1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


Фольклорлық прозадағы жанрлар жүйесі



бет6/111
Дата24.11.2022
өлшемі266.62 Kb.
#52414
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   111
10. Фольклорлық прозадағы жанрлар жүйесі.
Фольклорлық прозадағы жанрлар жүйесі. Жалпы жанрлар теориясынан
фольклорлық проза жанрларының теориясын бөліп алатын болсақ, оның мынадай басты - басты (түбегейлі) міндеттерін атап көрсетуге болады. Олар: а)прозалық фольклорды басқа қара сөздерден,күнделікті жай әңгіме мен әдеби көркем прозадан ажыратудың ғылыми негізделген критерийлерін анықтау; ә) прозалық фольклордың өлең үлгісіндегі фольклордан айырмасын
белгілеу; б) халық прозасының өз ішіндегі жанрлық топтар мен бөлшектерді
айырудың принциптерін айқындау. Аталған міндеттердің ішінде дау
туғызбайтыны - өлең түріндегі фольклор мен қара сөз үлгісіндегі фольклордың айырмашылығы. Бұл мәселені шешуде фольклортану ғылымы әдебиет теориясының тәжірибесіне сүйене алады. Сонымен бірге, еркінірек, кеңірек, тереңірек бара алады. 
11-Қазақ фольклорының зерттеуі мен фольклористика ғылымының тарихы.
Қазақ фольклорының қалыптасуы өте ұзақ та күрделі процесс. Рулық қоғамдағы фольклор үлігілеріне миф, еретегі, аңыз, әпсана, бақсы сарыны, арбау, байлау өлеңдері т.б. жанрларды жатқызамыз. Бұл дәуірде қалыптасқан халық қазынасы халықтық дүниетанмның ең ерте дәуірлерінегі зороастризм, шаманизм, анимизм, тотемизмге байланысты туып қалыптасқан. Қазақ эпостарының осы күнгі бастамалары ерте замандардағы патриархалдық рулық құрылыс кезінде қалыптасқан. Эпос жанрының ішінде көне эпос дәл осы дәуірдің көркем мұрасы. Орта ғасырлардағы фольклор үлгілеріне батырлық эпос, ғашықтық эпос, ертегі, аңыз, әпсана жанрлары жатады. Түркі қағанаты, орта ғасыр, қазақ хандығы кезіндегі ауыз әдебиетінің дамуы. Түркі жазба ескерткіштері, ақындық, жыраулық поэзияның фольклорға ықпалы зор болды. Фольклордың ең өзекті тақырыбы- елдік пен ерлікті жырлау. Қазақ халқының жоңғарларға қарсы ерлік күресі фолшьклорда кеңінен сөз болды. Қазақстанның Ресейдің боданы болуына байланысты фольклорда жаңа тақырыптар пайда болды. 1916ж. ұлт-азаттық көретіліс, 1941-45ж.ж. ІІ Дүниежүзілік соғысы арнау, жоқтау, сәлем хат, қоштасу тәрізді лирикалық жыр жанралрының қайта жаңғырған кезеңі еді. ІІ Дүнижүзілік соғыс кезіндегі халық поэзиясы. Қазақ фольклорының зерттелу тарихы және фольклористика ғылымының тарихы.
Қазақ ауыз әдебиетін зерттеу шын мәнінде бірнеше ғасырлық тарихы бар келелі іс. Қазақ фольклоры туралы ғылым ХУІІІ ғ. қалыптаса бастады. ХІХ ғ. І жартысында қазақ фольклорының этнографиялық бағытта зерттелді. ХХғ. бас кезіндегі қазақ фольклоры жаййында мәселелр көтеріліп, газет-журналдарда халық мұрасын жинау, зерттеу, бағалау хақында пікірлер айтылды. (А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, М.Ж.Көпеев, С.Сейфуллин, М:Әуезов, С.Мұқанов т.б.) 30ж.ж. кеңестік дәуірдергі халық творчествосын зерттеу одақтық көлемде қолға алына бастады. М.Әуезовтің «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры»(1939), С.Мұқановтың «Батырлар жыры» (1939), Қ.Жұмалиевтің «Халық поэмалары» (1939), Ә.Марғұланның «Қазақ эпосын тудырған мотивтер» (1939) т.б. еңбектері жарияланды. 40-50ж.ж. қазақ фольклорының жанрларын монографиялық көлемде зерттеу қолға алынды. 70-80ж.ж. қазақ фолклортану ғылымының үлкен белесті кезеңі болды. Ғылымға Р.Бердібаев, С.Қасқабасов, Е.Тұрсынов, Б,Абылқасымов, Ш.Ыбыраев, Б.Адамбаев, Ә.Қоңыратбаев сынды ғалымдар келді. Қазақ фольклорының поэтикасы, тарихилығы, эстеткиасы т.б. өзекті мәселелер зерттеу нысанасына алынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   111




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет