілі. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?
*жанұялық аласа бойлық
*Иценко-Кушинг синдромы
*Шерешевский-Тернер синдромы
*туа пайда болған гипотиреоз
*бойдың және пубертаттың конституционды қалыс қалуы
#45
*!12 жасар қыз бала. Зейіннің төмендеуіне, мектептегі оқуының нашарлауына шағымданады. Соңғы 6 айда салмағыны 2,5 кг дейін төмендеді. Қарағанда: дене бітімі астеникалық, терісі жылығ ылғалды. Жүрек тондары ырғақты, қатты естіледі, ұшында систолалық шу. ЖСЖ минутына – 110 рет. АҚҚ - 130/50 мм.с.б.б. Қалқанша безі мойынның алдыңғы бетін дефармациялайды. Пальпацияда: консистенциясы жұмсақ, эластикалық, екі бөлігі де ұлғайған. Ромберг қалпында қол саусақтарының майда амплитудалы треморы. УДЗ: қалқанша безі көлемінде ұлғайған, біртекті, эхотығыздығы төмендеген. Ең ықтимал диагноз:
*диффузды эндемиялық жемсау
*аутоиммунды тиреоидит
*жеделдеу тиреоидит
*диффузды токсикалық жемсау
*жедел тиреоидит
#46
*!10 жасар бала, бойының аласалығына шағымданады. Бойы 3 жастан бері артта қалады. Жылына 3 см ғана қосады. Объективті: бойы 106 см, дене салмағы 22 кг. Дене қалпы пропорционалды, бет-әлпеті майда, беті домалақ, аздаған артық салмағы бар. Ішкі мүшелер бойынша қалыпты. Сыртқы жыныс мүшелері ерлер типі бойынша дамыған, аталық безі енінде, көлемі 1 мл. Сүйек жасы 5 жасқа сәйкес. Ең ықтимал диагноз:
*туа пайда болған гипотиреоз
*бойының және пубертатының конституционал артта қалуы
*соматотропты жеткіліксіздік
*жанұялық аласа бойлық
*гипогонадизм
#47
*!12 жасар қыз бала. Зейіннің төмендеуіне, мектептегі оқуының нашарлауына шағымданады. Соңғы 6 айда салмағыны 2,5 кг дейін төмендеді. Қарағанда: дене бітімі астеникалық, терісі жылығ ылғалды. Жүрек тондары ырғақты, қатты естіледі, ұшында систолалық шу. ЖСЖ минутына – 110 рет. АҚҚ - 130/50 мм.с.б.б. Қалқанша безі мойынның алдыңғы бетін дефармациялайды. Пальпацияда: консистенциясы жұмсақ, эластикалық, екі бөлігі де ұлғайған. Ромберг қалпында қол саусақтарының майда амплитудалы треморы. УДЗ: қалқанша безі көлемінде ұлғайған, біртекті, эхотығыздығы төмендеген. Қандай зерттеу ЕҢ қажет:
*жалпы қан анализі
*СРБ, тимол сынамасы
*Т3, Т4, ТТГ деңгейін анықтау
*қан сарысуында Na, K деңгейін анықтау
*стрептококкқа жағынды алу
#48
*!14 жастағы қыз бала. Аласа бойлық. Екіншілік жыныстық жетілу белгілерының жоқтығы шағымданады. Объективті: физикалық дамуы орташадан төмен, 9 жасқа сәйкес, пропорционалды. Мойын қатпары бар, емізіктерінің гипертеролизмі. Терісі таза, аздап ылғалды. ЖСЖ минутына – 76 рет. Жүрек тондары – анық, ритмді. Іші жұмсақ, ауырсынусыз, бауыры ұлғаймаған. Үлкен-кіші дәреті қалыпты. Қалқанша безі ұлғаймаған. Екіншілік жыныстық белгілер жоқ. Жанұялық анамнеінен әке-шешесі орта бойлы екені белгілі. Қандай зерттеу ЕҢ қажет:
*кариотиптеу, ішкі жыныс мүшелерінің УДЗ
*қалқанша УДЗ, Т3, Т4, ТТГ деңгейін анықтау.
*сүйектік жасты анықтау
*қан сарысуында Na, K деңгейін анықтау
*17 – оксипрогестеронның деңгейін анықтау
#49
*!13 жасар бала. Диагнозы: 1 типті қант диабеті. Интенсивтелген инсулинотерапия алып жатыр (35б/т). Сенбі күні ұзақ уақыт шаңғы тепті. Жексенбіге қараған түні – кенеттен әлсіздік, аштық сезімі, көп терлеу, қалтырау байқалды. Глюкоза қабылдағаннан кейін жағдайы жақсарды. Объективті: терісі таза, жылы, аздар ылғалды. Дене қызуы қалыпыт. Жүрек тондары айқын, ырғақты. ЖСЖ - .минутына 72 рет. АҚҚ – 115/70 мм.с.б.б. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры ұлғаймаған. Үлкен-кіші дәреті қалыпты. Гликемия – 4,7 ммоль/л -ден 8,0 ммоль/л дейін, гликирленген гемоглобин (HbA1 – 7,0%). Жағдайының нашарлау себебі?
*жүктемеден кейінгі гипогликемия
*кетоацидозсыз гипергликемия
*кетоацидоз
*вегетативті-қан тамырлық дистония: симпатоадреналды криз
*вегетативті-қан тамырлық дистония: вагоинсулярлы криз
#50
*!Бала аузының құрғауына, шөлдеуге, жиі іріңді тері ауруларына шағымаданады. Анамнезінен: гиподинамия, жиі артық тамақтану. 2 дәрежелі семіздігі бар. Тұқым қуалаушылық: әжесінде 2 типті қант диабеті. Капиллярлық қанында аш қарынға глюкоза 7 ммоль/л, 2 сағаттан кейін 9 ммоль/л, бета жасушаларына АД анықталмады. Ажырату диагностикасында 2 типті қант диабетіне ЕҢ тән белгілер:
*аузының құрғауы, жиі іріңді тері аурулары
*тәбетінің жоғарлауы, шөлдеу
*тұқым қуалаушылық, гиподинамия
*аш қарынаға глюкоза 7 ммоль/л, 2 сағаттан кейін 9 ммоль/л
*2 дәрежелі семіздік, бета жасушаларына АД анықталмауы
№2

№2 #51
*!15 жастағы ер бала. Әскери комиссиядан өту кезінде қалқанша безінің 2-ші дәрежелік ұлғаюы анықталды. Қосымша лабораториялық зерттеуге жолдама берілді: ТТГ , бос Т4 деңгейі қалыпты. ЕҢ тиімді ем:
*тиреоидэктомия
*левотироксин тағайындау
*динамикада бақылау
*калий йодидін тағайындау
*теңіз өнімдері
#52
*!14 жасар қыз балада мектепте профилактикалық қарау кезінде эндемиялық жемсаудың 2 дәрежесі анықталды. Лабораториялық зерттеуде: тиротропиннің жоғарылауы, бос Т4 шамалы төмендеуі және ТГ, ТПО антидене қалыпты титрі анықталды. ЕҢ тиімді емдеу әдісі:
*тиреоидэктомия
*левотироксин тағайындау
*динамикада бақылау
*калий йодидін тағайындау
*теңіз өнімдері
#53
*!14 жасар қыз бала. Мектептегі профилактикалық қарау кезінде эндемиялық жемсаудың 2 деңгейі анықталды. Лабораторлық зерттеуде: тиротропиннің жоғарылауы, бос Т4 шамалы төмендеуі және ТГ, ТПО антидене қалыпты титрі анықталды. Эндокринолог эутирокспен ем тағайындаған. ЕҢ тиімді жүргізу тактикасы:
*тиреоидэктомияға жолдау
*ТТГ, бос Т4 деңгейін 1 айдан кейін бақылау
*1 айдан кейін калий йодидін тағайындау
*эутирокстың дозасын жоғарылату
*теңіз өнімдерін ұсыну
#54
*!12 жасар науқаста гипотиреозбен АИТ-ға байланысты Л-тироксинді тәулігіне 50мкг қабылдау фонында қалқанша безі кішіреймеді. ТТГ деңгейі-3,0 мме/л.
Дәрігердің ЕҢ тиімді әрекеті:
*левотироксин дозасын көтеру
*оперативті ем
*левотироксиннің дозасын төмендету
*калий йодидін тағайындау
*преднизолон тағайындау
#55
*!Аутоиммунды тиреоидит және хаситоксикозбен ауыратын 14жасар науқас тәулігіне 15мг меркозолил қолданады. Шаршағыштық ,іш қатуға шағымданды. ТТГ деңгейі-10,0мме/л. Науқасты ЕҢ тиімді жүргізу тактикасы:
*мерказолил дозасын төмендетіп,калий йодидін қосу
*мерказолил дозасын төмендетіп,левотироксин қосу
*мерказолил дозасын төмендетіп,ота жасау
*мерказолилді тоқтатпай калий йодидін тағайындау
*мерказолилді тоқтатпай ноотропты препарат тағайындау
#56
*!14 жасар қыз бала тез шаршау, қалтырау және шаш түсуіне шағымданды. Зерттеу бойынша: бос Т4 деңгейінің әлсіз төмендеуі,ТТГ деңгейі жоғарылауы,АНТИ-ТПО қалыптыдан 10 есе жоғарылауы. УЗИ: 5мм дейінгі аралас эхогенді аймақтар, қалқанша безінің жалпы көлемі 12 куб.см. Науқасты ЕҢ тиімді жүргізу тактикасы:
*струмэктомия
*эутирокс қабылдау
*тирозол қабылдау
*динамикада бақылау
*поливитаминдерді қабылдау
#57
*!Үш жастағы қыз балада артық салмақ қосу; әлсіздік, беттің ісінуі, тері құрғауы және іш қату байқалады. Күнделікті таңертең орынбасушы терапия ретінде Тироксинмен 100 мг/кг қабылдайды. Дәрі дозасының дұрыс екендігін ЕҢ дәл анықтайтын зерттеу:
*жалпы қан сынағы
*тиреоидты гормондардың құрамы
*тиротропин құрамы
*биохимиялық қан сынағы
*ТГ және ТПО антиденелерінің титрі
#58
*!Қыз бала 6 жаста. Физикалық және ақыл есінің дамуында құрбыларынна қалыс қалуда. Әлсіз және есте сақтау қабілеті нашар. Басы денесіне қарағанда үлкен, мұрын қыры төмендеген және жалпақ. Макроглоссия, терісі құрғақ және тері асты тіндері ісінген. Аяқ-қол ұштары суық. Пульс 72 рет мин. Үлкен дәреті іш қатуға бейім. Бұл жағдайда ЕҢ тиімді дәрі:
*инсулин
*адиуректин
*глюкокортикостероидтар
*тиреоидты гормондар
*минералокортикостероидтар
#59
*!Қыз бала 14 жаста. Артық салмақ қосу, әлсіздік, бетінің ісінуі, тері құрғақтығы, іш қату, аминорея, есте сақтау қабілетінің төмендеуі. Терісі құрғақ және суық. Қалқанша безі пальпацияланбайды. АҚ 80/60 с.б.б. Пульс 52р/мин. Т3 Т4 төмендеген, ТТГ жоғарылаған. Науқасқа ЕҢ тиімді ем:
*тиреостатиткалық препараттар
*тиреоидты препараттар
*диуретиктер
*йодты препараттар
*стероидты емес қабынуға қарсы препараттар
#60
*!10 жасар қыз бала мойынның алдыңғы аймағының томпаюы, қозғыштық, шаршағыштық, жүрек қағуы, бас ауруы, арықтауға шағымданып түсті. Түскен кезде эмоциональды тұрақсыз. Жалпы гипергидроз, қызыл дермографизм, экзофтальм, тұрақты тахикардия байқалады. Қалқанша безінің 2 деңгейі.Диагнозды нақтылау үшін ЕҢ керек зерттеу:
*қалқанша безінің УДЗ
*бос Т4, бос Т3 және ТТГ деңгейін анықтау
*қалқанша безінің пункциясы
*қалқанша безін радиоизотопты зерттеу
*кальцитонин, Анти-ТПО, анти-ТГ деңгейін анықтау
#61
*!10 жастағы қыз бала. Алдыңғы мойын аймағының ісіну, тітіркендіргіштік, жылағыштық, тез шаршағыштық, жүректің қатты соғуы, бас ауруы, арықтау шағымдарымен келіп түсті. Қабылдау кезінде: мазасыз, эмоциональді тұрақсыз. Жалпы гипергидроз, анық қызыл дермографизм, қалқанша безінің екінші деңгейдегі ұлғаюы, экзофтальм, тұрақты тахикардия байқалады. Аталған аурудың ЕҢ тиімді емі:
*седативті
*қан тамырды кеңейткіш
*дезинтоксикациялық
*жалпы әлдендіретін
*тирестатикалық
#62
*!14 жастағы науқаста экзофтальм, ашушаңдық және жемсау. Жүргізілген зерттеулер: Т4-25,6 нг/дл (N 6-12), ТТГ қалыптыдан төмен. Аталған аурудың ЕҢ тиімді емі:
*метимозол
*эутирокс
*радиойодтерапия
*струмэктомия
*калий йодиді
#63
*!13 жастағы ұл бала, бойының өсуі 2-3 жас артта қалған, инфантильді дене бітімі, жыныстық дамуы артта қалған, дене ұзындығы 111 см, сүйектің өсуі 5 жастағы балаға сәйкес келеді, салмағы 21,5 кг. Базальді өсу гармоны төмендеген. Клофелинмен стимуляция жасағанда нәтижесі теріс. Аталған аурудың ЕҢ тиімді емі:
*тестостерон энантат
*L-тироксин
*хорионический гонадотропин
*генотропин
*кортинефф
#64
*!Қыз бала 9 жаста физикалық дамуы артта қалған, анамнезінде бойының өсуі 2-3 жас артта қалған. Тұқым қуалаушылық анықталмайды. Қарағанда: дене бойының ұзындығы 102 см, салмағы 14кг, инфантильді дене бітім, терісі құрғақ. Диагнозды нақтылайтын ЕҢ дәл зерттеу:
*түрік ершігінің және бас миын МРТ ға түсіру
*базальді СТГ деңгейін анықтау
*клофелинмен белсендірілген сынама жүргізу
*саусақтарын рентгенге түсіру
*ФСГ, ЛГ, эстрадиол деңгейін анықтау
#65
*!8 жастағы бала шөлдеу, түнгі зәрді ұстай алмау, салмақтың төмендеуіне шағымданады. Мамасының айтуы бойынша тәулігіне 3,5-4,0 л су ішеді. Қарағанда: тері және шырышты қабаты құрғақ. АҚҚ 80/50 мм сын,бағ. Диагнозды нақтылайтын ЕҢ дәл зерттеу:
*клофелинмен сынама
*сұйықтықты шектеу тесті
*жалпы зәр сынағы
*қанның құрамындағы клофелин мен мочевинаны анықтау
*глюкозурияның деңгейін анықтау
#66
*!8 жастағы бала шөлдеу, түнгі зәрді ұстай алмау, салмақтың төмендеуіне шағымданады. Тәулігіне 3,5-4,0 л су ішеді. Қарағанда: тері және шырышты қабаты құрғақ. АҚҚ 80/50 мм сын,бағ. Тексергенде: гипернатремия, қанның гиперосмолярлығы, зәрдің гипоосмолярлығы, тәуліктік зәрдің тығыздығы 1002. Аталған аурудың ЕҢ тиімді емі:
*генотропин
*окситоцин
*минирин
*инсулин
*моноприл
#67
*! 16-жастағы акромегалиясы бар ұл балада 1,5 жылбұрынмикроаденомэктомия жасалған. СТГ мөлшері аздап жоғары - 14 нг/мл (норма 3,8- 10,2) глюкозалық жүктеме сынамасында түспейді. ЕҢ тиімді ем:
*қайталанған хирургиялық ота
*бромокриптин
*гипофиз маңына сәулелік терапия
*терапиядан шектеле тұру керек
*соматулин
#68
*!15 жастағы қыз бала бастың ауру сезімі мен менструалды циклдің бұзылуына шағымданады. Қарағанда: дене бітімі қалыпты, арқасында және бетінде бөртпелері бар. АҚҚ 110/70 мм. с.б. Қалқанша безі ұлғаймаған, ауру сезімінсіз. Жыныстық дамуы Ах2Ма3Р3 Ме 12 жастан бері. Менструалды циклдің бұзылысы соңғы 2 жылда байқалады, уақытылы емес, галактория. Тексергенде: қанда-гиперпролоктиемия, бастың МРТ да—түрік ершігі маңында кіші организм анықталады. ЕҢ тиімді ем:
*хирургиялық операция
*гипофиз маңының сәулелі терапиясы
*емді тоқтата тұру
*минирин
*бромокриптин
#69
*!15 жастағы қыз бала бұлшық еттің әлсіздігіне, етеккірдің жоқтығына шағымданады. Қарағанда: дене қалпы қалыпты, түктену қасағада, қолтық астында. АҚҚ – 150/90 мм.рт.ст. УЗТ кіші жамбас астауында патология анықтамады. Биохимиялық қан сынамасында гипокалиемия, натрия мөлшері жоғарғы сызықтық шегінде қалыпты.
Төмендегі зерттеудің қайсысы диагноз қоюға ЕҢ қажет:
*кариотипиялау
*АКТГ, кортизол плазма
*тестостерон, сарысуэстрадиолы
*ТТГ,қанда тироксин
*калийдың экскрециясын зәрде анықтау
#70
*!Қыз бала 13 жастан гипертрофиялық клитормен бақыланады, бұлшық еттік дене бітімі, гирсутизммен көрінген, АҚҚ 190/95 мм рт. Ст. Экскреция 11-ОКС - 18,5 мг/күніне (қалыпта 2,5-5,6 мг/күніне.), 17-КС - 20,0 мг/тәу. (қалыпта 5-10 мг/сут.). Аз көлемді сынама дексаметазонмен экскреция 11-ОКС сум., 17-КС тәуліктік зәрдің көлемі екі еседен көп. Төмендегі зерттеудің қайсысы диагноз қоюға ЕҢ қажет:
*плазмада 11-дезоксикортизола зерттеу
*тестостеронды плазмада зерттеу
*плазмада 17-гидроксипрогестеронды зерттеу
*зәрде бос кортизолды зерттеу
*лабораторлы қателікті табу үшін зәрді қайтадан зерттеу
#71
*!13 жастағы науқас айқын әлсіздікпен, шаршағыштықпен, тәбетінің төмендеуі, жүрек айну, салмақ жоғалтумен клиникаға түседі. Жоғарыдағы шағымдары 1 жыл көлемінде ұлғайып, мазалап бастаған.Қарағанда: астениялық дене бітімі, тері қабаттары гиперпигментацияланған, алақан терісінде қатпарлар, саусақта, бетте бұлшық еттердің гипертрофиясы. АҚҚ- 90/50 мм.с.б.ЖСЖ-87 рет мин. ЕҢ тиімді дәрі:
*синактен
*кортинефф
*дексаметазон
*преднизолон
*метипред
#72
*!15 жастағы балада айқын әлсіздік, жүрек айну, құсу, іштегі және буындар мен бұлшық еттердегі ауру сезімі, іш өту байқалады. Өспелі гипотония, пигментация, ішті пальпациялаған кезде пайда болатын диффузды ауру сезімі. Қарағанда: АҚҚ 80/30 мм с.б. ЖСЖ 120 рет мин. К - 5,0 ммоль/л, Na - 113 ммоль/л, гликемия - 1,8 ммоль/л. Осы жағдайды асқындыратын ЕҢ жиі себеп:
*метотрексат
*эутирокс
*кортинефф
*адреналин
*глюкагон
#73
*!12 жас ұл балада тез шаршағыштық, біртіндеп дамитын бұлшық еттегі әлсіздік, буындардағы босаңсушылық, «үйрек тәрізді жүріс». Қарағанда: бала әлсіз, жүдеген, терісі жер түстес, құрғақ, тізедегі және табан буындарындағы ауру сезімі, іш қатуға бейім, полиурия. Зерттегенде: қандағы кальций – 4,2 ммоль/л, калий – 3,8 ммоль/л, фосфат – 1,02 ммоль/л, паратгормон – 314 пг/л (қалыпта 51 -217); зәрдің салыстырмалы тығыздығы 1002 – 1008, сілтілі реакция. Науқасқа берілетін ЕҢ бірінші кезектегі ем:
*кальцитонин препараттарын қабылдау
*дифосфонаттар қабылдау
*хирургиялық ем
*натрий хлоридтің изотониялық сұйықтығын енгізу
*гидрокортизон қабылдау
#74
*!12 жас жастағы баланы парастезиялар, салқындау және денесі жыбырлайтын сезімдер, ұстама түріндегі бұлшық еттерінің тартылуы, ашушаңдық мазалайды. Анамнезінде: екі рет тетаникалық тырыспалар («сардоникалық жымию», «балық аузы», «акушер қолы», «ат табаны»). Диагноз қою үшін ЕҢ қажет зерттеу әдістері:
*электромиография
*қандағы натрий, хлорды анықтау
*қандағы кальций, фосфорды анықтау
*электрокардиография
*қандағы тироксинді анықтау
#75
*!Қыз бала 7 жаста «қант диабеті» диагнозымен, іштегі қатты ауыру сезімімен, «кофе тәрізді» құсумен ауыр жағдайда түсті. Терісі және шырышты қабаттары құрғақ. Акроцианоз, тахикардия, қан қысымы төмендеген, сопорозды есте. Науқасқа берілетін ЕҢ бірінші кезектегі ем:
*инсулин
*спиронолактон
*40% глюкоза ерітіндісі
*1% тропофен ерітіндісі
*10% кальций хлорид ерітіндісі
#76
*!Ұл бала 8 жас стационарға ессіз күйде жеткізілген. Қант диабеті бойынша инсулин еккен соң аяқ асты ауырған. Қарағанда: терісі айқын бозғылт, ылғалды, жиілеген тыныс, тахикардия, көз алмасының тонусы жоғарылаған, көз қарашығының ұлғаюы, клоника-тоникалық типті ұстамалар. Науқасқа берілетін ЕҢ бірінші кезектегі ем:
*инсулин
*фенобарбитал
*цефтриаксон
*глюкагон
*седуксен
#77
*!9 жасар қыз балада полидипсия, полиурия, дене салмағын жоғалту байқалды. Анамнезінен: бала ЖРВИ - мен жиі ауырады,соңғы 1,5 айдағы басынан өткен стресстен кейін жоғарыдағы шағымдары пайда болған. Диагнозды нақтылау үшін ЕҢ қажет лабораториялық зерттеу:
*жалпы несеп талдауы
*натрий, калий мөлшерін анықтау
*жалпы қан талдауы
*микроальбуминурия
*гликемия, С-пептид деңгейін анықтау
#78
*!Қыз бала 15 жаста АҚҚ 190/110 мм.с.б., артық салмақ. Бойы 173 см, салмағы 81 кг, ИМТ=27, ОТ/ОБ=1,23. Биохимиялық қан сынамасында: гиперхолестеринемия, гипертриглицеридемия, ЛПВП құрамының төмендеуі. Қанда –аш қарынға гипергликемия анықталды. Толеранттық тест көмірсуларға жүргізгенде (веналық қан) – аш қарынға 5,7 ммоль/л, 2 сағаттан кейін – 8,8 ммоль/л. С-пептид мөлшері аш қарынға 1,5 рет жоғары. ЕҢ керек ем:
*гипокалориялық диета, гипотензивті терапия
*инсулинотерапия, физическалық белсенділік
*статин, гипотензивті препарат
*зәр айдайтын препараттар, статиндер
*гипокалориялық диета, статин
#79
*!12 жастағы балада артық дене салмағы, тері асты май қабатының абдоминальды орналасуы, қалыпты қабаттардың гиперпигментациясы, жалған гинекомастия, «климакстериялық» өркеш түзілген, ТЖК 98 1 минутта, АҚҚ 135/80 мм рт.ст. Диагнозды нақтылау үшін ЕҢ қажет зерттеу:
*электромиография, эхокардиография
*кеуде қуысына рентгенография
*ТТГ денгейін анақтау, босы Т4
*электролит денгейін анықтау, мочевина, креатинин
*гликемия мөлшерін анықтау, холестерин, триглицерид
#80
*!І типті қант диабетімен ауратын балада гипогликемиялық кома дамыды, гликемия 0,5 ммоль/л болды. Тексергенде: тежелу синдромы, бұлшықет регидтілігі байқалады. Гликемия – 8,2 ммоль/л. Дәрігер ЕҢ бірінші не істеу керек?
*қосымша 4 ЕД инсулин енгізу
*5%-тік глюкозаны тамшылатып беру
*қандай да бір коллоидты ерітіндіні тамшылатып беру
*физиологиялық ерітіндіні тамшылатып беру
*40%-тік глюкозаны тамшылатып беру
#81
*!Ұл бала 12 жас. Қант диабетінің 1-ші типімен 3 жасынан бастап ауырады. Кетоацидоз 2 жағдайында госпитализацияланған. Осы жағдайына қарай инсулиннің ЕҢ қажет мөлшері:
*0,1 ед/кг салмағына сағат сайын
*0,2 ед/кг салмағына сағат сайын
*0,25-0,5 ед/кг салмағына тәулік сайын
*0,6-0,8 ед/кг салмағына тәулік сайын
*1-1,1 ед/кг салмағына тәулік сайын
#82
*!5 жастағы қыз балада дисэмбриогенез стигмаларының көп мөлшері, қарыншааралық перденің ақауы және сыртқы жыныс ағзаларының дамымай қалуы. УДЗ: эндометрий тозуы және гонаданың жоқтығы. Диагнозды нақтылау үшін ЕҢ қажет зерттеу:
*эстрадиол деңгейі қалыпты
*гонадотропты гормондар деңгейі қалыпты
*соматотропты гормондар қалыпты
*сүйек жасының құжатқа сәйкес болуы
*кариотип 45 Х, жыныстық хроматин теріс
#83
*!Ұл бала, 6 жаста. Профилактикалық тексеру кезінде ұмада екі жұмыртқаның жоқтығы анықталды. УДЗ: жұмыртқаның шап каналынан жоғары орналасқаны, гонадалар мөлшері кішірейгені анықталды. Екі жақтық орхиопексия жасалды. Эндокринологтың ЕҢ қажет тактикасы:
*15 жасқа дейін бақылау
*хорионды гонадотропинмен 10 жасқа дейін жыл сайын айлық ем алу
*15 жасқа дейін хорионды гонадотропинмен тұрақты ем жүргізу
*15 жасқа дейін андроген препараттармен тұрақты ем жүргізу
*хорионды гонадотропинмен андроген препараттарының қосарланған емі
#84
*!10 жастағы ер бала ұрық қапшығының кішіреюіне эндокринологқа шағымдануда. Объективті: бойы- 135см, салмағы- 42кг, абдоминалды теріасты май май қабатының орналасуы қалыпты, интеллект жасына сәйкес. Жыныстық дамуы: сыртқы жыныс мүшелері ер адам типіне сәйкес, жұмыртқа ұрық қапшығында орналасқан, палпация кезінде көлемі кіші, консистенциясы жұмсақ. Диагнозды дәлелдеу үшін ЕҢ қажет тексеру әдісі?
*кариотип анықтау
*ұрық қапшығының УДЗ
*ЛГ, ФСГ, тестестерон мөлшерін анықтау
*бас миының МРТ
*диферелинмен сынама
#85
*!11айлық қыз бала. Анасының айтуы бойынша 4 айлығынан бастап сүт бездерінің үлкеуі байқалады. Тексергенде: бойы 77 см, салмағы 10 кг. Зерттеулер нәтижесі: ЛГ – 0,100 mlu/ml (қалыпты 0-3,29), пролактин -22,82 ng/ml (қалыпта 1,9-25,2), ФСГ – 6,51мед/мл (қалыпта 1,84-20,26), экстрадиол – 43, 53 пмоль/л (қалыпта 40-161). Сол қол саусақтарының рентгенограммасы: сүйектік жасы 2 жасқа сәйкес. Сүт бездерінің УДЗ: екі жақтық визуализациясының көлемі 0,8x1,0см, бездік тіндердің қалыптасуы. Кіші жамбас қуысының УДЗ: жатыр орталықта орналасқан, шеттері анық, бірдей, ұзындығы – 1,8мм, алдыңғы-артқы өлшемі – 0,9мм, көлемі – 10мм. Науқасқа ЕҢ қажет қосымша зерттеу әдісі:
*клофелинмен ынталандыру сынамасын жасау
*гонадотропин-ризилинг гормондарының аналогымен ынталандыру сынамасын жасау
*бас миының МРТ
*сүт бездерінің УДЗ
*көз түбін тексеру
#86
*!11айлық қыз бала. 4 айлығынан бастап сүт бездерінің үлкеуі байқалады. Бойы 77 см, салмағы 10 кг. Зерттеулер нәтижесі: ЛГ – 0,100 mlu/ml (қалыпты 0-3,29), пролактин – 22,82 ng/ml (қалыпта 1,9-25,2), ФСГ – 6,51мед/мл (қалыпта 1,84-20,26), экстрадиол – 43, 53 пмоль/л (қалыпта 40-161). Сол қол саусақтарының рентгенограммасы: сүйектің жасы 2 жасқа сәйкес. Сүт бездерінің УДЗ: екі жақтық визуализациясының көлемі 0,8x1,0 см,
бездік тіндердің қалыптасуы. Кіші жамбас қуысының УДЗ: жатыр орталықта орналасқан, шеттері анық, бірдей, ұзындығы - 1,8 мм, алдыңғы-артқы өлшемі – 0,9 мм, көлемі – 10 мм, оң және сол жұмыртқа қапшығында фолликулалардың визуализациясы. Науқасты емдеуде қандай препарат ЕҢ тиімді?
*бромокриптин
*сиофор
*диферелин
*дексаметазон
*соматропин
#87
*!Қыз бала, 6 жаста. Анамнезден: 5 жасында ми шайқалуы болды. Соңғы 5 айда сүт бездерінің ұлғаюы байқалды, жыныс мүшелерінен қан жағындылары бөлінді. Тексергенде: бойы 130 см, салмағы 28 кг. Екіншілік жыныстық белгілер Ма2P2Ах2Me 5 жастан, тұрақты. Биохимиялық қан анализі: глюкоза – 3,5 ммоль/л, натрий – 140,0 ммоль/л, жалпы белок – 74 г/л, холестерин – 5,0 ммоль/л. ЛГ – 5,2 мме/мл (норма 0,3-1,0), ФСГ – 6,4 мме/мл (норма 0,2-3,0). Қандай препарат ЕҢ қажет:
*бромокриптин
*диферелин
*эутирокс
*андокур
*соматропин
#88
*!Науқас 16 жаста, артық салмақ, үнемі бастың ауру сезімі, әлсіздікке шағымданады. Салмақты 13 жастан жылдам 15 кг қосқан. Әлсіздік, бастағы ауру сезімі, АҚҚ 140/90 мм с.б. көтерілуі соңғы жылда мазалап жүр. Тексергенде: бойы 170 см, салмағы 100 кг. ИМТ-34,5 кг/м2, шел қабаты тегіс таралған. Терісі ақшыл қызғылт, іштегі қызғылт түсті, жамбастың ішкі бетінде стриялар анықталады. Қосымша тексерулерде: веналық қанда ашқарынға гликемия 5,2 ммоль/л, бос кортизолдың тәуліктік экскрециясы-390 нмоль/т (қалыпта 120-400). ЕҢ тиімді ем?
*субкалориялық ем дәм
*физикалық белсенділік
*гипотензионды дәрілер
*седативті терапия
*психотерапия
#89
*!Науқас 16 жаста, артық салмақ, үнемі бастың ауру сезімі, әлсіздікке шағымданады. Салмақты 13 жастан жылдам 15 кг қосқан. Әлсіздік, бастағы ауру сезімі, АҚҚ 140/90 мм с.б. көтерілуі соңғы жылда мазалап жүр. Тексергенде: бойы 170 см, салмағы 100 кг. ИМТ-34,5 кг/м2, шел қабаты тегіс таралған. Терісі ақшыл қызғылт, іштегі қызғылт түсті, жамбастың ішкі бетінде стриялар анықталады. Қосымша тексерулерде: веналық қанда ашқарынға гликемия 5,2 ммоль/л, бос кортизолдың тәуліктік экскрециясы-390 нмоль/т (қалыпта 120-400). Қандай дәрігермен консультация жасалу керек?
*гинеколог
*невропатолог
*онколог
*нефролог
*гастроэнтеролог
#90
*!Науқас 12 жаста, артық салмақ, шаршағыштық, тәбетінің жоғарылауы, шөлдеу, ақыл есінің артта қалуына шағымданады. Анамнезінде: уақытылы босанған, салмағы – 2500,0, бойы – 48 см. Нәрестелік кезеңде бұлшық еттердің гипотониясы, тәбетінің төмендеуі байқалған. Салмақ қосуы 2 жылдан бері тәбетінің жоғарылауымен байланысты.
Обьективті: бойы 141 см, салмағы 67 кг, ИМТ-33,5%. Тері асты май қабаты дамуы артқан. Ақыл есінің дамуы артта қалған. Жыныстық дамуы Танер бойынша: Ах0Ма0Р0Ме абс. Стандартты глюкозотолеранттылық тест жүргізгенде: ашқарынға гликемия 5,9 ммоль/л, жүктемеден кейін 2 сағаттан соң-12,1 ммоль/л. Диагнозды дәлелдеу үшін ЕҢ қажет тексеру әдісі:
*гипофизді МРТ ға түсіру
*саусақтарын рентгенге түсіру
*қалқанша безін УДЗ сы
*молеклярлы-генетикалық тест
*инсулиннің деңгейіін анықтау
#91
*!Қыз 3 жаста. Туа біткен гипотиреозға байланысты күніне 100 мкг болатын тироксинмен алмастыру терапиясы қабылданады. Төмендегі анализдердің қайсысы емдік дозаның тиімділігін көрсетеді:
*жалпы қан сынағы
*қалқанша безінің тиреоидты гормондары
*тиротропиннің деңгейі
*биохимиялық қан сынағы
*TG және TPO-ға қарсы антиденелердің титрлері
#92
*!Науқас 16 жаста, І типті қант диабетімен ауырады, инсулин енгізгеннен кейін 3 сағаттан соң коматозды жағдай болды. Қандай іс-шараны ЕҢ бірінші орындау қажет?
*ЭКГ түсіру
*5%-тік глюкоза ерітіндісін көктамырға енгізу
*инсулин енгізу (10-20 б)
*креатинин, электролиттер және қандағы глюкозаның деңгейін зерттеу
*20 мл 40%-дық глюкоза ерітіндісін көктамырға енгізу
#93
*!Тіндік гипоксияға алып келетін қант диабетімен науқаста бигуанидтерді қолдану қандай ЕҢ жиі жанама әсер туғызады:
*полиурияның күшеюі;
*кетоацидоз
*лактоацидоз
*агранулоцитоз
*холестатикалық сарғаюы
#94
*!Бүйрек ауруы бар 2 типті қант диабетімен ауыратын науқасқа қандай дәрі қолдану ЕҢ тиімді?
*манинил
*глюренорм
*хлорпропамид
*диабетон
*адебит
#95
*!Науқас 16 жаста. 2 типті қант диабетімен ауырады. Диета сақтайды және глюренорм қабылдайды. Калькулезды холецистит бойынша ота жасалу қажет. Гипогликемиялық терапияның ЕҢ дұрыс емдеу әдісі:
*бұрынғы ем жоспарын сақтау
*глюренормды тоқтату
*инсулиннің монокомпонентті препараттарын қабылдау
*преднизолон қосу
*манинил тағайындау
#96
*!17 жастағы қыз бала, шағымдары: 4 кг салмақ қосу, әлсіздік, іш қату және тері жабындыларының құрғақтығы. Зерттегенде: гипорефлексия, пальпацияда қалқанша безінің ұлғаюы анықталды. Диагнозды нақтылау үшін қандай гормонды анықтау ЕҢ қажет?
*антитиреоидты аутоантиденелер
*Т3
*Т4
*ТТГ
*Т4, Т3
#97
*!Науқас 15 жаста, 1 айдын ішінде 6 кг арықтаған, бірақ тәбеті сақталған, әлсіздік, ұйқысының бұзылуы анықталады. Терісі ылғалды, жылы, серпімділігі сақталған. Шашы жұмсақ. Көздері үлкейген, көз жұмуы сирек. Төмен қараған кезде қабақпен қасаң қабақтың арасында ақ сызық көрінеді. Конвергенция бұзылған, қабақтары пигменттелген. Саусақтардың треморы анықталды. Жүрек тондары анық. ЖСЖ – 98. ЭКГ: синусты тахикардия, қарыншалық кешеннің спецификалық емес өзгерістері. Қандай зерттеу диагнозды нақтылау үшін ЕҢ қажет:
*ЖҚА
*тиреоидты гормондар
*кортикостероидтар деңгейі
*биохимиялық қан анализы
*гонадотропты гормон
#98
*!Науқас 16 жаста, 1 типті қант диабетімен ауырады. Инсулиннің инъекциясынан кейін әлсіздік, денесінде діріл, бас айналу, тершеңдік, есінен тану байқалды. Жағдайы ауыр, ессіз. Терісі ылғалды, бозарған. Аяқ қолдарының тырысуы. Жүрек тондары ырғақты. ЖСЖ – 100, АҚ – 170/90 мм с.б. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісі ЕҢ қажет:
*қант деңгейінің анықтау
*калий деңгейінің анықтау
*натрий деңгейінің анықтау
*белок деңгейінің анықтау
*амилаза деңгейінің анықтау
#99
*!5 жасар балада, оң жақты крипторхизмі бар оң жақта ауру сезімі мазалайды. Қандай емдеу тактикасы ЕҢ тиімді:
*динамикада бақылау
*қабынуға қарсы препараттар
*жедел хирургиялық операция
*преднизолон қосу
*манинилинді қосу
#100
*!Қыз бала 10 жаста, 1 типті қант диабетімен ауырады. Негізгі тамақтарды қабылдаудын алдында Хумалог қабылдайды, ұйықтар алдында - Лантус. Түнгі уақытта шөлдеу. Препрандиальды гликемия және гликемия 22 сағатта- 10-12 ммоль/л, 2 сағаттан кейін - 4,5-5,6 ммоль/л. Инсулинотерапияны жүргізудің ЕҢ дұрыс тактикасы?
*динамикада бақылау
*Лантустын дозасын жоғарлату
*Лантустын дозасын төмендету
*Хумалог дозасын жоғарлату
*Хумалог дозасын төмендету


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет