1. Кітапханалардың веб-сайты және оның тиімділігі



бет1/3
Дата07.03.2023
өлшемі26,67 Kb.
#72400
  1   2   3
Байланысты:
Семинар 8


1. Кітапханалардың веб-сайты және оның тиімділігі.
Әлем өзгерді. Сонымен бірге ақпараттық кеңістік те өзгеріске енді. АКТ/ИКТ дамуымен сандық/цифрлық басылымдар күннен күнге көбейіп келеді: электронды мәтіндер мен бейнежазбалар, СD және DVD-дискілеріндегі аудио және бейне файлдар, цифрлы фильмдер, телехабарлар және тағы басқалар. Интернеттегі бір мақалада автор жаңа ұрпақтың өсіп келе жатқаны жайында жазған, «біреуге Я – бұл, әрине, Яндекс, одноклассники /сыныптастар – интернет сайттары» ...
Яғни, адамдар кітапхана, кинотеатр, мұражай және тіпті теледидардан гөрі, Интернетке көбірек көңіл аударуда. Ал кітапхана қызметі пайдаланушыларға жақын болуы тиіс. Егер адамдар Интернетке келсе, демек, бізге де Интернетте болу керек, соңыра өз пайдаланушымызды жоғалтпас үшін. Сондықтан өзіміздің виртуалды келбетіміз – кітапхана веб-сайтын құру маңызды іс.
Етікші етік тігеді, электрик электр сымын жөндейді. Ал кітапхана сайтын тек кітапханашылар құруы керек. Сонда ғана осы сайт кітапхана мүддесіне қызмет етіп, тұрғындарға ақпараттық ресурстар мен қызмет түрлерін ұсына алады. Сондықтан да сайт құруды мемлекеттік сатып алуға қойған біздің кейбір әріптестеріміз қателеседі. Сөз жоқ, мұндай жағдайда орындаушы өз қызметіне адал ма, қызметін кітапхана талабына сай атқара ма, кім ұтады, белгісіз болады. Әдетте, мұндай кітапханаларды шарасыздық күтеді.
Біздің кітапханамыздың іс-тәжірибесі соның бір жарқын мысалы. Кітапхана сайты (http://www.pushkinlibrary.kz/) 12 жылдан аса уақыттан бері жұмыс істейді. Сайт соңғы екі жылда КазНет-тің «Мәдениет» айдарында бірінші орынды иеленді. Біздің ойымызша, осындай жетістікке қол жеткізудің бір себебі – сайтпен жұмыс атқаратын команда құрамында кітапханашылар – бағдарламашы/программист және кітапхананың әр бөлімінен әріптестер болды. Сондықтан, кітапхана сайтымен бір адам емес, команда жұмыс істегені жөн. Біріншіден, жалғыз адам кітапхана веб-сайтының барлық жұмысын жүргізіп үлгірмейді. Екіншіден, кітапхана бөлімдерінің жұмыс ерекшеліктерін тек сол бөлімнің қызметкерлері ғана жақсы біледі. Сондықтан, тек сол қызметкерлер ғана, басқаларға қарағанда, қызмет түрлері мен жаңа қызметті сапалы ұсына алады.
Кітапхана сайты – оның Интернеттегі бет-бейнесі, сондықтан ол дәстүрлі кітапхана тәрізді жұмыс істеуі тиіс. Ал уақыты жағынан тіпті көбірек жұмыс істейді – тәулігіне 24 сағат! Сонда кітапхана сайты өздігінен келе алмайтын – мүгедектер мен қашықтағы пайдаланушыларға қызмет көрсете алады.
Сайтта әдеттегі кітапханадағы тәрізді бәрі анық және түсінікті болуы тиіс. Сол себепті, сайт құрылымын жақсылап ойланудың маңызы зор, өйткені пайдаланушы бағдары жеңіл болуы керек (сайт құрылымын көрсету)
Кітапхана сайтының жұмыс принципі, әдеттегі кітапхана принципіне ұқсас. Адамдар кітапханаға не үшін келеді? Ақпарат алу үшін. Сондықтан сайт кітапхана ресурстары мен қызмет түрлерін толық ашуы тиіс. Кітапхана қандай газет-журналдарға жазылды? Қандай жаңа басылымдар бар? Кітапханада қажетті мақала бар ма? Осы тәріздес сұрақтарға біздің сайттың «Ресурстар» бөлімі жауап береді. Бұл веб-каталог, біздің оқырмандар бірінші кезекте қолданатын дерекқор. Бұл ай ретімен қойылған жаңа басылымдар. Бұл біздің Медиатеканың мультимедиялық басылымдары.
Кітапханада қандай ақпараттар жиі сұралады? Әрине өлкетанудан, ол арнайы «Өлкетану» бөлімінде орналасқан, виртуалды пайдаланушы бірден өлкетану ресурстарын да, Айтулы күндер күнтізбесін де, өлкетану бойынша өзекті іс-шараларды да көре алады.
Әлбетте, кітапханаларда қазіргі заманның өзекті мәселелеріне арналған тақырыптық көрмелер ұйымдастырылады. Сондықтан біз кітапхана сайтында «Виртуалды көрмелер» және толықмәтінді құжаттар айдарын құрдық. Бұл ретте сілтемелер мен қолданылатын құжаттардың бәрінің дұрыстығы мен мазмұны тексерілуі тиіс.
Елімізде электронды үкімет пен е-демократия өркен жайып келеді. Біздің ойымызша, кітапханалар соған белсенді түрде қатысуы тиіс. Сондықтан біз облыста бірінші болып е-үкіметтің серіктесі болдық. Біз кітапхана сайтында «Интернет-ресурстары» бөлімін құрдық, онда билік орындарының, Қазақстан мен облыстың түрлі мекемелері мен кәсіпорындарының веб-сайттарына сілтемелер барынша қамтылып ұсынылған. Сапасыз веб-ресурстарды болдырмау үшін оларға алдын-ала талдау жасалады,
Біз мемлекеттік қызметкерлерді және тұрғындардың басқа санаттарын Интернетті пайдалануға оқытып-үйретеміз. Сондықтан «Қызмет түрлері» бөліміне өткізілетін тренингтердің түрлерін, оқытып-үйретудің жан-жақты бағдарламаларын ұсындық. Егер кімде-кім қызығу білдіріп, тренингке жазылғысы келсе, дереу «Жазылу» түймесін басып тіркеле алады.
Кітапхана сайтымен жұмыс ыңғайлы және жағымды болуы керек. Біз өзімізді бір-бөлмеден екінші бөлмеге жібергенді қаламаймыз ғой. Сол сияқты сайтта да, егер пайдаланушының сұрағы болса, ол дереу сұрағын жазуы керек («ШҚО кітапханаларының корпоративтік анықтама қызметі» түймесі). Немесе кітап мерзімін ұзарту (аттас түйме).
Уақыт бізді асықтырады. Интернетті пайдаланушылар жоғары жылдамдыққа үйренген, егер сайт ұзақ жүктелсе, олар күтпейді. Ұзақ күттірмеу және виртуалды пайдаланушыларды жоғалтпас үшін, біз сайттың шапшаңдығын үнемі бақылауда ұстаймыз. Ол үшін бейнені тек алдын-ала тексерілгеннен кейін ғана орналастырамыз. Бұл ретте, бейнероликтер, фотосуреттер және тағы басқа бейнелер сайтты безендіреді. Бірақ оларды қолдану өзін ақтауы тиіс, олардың санының көп болуы сайттың сапасына кері әсерін тигізбеуін әрқашан ескерген жөн.
Мәтіндер жайына жеке тоқталғанымыз жөн. Интернет-пайдаланушылар тез, шапшаң оқуға бағдарланған, сол себепті мәтін қарапайым сөздермен жазылып, нақты және түсінікті болуы тиіс.
Кітапхана жұмысының нәтижесін есептерде ұсынылатын статистика көрсетеді. Виртуалды кітапхана жұмысы да оның статистикасынан көрінуі тиісті. Сондықтан біз кітапхана сайтына веб-есептегіш орналастырдық, ол бізге виртуалды пайдаланушылар мен келушілердің нақтылы санын береді. Есептегіш көрсеткіштерін пайдаланып, біз кітапхана сайтын қай өңір көбірек пайдаланды, қандай веб-парақтар танымал, қай айда және қай күндері сайт көбірек/азырақ пайдаланылғанына талдау жүргіземіз. Сонымен бірге, кітапхана сайтының Интернеттің түрлі іздеу жүйелеріндегі рейтингін біле аламыз. Осындай нәтижелерді сараптау, бізге сайтпен жұмысымызды дер кезінде тексеріп түзетуге және виртуалды пайдаланушыларға ақпараттық қызмет көрсетуді тиімді дамытуға мүмкіндіктер береді.
Сонымен, біз қаласақ та қаламасақ та, кітапхана веб-сайтының болуы – маңызды қажеттілік деп тануымыз керек. Бұл қазіргі заманның басты талабы. Біз жаңа ұрпақтың әліпбиінде кімге «Я» әрпі – Яндекс болса, «К» әрпі – интернеттегі кітапхана сайты ұғымы болуын қалыптастыруға тиіспіз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет