Тақырыбы: Өкпе тінінің тығыздалу синдромы. Өкпеде қуыстың болуы синдромы. Бронхтардың кеңею синдромы



бет1/4
Дата07.11.2022
өлшемі29,07 Kb.
#48173
  1   2   3   4
Байланысты:
сроп 4 окпе жанерке


«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ NSEO «KAZAKH-RUSSIAN MEDICAL»
УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ UNIVERSITY

СОӨЖ №4



Тақырыбы: Өкпе тінінің тығыздалу синдромы. Өкпеде қуыстың болуы синдромы. Бронхтардың кеңею синдромы

Орындаған: Айбарқызы Жанерке


Тобы:308 А, ОМ
Факультет: Жалпы медицина
Тексерген:Китуева Р.Н.

Алматы-2022.


Өкпе тінінің тығыздалу синдромы. Өкпеде қуыстың болуы синдромы. Бронхтардың кеңею синдромы.
1) Өкпе тіндерінің тығыздалуы синдромының анықтамасы
2) Өкпе тіндері тығыздалуының пайда болу себептері және механизмдері
3) Өкпе тіндері тығыздалуының клиникалық көріністері
4) Өкпе тіндері тығыздалуы синдромы диагностикасы
5) Өкпе тіндері тығыздалуы синдромының балалардағы ерекшеліктері.
Анықтамасы. Өкпе тіндерінің тығыздалуы синдромы деп әр түрлі
патологиялық жағдайларға байланысты өкпе ұлпалары сұйық
жиналғандықтан, басқа тығыз тіндермен алмасқандықтан немесе ауадан
босап солып қалуынан қатайғанын атайды. Өкпе ұлпасының тығыздалу
синдромы өзіне тән морфологиялық, рентгенологиялық, клиникалық
белгілерден құрылады. Практикалық салада ол көбінесе клиникалық және
рентгенологиялық мәліметтер арқылы анықталады.
Пайда болу себептері және механизмдері. Өкпе паренхимасының
тығыздалып қатаюы бір неше механизмдерге қарай туындайтын дерттік
жағдай: альвеолаларға түрлі сұйықтықтар жиналуы, өкпе тіндері басқа тығыз
тіндермен алмасуы, өкпе тіндері ауадан босап солып қалуы. Ең алдымен,
өкпенің қатаюы альвеолалардың зақымдануына байланысты болып келеді,
альвеолаларға түрлі сұйықтықтар жиналу салдарынан. Альвеолаларға
экссудат (қабынба сұйықтығы), транссудат (тамыр іргелерінен сүзіліп өткен
қабынба емес сұйықтық), қан сияқты сұйықтықтар жиналуы мүмкін.
Экссудат жиналу - қабыну процесс көрінісі, пневмония, туберкулез ауруларына тән.
Альвеолаларға құрамында жасушалық элементтер, лейкоциттер көп, фибрин
талшықтары бар, микроорганизмдер және олардың токсиндері бар жабысқақ
сұйықтықтар жиналады. Өкпе тіндерінің тығыздалуы альвеолаларға қан
жиналғандықтан да пайда болатын синдром. Қан жиналу - өкпе ұлпаларының
ыдырауымен (деструкциясымен) жүретін патологиялық жағдайларға тән:
өкпе инфарктісі, өкпе туберкулезі, өкпе қатерлі ісігі, өкпе іріңдігі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет