1. Кіріспе Негізгі бөлім



бет1/4
Дата23.03.2023
өлшемі185,83 Kb.
#75817
  1   2   3   4

Жоспар
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1 Ұлы отан соғысының батырлары.
2.1.1 Бауржан Момышұлы
2.1.2 Талгат Бегельдинов
2.1.3 Малик Габдуллин
2.1.4 Рахимжан Кошкарбаев

2.1.5 Касым Кайсенов

2.2 Қыз бала батырлары

2.2.1 Хиуаз Доспанова

2.2.2 Маншук Маметова

2.2.3 Алия Молдагулова



3.Қорытынды



1.Кіріспе
Ұлы Отан соғысы тарихымыздағы ең ауыр кезеңдердің бірі болды. Ол туралы әр адам біледі, қанды және аяусыз соғыстың қасіретін ұмыту мүмкін емес. Ұлы Отан соғысы – бүкіл әлем тарихындағы ең қорқынышты әскери қақтығыс. Жеңіске жету үшін, халқымыз үлкен қиындықтардан өтті. Соғыс 4 жылға созылып, Кеңес Одағында өмір сүрген әрбір төртінші адам көз жұмды. Бұл қиын заманда, КСРО халықтары бірігіп, жауға тойтарыс бере алды. Қазіргі ұрпақ, бізге ашық аспан мен бейбітшілік сыйлаған адамдарға ризашылық білдіруі керек, өйткені олардың жасаған ерлігі болмаса, қазақ халқы өмір сүре алмас еді. Алайда, соңғы кездері біздің тарихымызды бұрмалау әрекеттері жиілеп кетті, кейбір адамдар батырларымыздың беделін түсіруге тырысады, бұл біздің жас ұрпағымызға кері әсерін тигізіп жатыр. Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.
Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халықтарымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда батыр ерліктер көрсетті. Украинаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, Прибалтиканы азат етті, Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарында жеңіс туын көтеріп өтті. Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірде - бір үлкен шайқас болмады.Ұлы Отан соғысына қатысқандардың саны азайып келеді, сондықтан, халқы үшін жанын пида еткен ата-бабаларымызды құрметтейік. Соғыс кезінде өз өмірін аямай, фашистерге қарсы соғысқан қазақтың батырлары өте көп болды. Ардагерлеріміздің ерлігін ұмытпағанымыз жөн, себебі тарихын ұмытқан халықтың болашағы жоқ. Бұл адамдардың қаһармандығы, жас ұрпаққа үлгі болады деп сенемін!



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет