1. Файлдардың көлемін кішірейту үшін қандай бағдарламалар қолданылады?



Дата05.10.2022
өлшемі15,45 Kb.
#41415
Байланысты:
5 лек тест


1. Файлдардың көлемін кішірейту үшін қандай бағдарламалар қолданылады?
a) мұрағаттаушы бағдарламалар
b) файлдарды сақтық көшіру бағдарламалары
c) интерпретатор-бағдарламалар
d) транслятор-бағдарламалар
2. Қысылған файл – бұл …
a) ұзақ уақыт қолданылмаған файл
b) көшіруден қорғалған файл
c) мұрағаттаушы көмегімен буылған файл
d) рұқсатсыз қолданудан қорғалған файл
3. Қысылған файлдың бастапқы түрінен айырмашылығы …
a) оған аз уақытта қол жеткізуге болады
b) ол вирустардан жеңіл қорғалады
c) ол рұқсатсыз қолданудан жеңіл қорғалады
d) ол аз орын алады
4. Мұрағаттаушы бағдарламаларды көрсетіңіз.
a) WinZIP, WinRAR
b) WordArt
c) Word, PowerPoint
d) Excel, Internet Explorer
5. WinRAR және WinZIP бағдарламалары ... арналған
a) қалталармен жұмыс істеуге
b) файлдармен жұмыс істеуге
c) вирусқа қарсы өңдеуге
d) файлдарды қысуға
6. Қалтаны немесе файлды мұрағаттау үшін ... керек
a) таңдалған нысанда тінтуірдің оң жақ батырмасын басу, мәтінмәндік мәзірдегі Мұрағатқа үстеу әмірін таңдау – қажетті параметрлерді таңдау – Жарайды батырмасын басу
b) таңдалған нысанда тінтуірдің сол жақ батырмасын басу, Бас мәзірдегі Орындау әмірін таңдау – қажетті параметрлерді таңдау – Жарайды батырмасын басу
c) Файл мәзіріндегі Әзірлеу әмірін таңдау – Мәтіндік құжат – Жарайды батырмасын басу
d) Құралдар мәзіріндегі Мұрағатқа үстеу әмірін таңдау – қажетті параметрлерді таңдау – Жарайды батырмасын басу
7. Қысылған файлмен жұмыс істемес бұрын аталған әрекеттердің қайсысын орындау керек?
a) қайта пішімдеу
b) ағымдағы каталогта көшірмесін жасау
c) мұрағатты ашу
d) орындалуға жіберу

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет