1. Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың жағдайын талдау



бет1/6
Дата10.11.2022
өлшемі241,5 Kb.
#49170
  1   2   3   4   5   6


Талдау
Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жеке профилактиканы қолданудың мәселелері


1. Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың жағдайын талдау.
Бүгінгі таңда кәмелетке толмағандардың құқықтарын, оның ішінде қылмыстық құқық бұзушылықтардан қорғау Қазақстан Республикасындағы саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында Парламентке және Үкіметке жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылық және жеке адамға, әсіресе балаларға қарсы басқа да ауыр қылмыстар үшін жазаны қатаңдату жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды. [1]
Жыл сайын кәмелетке толмағандарға қатысты 2 мыңнан астам қылмыстық құқық бұзушылық жасалады.


Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны туралы мәліметтер
(2015-2019 жылдары)

Кез келген қоғамның алдында тұрған негізгі мақсат өскелең ұрпақты тәрбиелеу болып табылады. Жасына және әрекет қабілеттілігі шектеулі болуына байланысты балалар ересек адамдарға қатысты осал және тәуелді күйде болады.


Осы себепті олардың ересектермен салыстырғанда ерекше құқықтары бар, бұл түрлі құқықтық құжаттарда бекітілген. Көптеген жылдар бойы дүниежүзілік тәжірибеде кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қосымша тетіктер пысықталуда. Бірақ бұған қарамастан, бүгінгі күні кәмелетке толмағандардың құқықтары толық көлемде қорғалғанын және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстылықтың профилактикасы және ескерту бойынша барлық шаралар қабылданғанын айтуға болмайды.
Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасалатын кәмелетке толмағандардың жасын талдау барысында, көбінесе қылмыс объектілері болып 12 жастан 17 жасқа дейінгілер табылатынын көрсетті.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет