1.Конфликт-екі немесе одан да көп тұлғалар арасында туындаған келіспеушілік.
Конфликттің шешу жолдары.
1.Бәсекелестің ортаны қалыптастыру
Бәсекелестік жақ әрқашан конфликтті шешудің ең ұтымды жолын ұсынуға тырысады. Мысалы, кез-келген компанияны қарастыратын болсақ, қандай да бір конфликт туындаған кезде, жұмысшылар арасындағы бәсекелестік әсерінен әрбір жұмысшы ең тиімді шешу жолын ұсынуға тырысады.
2.Компромисске келу
Компромисстің орындалуы конфликтке қатысы бар субъектілердің ықыласына байланысты. Бұл шешу жолы конфликте келген тұлғалардың бір-бірін мойындауымен, қойылған талаптардан бас тартуымен сипатталады.
3.Берілу немесе ыңғайлану
Конфликттің бұл шешу жолы күресте өз позициясынан бас тарту, конфликтті жалғастыруды тоқтатумен сипатталады. Бұл көбінесе өз қатесін түсіну, жақсы қарым-қатынасты сақтап қалу, проблеманың маңыздылығының төмен болу кезінде іске асырылады.
4.Конфликтіден кету
Конфликтіден кету әдісі ең көп қолданылатын тәсіл болып табылады. Конфликтіден экономикалық, физикалық, психологиялық түрде бас тарту арқылы конфликті шешіледі. Бұл тәсілдің артықшылығы-шешімнің тез қабылдануы.
5. Жасырын шешім қабылдау арқылы конфликтіні шешу
Компания конфликттің одан әрі өршімеуі үшін жұмысшылардан жасырын шешім қабылдау арқылы белгілі бір бейбіт шешімге келеді. Алайда, кейбір жағдайда бұл әдіс теріс салдарға әкелуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |