Қарым–қатынастағы агрессия және конфликт
Агрессия күрделі мінез болгандыктан, адамнын миы оны бақылай алмайды. Дегенмен ғалымдар адам мен жануарлардын миында агрессияны қоздыратын жүйке жүйесін тапқан. Ғалымдар мидың аталмыш бөлiгiн белсендірген кезде, агрессияның өскенін, белсенділігiн жойған кезде агрессияның төмендегенін байқапты. Осылайша, жуас жануарды асау етiп, асауды жуасытып көрген.
Тәжірибелердiң бiрiнде iрi маймылдың миынын агрессияны төмендететін бөлiгiне электрод салған. Сосын кiшiрек маймылдардың бiрiне iрi маймыл ашуланған кезде электродын басқаратын түймешiктi басуды үйреткен. Мұндай тәсілді адамға да қолдануға болады. Тәжірибелердің бірінде көмекей безiне жұмсақ электр соққысы жасалған әйел қатты ашуланып, психиатрды ұрғысы келіп, ақырында колындағы гитараны қабырғаға ұрып сындырған.
Сонда бұл көрініс ашуға берілген адамның миы дұрыс жұмыс істемейді дегенді білдіре ме? Бул сұраққа жауап беру үшін Эдриан Рейн мен әрiптестері адам өлтiрген қылмыскерлердің миынын қызметін және мінез-құлқында ауытқуы бар адамдардың миындағы сұр затты тексеру үшін олардың миларын сканерден өткізген. Нәтижесінде мидың агрессивті мінез-құлыққа жауап беретін тереңіректе орналасқан бөлiгiне тежеуiш қызметін атқаратын алдынғы қабығынын, белсенділігі адам өлтірген қылмыскерлерде (ата--аналарынан қорлық көргендерден басқасында) 14 пайызға, ауытқуы бар адамдарда 15 пайызға баяуырақ екенін анықтаған. Келесі бір зерттеу жұмысында агрессия мен күш көрсетуге бейім адамдардың көмекей безi кiшiрек болатыны анықталған . Адам өлтірген және өлім жазасына кесілген қылмыскерлерге жүргізілген зерттеу жұмыстары мидың жұмысының ауытқуы агрессияның өсуіне әкеліп соғатынын көрсетіпті. Бұл жерде жағдаяттык факторлардын да маңызы зор: мәселен, ұйқысыздык адам миынын қызметін бақылауға жауапты алдыңғы қабығының белсенділігін төмендетеді. Сондыктан агрессия мен күш көрсетуге бейім адамдардың ұйқысының нашар болуы олардың бойында агрессия мен күш көрсетуге бейімдігінің өсуіне әкеліп соғады. Германияда жүргiзiлген бiр тәжірибеде 425 колледж студентiнiң арасындағы азырақ ұйықтайтындары дене күшi, сөз агрессиясына бейімірек болғаны анықталған.
Жеке тәжірибемізге қарап және басқаларды бақылай отырып, біз агрессияның көп жар-дайда тиімді болатынын түсінеміз. Жүргізілген сынақтардан байқағандай, жуас жануарлар асауға айналған. Бірақ, бір жағынан, қайта-қайта жеңілу тағдырға мойынсұнуға алып келедi.
Сонымен қатар адамдар агрессия арқылы өз ойын іске асыруға болатынын біледі. Өзінің агрессивті іс-әрекеттерімен басқа балаларды оңай коркытатын бала одан сайын агрессивті бола түседі. Агрессивті хоккейшілер – әдетте, дөрекі ойындары үшін айып орындықтарында отыратындар – өз командаларындағы агрессивті емес ойыншыларға қарағанда көбірек гол соғады. Әкелері дөрекі ойынды қолдайтын канадалық жасөспiрiм хоккейшілер ойын аланында барынша агрессивті ойын стилін көрсетеді екен. 2008 жылы Үнді мұхитының Сомалиге жақын аймағында кеме қарақшыларына 150 миллион доллар көлемінде өтем төленуі кемеге шабуыл жасаушылардың келесі қылмыстарға баруына түрткі болған. Бұл жағдайларда агрессия нақты бір марапат алу құралы болып саналады.
Агрессияны террорлық акт жасаушылар да тиiмдi құрал ретінде пайдаланып, беделі мен билігі жоқ адамдар көпшілік назарын өзіне аудартады. Пол Марсден мен Шарон Аттиа (2005): «Жанкештінің басты нысанасы жарақат алғандар емес, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы лаңкестік әрекетке куәгер болғандар», - деп атап өтті. Терроризм мақсаты — БАҚ-тың назарын аудару арқылы террор жасау. «Біреуін өлтір, он мыңын қорқытасың», дейді ежелгі қытай мақалы. Джеффри Рубин (1986): «Егер Маргарет Тэтчер атап кеткендей, терроризмді «жариялық ауанынан» айыратын болса, онда оның маңызы жоғалар еді», - деп қорытындылайды. Осы орайда 70-жылдары теледидар экрандарында бірнеше секунд ішінде футбол алаңынан жалаңаш жүгіріп өткен жанкүйерлер көрсетілген инцидент еске түседі. Телевизия кызметшiлерi осындай жағдайларға көңіл аудармай қойғаннан бастап, ондай жайттар қайталанбайтын болды.
Зерттеуші Энн Ландерстің пікірінше «жастарға бойдағы ашу-ызаны шығаруға үйрету керек». «Адам кектеніп, ызаланады делік. Ендеше, біз оған мұндай жағдайдан шығудың жолдарын көрсетуіміз қажет. Сондай мінез-құлық танытқан адамдарға ашуы басылғанша мүмкіндік беру керек», – дейді психиатр Фриц Перлз (1973). 2012 жылы видеоойындар жаппай атысқа ұласқандықтан, сондай ойынды жақтаушы: «Бәлкім, біз үшін қатыгез ойындар агрессиямызды көрсетудің жолы болар? Мүмкін, мұндай ойындар мен ондағы зорлық-зомбылық өзіміздің бойымыздағы ашу мен агрессияны қауіпсіз түрде шығарудың әдісі шығар?», – деп жазған еді. Осы сияқты мәлімдемелер «гидравликалық модельді» сипаттайды. Яғни агрессивті энергияның жиналуы қалған судың ағысымен бірдей.
Катарсис концепциясы Аристотель ілімінде көп кездеседі. Алайда Аристотель агрессия жөнінде нақты ештеңе айтпаса да, ол әлдеқандай жағдайды бастан өткере отырып қана эмоциямызды тазарта алатынымызға сендірген еді. Сондықтан классикалық трагедияны тамашалау – есіркеу мен қорқыныштан құтылуға көмектесті. Оның ойынша, қобалжуды басу үшін, ең алдымен, сол эмоциядан арылу керек. Сол үшін катарсис ұғымын кең көлемде қарастырып, яғни тек драманы көріп қана қоймай, естеліктерді және өткенді еске алып, көңіл күйімізді білдіруге, оны іс-қимылымыз арқылы сыртқа шығарып, бір жеңілдеп қалуымызға болады.
Агрессивті әрекет немесе ол туралы фантазия адамды шаршататынын байқаған кейбір дәрігерлер мен басшылар адамдарға бойындағы агрессияны шығару жолдарын көрсетті. Мысалы, қандай-да бір нәрсені қатты ұруға, теннис ойнауға кеңес береді. Бұл психология ғылымында катарсис деп аталады. Олардың ойынша, катарсис адамның көңіл күйін көтеріп, адамның көңілдірек болуына көмектеседі екен. Кейбір психологтер катарсистің емдік қасиеті бар екеніне сеніп, ата-аналарға балаларына агрессивті ойын ойнатуға кеңес береді. Мұндай пікір қазіргі қатыгез видеоойындарды қорғаудың бір жолы болып отыр. Ал катарсистің шын мәнінде пайдасы бар ма? Бойындағы агрессиясын катарсиспен шығарғандардың агрессиясы төмендей ме, әлде үдей түсе ме? Осы орайда зертханалық тәжірибелер өткізілген. Тәжірибеде бір топ бокс грушасын ұрған. Екіншілері ұрмаған. Кейін, белгілі болғандай, сол адамды қайта ашуландырған кезде агрессиясын бокс грушасын ұру арқылы шығарғандардың тіпті қаттырақ ашуланғаны анықталған. Ал грушаны ұрмағандар онша ашулана қоймапты. Демек, катарсис ашуды ұлғайта түседі екен.
Шынайы жүргізілген тәжірибелер де дәл осындай нәтиже берді. Бір жобада «өзінің ашуын білдіруге шақыратын» сайт қолданушылары зерттеуге алынды. Қатыгездікті көрсету мүмкіндiгi болып па еді? Жок. Олардың бойын ашу-ыза кернеп, бақытты сезімдері азайды. Яғни қатыгездікті көрсету мүмкіндігі олардың бойындағы ашу-ызаны одан сайын күшейтті. Кейбір зерттеулерде канадалық және америкалық көрермендердің футбол, күрес, хоккей ойындары барысында емес, ойын біткен соң ғана, яғни ойынды карап болған соң ашу-ыза шақыратыны жазылған. Спорттың осындай агрессиялық түрiн карап болғаннан кейiн, ашу-ыза басылудың орнына, күшейе түскен. Брэд Бушманның айтуынша, «Ашуды сыртқа шығару - от шығаратын жанармайға ұқсас».
Қатыгез қылықтардан катыгез карым-қатынас туады. Бұған қоса, агрессиялық іс-әрекеттер ақталуға ұласуы мүмкін. Адамдар кұрбандарын кемсіту арқылы агрессиялық іс-әрекетін өзіне ыңғайлап, кысылып-кымтырылуды койып, ләззат алады. Алайда, ақыр соңында, көптеген негативті сезім туындауы мүмкін. Бушман мен оның әріптестерінің айтуынша, адамдар әдейі арандатылып, ашуланып, алайда кейіннен рухани тазарамын деп ойлағанымен, жағдай керісінше өрбиді. Сөйтіп, олар қатыгездік-ке бейім бола түседі екен. Бушманның ойынша, «бұл ескі әзілге ұқсас». «Карнеги-холлға қалай жетуге болады? Тәжірибе, тәжірибе, тағы да тәжірибе. Сіз өте ашулы сияқтысыз ғой? Тәжірибе, тәжірибе, тағы да тәжірибе».
Осылайша ашу-ызаны оятып, агрессивті күйге көшуіміз қажет пе? Бұл жерде үндемей ашулану дұрыс болар. Өйткені өзімізбен іштей сөйлесіп жүргенде неге ренжігенімізді еске аламыз. Бушман мен оның әріптестері үнсiз ашулану нәтижесін зерттеу үшін сынақ жүргізген еді: «Нұсқаулык бойынша жүре алмайсыз ба?»
«Каттырақ сөйлеңізші!» деген жағымсыз сөздерді естігеннен кейiн сынаққа қатысушы адамдардың жартысы ойларын жинактай алмай, есеңгіреп калады (олардан жатақхана ландшафты туралы жазуды өтінген едi), ал екінші жартысы ойлану үшін шақырылған еді. Соңында енжарлық танытқан қатысушылардың ашуы басылды. Долданған қатысушылар болса, агрессивті іс-әрекеттен тыйылып, сабасына түсті.
Абырой болғанда, адамдарға олардың іс-әрекеті бізге қалай әсер ететінін айтып, түсіндіретін агрессивті емес әдістер бар. Мәселен, «сен» деп бастаудың орнына мәдениетті түрде «мен» деп бірінші жақтан айтқан жөн. Мысалы, «маған сіздің айтқаныңыз ұнамады» немесе «лас ыдыстарды қалдырғаныңыз менің көңілімнен шықпайды». Яғни сезіміңізді біреудің көңіліне тимейтіндей кылып жеткізіңіз. Сонда сыпайылық шеңберінен де шықпайсыз әрі өзіңіздің айтқаныңызды істетесіз.