«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Бүгін Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлап жатыр. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны керек.

Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді. Бүгінде «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетіледі. Халықтың көңіл-күйін көтеру үшін түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылады.

1-мамыр Тәуелсіз елімізде «Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мерекесі ретінде 1996 жылдан бері тойланып келеді. Қазақстан үшін айтулы мереке мүлде жаңаша мән-маңызға ие. Бұл мейрам бүгінде Қазақстан халқының бірлігі күні деген мазмұнда жалғасын тауып, көпэтносты елдің тыныштығы мен татулығының нышанына айналды. Жыл сайын атап өтілетін мерекеге еліміз былтырғы жылы ерекше ықылас танытқанды.Себебі ел Тәуелсіздік алған жиырма жыл ішінде халықтар арасындағы татулық пен ынтымақ еш бүзылмай, түрлі ұлт бір шаңырақ астында бақытты өмір сүріп келді. Бүгінге дейін түрі басқа тілегі бір, жүзі басқа жүрегі бір, діні басқа ділі бір жүз отыздан астам ұлт өкілдері Қазақ елін өз туған жұртындай көріп, еш жатсынбады. Бұның барлығы біздегі берік саясаттың үлкен жетістігі.Түрлі ұлт өкілдері мекен ететін елімізде өзге ұлт өкілдеріне қолдау көрсету мақсатында көптеген іс шаралар да жүзеге асуда. Осы мақсаттта Қазақстан халықтары ассамблеясы да өз жұмысын үздік атқаруда. Халық бірлігінің арқасында әлемдік дағдарысқа мойымай, дамуға бет алды.

Қазақстанда жыл сайын тойланатын мереке. Мереке 1996 жылдан бастап тойланады. 1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жарлығы бойынша 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні деп жарияланды. Қазақстанның саяси қайраткерлерінің пікірі бойынша, ұлтаралық және дінаралық келісімнің сақталуы, олар жүргізіп жатқан саясатының басты қағидаларының бірі болып табылады.