1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


жырдағы салттар, көшпелі тұрмыстың көрінісі, махаббат, сүйіспеншілік мәселесі



бет72/112
Дата02.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#132087
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   112
106. жырдағы салттар, көшпелі тұрмыстың көрінісі, махаббат, сүйіспеншілік мәселесі.
Кез келген халықтың өзіне тән тұрмыс-тіршілігі, салт-санасы, әдет-ғұрпы болады. Қазақ халқының ауыз әдебиетінде тұрмыс-салтқа, әдет-ғұрыпқа, салт-дәстүрге байланысты туған шығармалар тұрмыс-салт жырлары деп аталған. Тұрмыс-салт жырлары мазмұны жағынан бірнеше түрге бөлінген. Олардың негізгілері:
1. Төрт түлік малға, еңбекке, аңшылық кәсіпке байланыстытуған шығармалар. Наурыз жыры.
2. Баланың дүниеге келуіне, есейіп ержетуіне байланысты туған шығармалар.
3. Үйлену салтына байланысты туған өлең-жырлар.
4. Көңіл күйді білдіретін өлең-жырлар.
5. Бата-тілектер.
қазақ халқының тұрмыс, көші-қон, мал бағу ерекшелігінің фольклорлық және этнографиялық болмысының танымдық мәні өте зор.
Өткен дәуірде көшпелі мал өсірген қазақтардың тіршілік негізі дәстүрлі шаруашылық болды. Себебі, олардың өмір сүретін табиғи ортасы қашан да шаруашылықтың, соның ішінде, төрт түлік малдың қайнар көзі болып табылды. Дәстүрлі шаруашылық құрылымына сәйкес көшпелі мал өсіруші қазақтарда табиғатпен тығыз байланыс, оған бейімделу күшті болды. Төрт түлік малды бағып, өсіру қазақтың ұлан байтақ сахаралы даласында тамыр жайды, көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан ел болды. Көшпелі мал бағу дәстүрі үстем дамыған әр түрлі ру бірлестіктерінің саны да өсті. Осындай дәстүрлі шаруашылықтың құрылымы ерте замандағы қазақтардың өмір салтын, тұрмыс-тіршілік деңгейін көтерді.
азақ халқының ертедегі күн-көрісі, тұрмыс-тіршілігі, шаруашылығы төрт түлік малға байланысты болуымен қатар, халықтың психологиясына, сезім дүниесіне, тіліне де әсер етті. Қ. Жұмалиевтың пікірінше: «Мал бағып күн көрген ертедегі адамдар өзі жасаған ауыз әдебиетінде ең жақсы образ теңеулерді әр түрлі жануарлардың өмірінен алып отырған. Бұған екі себеп бар, біріншіден, төрт түлік ғасырлар бойы адамның ой-санасымен ұнамды орын алған, екіншіден, төрт түліктің қайсысы болса да көпке белгілі, сол белгілі нәрсе арқылы белгісіз нәрсені елестеткен [4]. Дәлірек айтқанда, ертеде қазақ халқы малдың сыр мінезінен шыға отырып, адамның келбетін, түсін, сиқын, жаман-жақсы мінезін, қылығын айқын көрсету үшін, оны малдың мүшелеріне, мінезіне салыстырған, әртүрлі теңеулер жасаған. Бұған мысал: «құлыным», «қозым», «боздағым» сөздері образға айналып, баланы жақсы көргенде айтылған. Сұлу қызға «Ботакөз» деп теңеуін теңеген. «Ботадай боздады», «Қозыдай шулады» сөздері адамның көңіл-күйін білдіруге келгенде айтылған. «Жігіттің нары екен» сөз адам тұлғасын сипаттағанда айтылған, Міне, бұл салыстыру, теңеу түрінде айтылған сөздерден фольклорлық ұғымдар мен этнографиялық болмыстың көріністері айқын көрініс табады.
Ұзақ ғасырлар бойғы халық аузында жатталып ұрпақтан ұрпаққа асыл мұра болып бүгінгі ұрпаққа жеткен сондай халық қазыналарының бір саласы – «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан» іспетті тұрмыс лиро-эпос жырлары.
Осы халық жырларының қай қайсысын оқысақ та халқымыздың өткен өмірінің елесін көреміз, шаруашылық, тұрмыс күйі туралы мол мағлұматтарға кез боламыз. Көшпелі өмір көрінісі, төрт түлік малдың түр-түсі, жасына байланысты атаулардан бастап, мал ауруына дейін, халқымыздың төрт түліктен алған азық-түлік, киім-кешегі, әдет-ғұрпы, салт-санасына дейін халық жырларында бейнеленген.
Жырдағы малшылық тұрмыс көп мәліметтер береді. Солардың бірі жылқы түлігін отарлап қостап бағу, себебі жылқыны көп ұстайтын ірі байларға қысты күні жылқыны бағу өте қиынға түсетін. Көп жылқыны қыстауға алып қалуға еш мүмкіндік болмайтын, осыған орай ірі байлар, атап айтқанда, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырында Қарабай, «Қыз Жібек» жырында Базарбай, «Айман-Шолпан» жырында Маман бай жылқы малын жеке қос етіп құраған. Әрбір жылқы қосы бірнеше айғырдың үйірінен құралады, әрбір үйірде 20-30-дан биелер болады. Оған қоса үйірде жабағы, тайлар болуы мүмкін. Этнограф Х. Арғынбаев өзінің еңбегінде: «... Қысты күні жылқыны бағу ірі байларға қиынға түсетін... жылқы түлігін отарлап қостап бағу әдісі қолданылған. Ірі байлар жеке қос етіп шығарса, жылқысы шағындар бірігіп қос құрайтын. Бір қоста 400-500 бас жылқы болатын» [5], - деп жазды.
Қостағы бағып күтушілер – жылқышылар. Олардың бастығы байдың ең сенімді, ет жақындарының бірі болады. Ол қосты отарлар алдында алдын-ала дайындап, ең сенімді, төзімді жігіттерді өзі таңдап алады. Дәлірек айтқанда, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырында Қодар осындай жылқы қосының бастығы, Қарабайдың сенімді жылқышысы. Ол жылы киім, ішер аспен, мініс атпен қамтамасыз етіледі.
Жырлардағы малшылардың тұрмысы көбіне жаз немесе қыс мезгілінде ауа райына байланысты болатын. Мәселен, боран-шашынды қыс күндерінде жылқышылар жылы киініп, азық-түліктерін өздерімен бірге алып, отар маңында болып, жылқыларды ықтырмауға тырысатын. Егер аязды бұрқасын болып жылқы қайыру бермей ықса, жылқышылар отармен ығатын. Тек бұрқасын басылғанда ғана жылқыны қайырып, өз қостарын табатын.
Жырдағы сүйіспеншілік мәселесі-ғашықтық жырлар – ауыз әдебиетінің мол әрі рухани қазынасы. Қос ғашықтың сол заманғы көшпелі қазақ қауымының салт-санасына, тұрмыс-тіршілігіне төтеп бере алмауы, кіршіксіз таза махаббаты мен қайғылы тағдыры қай адамның болсын көзіне жас үймелетеді. Лиро-эпостық жырлардың ерешелігі де, көркемдік қасиеті де осында. Классикалық дәрежеге көтерілген сүбелі туындылар қоғамның сыртқы көрінісін емес, ішкі сырын, жұмбағын, философиясын жинақтайды. Бұл шығармалардың лиро-эпос деп аталуының мәні сонда жатыр. Оның ішінде ел аузындағысы да бар, қөп білмейтін, бірақ келісті сюжетті қамтитын туындылар да же


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет