1 Көркем еңбек пәнінің 3сынып оқулығына талдау жасаңыз «Көркем еңбек»



Дата03.06.2023
өлшемі21,83 Kb.
#98548
Байланысты:
22 -билет


22-билет
1. Көркем еңбек пәнінің 3сынып оқулығына талдау жасаңыз
2. Тарих ,мәдениет және дәстүрлерді білі мен түсіну бөлімшесіне тоқталыңыз
3. Көркем еңбек пәніңде қолданылатын көрнекті-құралдар
1)Көркем еңбек пәнінің 3сынып оқулығына талдау жасаңыз
«Көркем еңбек» оқу пәнінің 3- сыныпқа арналғанбазалық мазмұны:
1. Шығармашылық идеяларды зерттеу және дамыту
Қоршаған ортаны білу және түсіну. Табиғатпен жаратылған сәндік өрнектер (ою өрнектер) және формалар. Табиғи формаларды интерпретациялау.
Өнер, мәдениет пен дәстүрді білу және түсіну. Отандық және әлемдік өнердің әртүрлі шығармалары. Қазақ халқының және әлем халықтарының қолданбалы өнері (ою-өрнектер, бұйымдар, ұлттық киімдер және т.б.).
Шығармашылық идеяларды дамыту. Шығармашылық идеяларды жасау. Шығармашылық идеяларды жүзеге асыру. Өнердің суреттеу құралдарымен көркем бейнелер (образдар) мен сезімдерін (көңіл-күйін, мінезін) көрсету. Ақпарат көздерімен жұмыс. 
Жоспарлау. Жұмыс барысын жоспарлау. Жұмыс орнын ұйымдастыру.
2. Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау
Қоршаған ортаны бейнелеу. Әр түрлі көркем материалдармен табиғаттың мәнерлік бейнелерін (қар, жапырақтың түсуі және т.б.) жасау. Флора мен фаунаның өкілдерін бейнелеу. 
Шығармашылық жұмысты орындау материалдары мен техникалары. Көркемдік материалдар мен құралдар. Шығармашылық жұмысқа арналған табиғи және жасанды материалдар. Шығармашылық жұмысқа арналған дәстүрлі емес материалдар. Әртүрлі материалдармен (көкемдік, табиғи және жасанды) және техникалармен (мысалы: монотипия, кляксография, баспа …) эксперименттер жүргізу.
Дайындау технологиясы. Өлшемдік құралдармен жұмыс. Қарапайым тәсілдермен материалдар мен компоненттерді біріктіру. Көлемді пішіндерді жасау.Сомдау техникасы. Қағаз пластикасы. Қазақ ұлттық мәдениетінің элементтері бар шығармашылық жұмыстар.
Қауіпсіздік техникасын сақтау. Қауіпсіздік техника ережелері.
3. Презентация, талдау және бағалау
Презентация. Шығармашылық жұмыстардың көрсетілімі. 
Өнердегі тәсілдерді талдау. Әр түрлі өнер туындыларын талдау, бағалау сараптамасы. 
Шығармашылық жұмыстарды талқылау және бағалау.
2) Тарих ,мәдениет және дәстүрлерді білі мен түсіну бөлімшесіне тоқталыңыз.
Тарих (көне грекше: στορία — сұрастыру, зерттеу) — адамзат баласының өткенін зерттейтін қоғамдық ғылым.
Тарихтың негізгі пәні ретінде - адам рухы қарастырылады, соған байланысты тарихтың мақсаты адамдарға тек өткенін ғана білгізу емес, рухани дүниесін қалыптастыру екенін айта кеткен жөн. Тарих - үздіксіз даму үстінде болатын ғылым.
Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.
Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары:

  • Мәдени әрекет

  • Мәдени орта

  • Мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және

  • Мәдени ұйымдар мен ұжымдар.

Дәстүр[1] - (лат. traditio - сабақтастық) - әлеуметтік-мәдени мұраның ұзақ уақыт бойы адамдар атадан балаға қалдыратын, әдетке айналған, сол қоғамның немесе әлеуметтік топтың құндылықтар жүйесі мен ережелеріне ұласқан бөлігі. Дәстүр тек мұраның нысандарын ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік мұрагерлік процесі мен оның әдіс-тәсілдерін де қосып алады.[2] Олар қоғамның барлық салаларынан көрініс табуы мүмкін, олардың діндегі, ғылымдағы, өнердегі, әдебиеттегі және басқа да салалардағы алар орны ерекше. Қоғамдағы даму салдарынан Дәстүр рөлі біршама төмендейді. Олардың қоғамдық қызметтері индустриалды қоғамға қарағанда, индустрияландыруға дейінгі қоғамда едәуір кең болды. Дәстүр - әдет-ғұрыпқа қарағанда ауқымды құбылыс. Дәстүр рөлін әлеуметтік тұрғыда бағалау нақты түрде жүргізілуі керек. Дәстүрді елемеуге болмайды, ойткені ол қоғамның тарихи дамуының сабақтастығының бұзылуына әкеп соқтырады. 
3. Көркем еңбек пәніңде қолданылатын көрнекті-құралдар
Көрнекі құралдар – кестелер, сызбалар, чертеждар, суреттер, фотосуреттер, альбомдар, тарихи, экономикалық – географиялық карталар т.б.Көрнекiлiктi тек сурет ретiнде қолданбастан, оны мәселелiк жағдайларда өзбетiнше бiлiм алу көзi ретiнде де пайдаланған жөн. Бұл оқушылардың тиiмдi iзденiс және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндiк бередi.
Көрнекi құралдар сабақта өтiлiп жатқан заттар мен құбылыстардан тұрғаны жөн.
Көрнекi құралдарды қолдана отырып, алғашқыда балаларды ондағы берiлген бейнелердi тұтастай қабылдауға, кейiн бастысын және екiншi дәрежелiлерiн өз алдына, содан соң - қайталай тұтастыққа келтiруге үйретіңiз.
Әртүрлі көрнекiлiктi пайдаланыңыз,
Осы заман көрнекi құралдарын – теледидар, бейнетаспа, экранды құралдарды және т.б. – ғылыми негiзде пайдалануға тырысыңыз; оқудың техникалық құралдарын игеріңiз;
Көрнекi құралдарын пайдалану барысында балаларды зейiндiлiкке, бақылаушылдыққа, ойлау мәдениетiне, құрастыру шығармашылығына, оқуға мүдделi болуға тәрбиелеу керек.
Көрнекiлiктi өмiрмен байланыстырудың бiр жолы ретiнде пайдаланыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет