1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері. Жаза тағайындау



бет1/24
Дата26.11.2023
өлшемі54,01 Kb.
#128286
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
семинар-дискуссия Жаза тағайындау


ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ

1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздерінің түсінігі.


2. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар.
3. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындау.
4. Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау.


1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері.
Жаза тағайындау қылмыстық заңды қолдану барысындағы ең жауапты, маңызды саты болып табылады.
Өйткенi, жаза тағайындау, оны жүзеге асыру сотталған адамды түзеуге, əлеуметтiк əдiлеттiлiктi қалпына келтiруге, қылмыстардың алдын алуға ықпал етедi. Жазаның осы мақсаттарына қол жеткiзу, көбiне қылмыстық жазаларды əдiл əрi негiздi тағайындаумен анықталады.
Қылмыс жасаған адамға белгiлi бiр жазаны жеке дара тағайындау, жаза тағайындаудың жалпы негiздерi деп аталатын арнайы ережелерге сəйкес жүргiзiледi. Жаза тағайындаудың жалпы негiздерi дегенiмiз – əрбiр нақты iс бойынша жаза тағайындау кезiнде сот басшылыққа алуы тиiс заңмен бекiтiлген белгiлер.
Қылмыстық заңда жаза тағайындаудың жалпы негiздерi ретiнде: жазаның əдiлеттiлiгi, мақсатқа лайықтылығы, тиiмдiлiгi айтылады.
ҚР ҚК-тiң 52-бабының 1-бөлiгiне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кінәлі деп танылған адамға осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнiң тиiстi бабында белгiленген шектерде және осы Кодекстiң Жалпы бөлiгiнiң ережелерi ескерiле отырып, әдiл жаза тағайындалады – делінген.
Жаза əдiлеттi деп танылады, егер ол жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығына, қоғамға қауiптiлiк сипаты мен дəрежесiне, кiнəлiнiң жеке басына жəне қылмысты жасау жағдайларына сəйкес тағайындалатын болса.
Қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiгiнiң тиiстi бабында белгiленген шектерде тағайындалады. Яғни, сот жаза тағайындағанда кінәлінің істеген қылмыстық теріс қылық не қылмыс үшін көзделген жазаның мөлшерін, түрін сол баптың санкциясында көрсетілген шектен шықпай тағайындауға міндетті. Қылмыстық заңның нақты құрамының санкциясында көрсетілген жаза мөлшерінің ең жоғарғы шегінен шығып, жаза тағайындауға заң ешқандай жол бермейді.
Сондай-ақ, сот жаза тағайындау кезінде Қылмыстық кодекстiң Жалпы бөлiгiнiң ережелерiн ескере отырып, әдiл жаза тағайындауы қажет. Яғни сот жаза тағайындаудың алдында кінәлінің іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы бар ма, жоқ па, деген мәселені анықтайды. Егер, қылмыстық құқық бұзушылық құрамы бар болса, ол аяқталған ба, жоқ аяқталмаған ба, кінәлі оны жалғыз өзі ме, не адамдар тобымен жасады ма деген мәслелерді анықтайды. Содан, сот кінәлі қылмыстық құқық бұзушылықты жүзеге асырған уақытында жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар орын алғанын не алмағаны анықтау қажет. Міне бұл сұрақтардың барлығына Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлігінің нормалары жауап береді.
Жазаның мақсатқа лайықты болу қажет және соттың тағайындаған мəжбүрлеу шарасының сотталған адамға оң ықпал етуге сəйкес келу қажет. Соттың таңдаған жазасы оның жалпы мақсаттарына қол жеткiзудiң жеткiлiктi құралы болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет