Қазақстан республикасы білім және ғылым минисрлігі



Дата13.05.2022
өлшемі17,74 Kb.
#34300

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСРЛІГІ

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

«Аграрлық» факультеті

«Су-ресурстары,жерді пайдалану және агротехника» кафедрасы


ЭССЕ

ТАҚЫРЫБЫ:Қазақстанның дамуы мен көркеюіне менің үлесім

Қабылдаған: Балтабаев Н.

Орындаған: Берік Нұрғиса

ГРГШЩШШШШШШШШШШШШШШШШШШШШТобы: АП-20-5к

Шымкент 2022ж.
Эссе

Осы тақырып жайында жаза бастағанымда «басқа қатысушылардың ойымен дәлме-дәл болып қала ма» деген бойымда аздаған қобалжу пайда болды. Көбісі өз жазбаларында мемлекетінің гүлденуіне өз пайдасын тигізетін адамды білімді, жан-жақты, заманауи, ойы жинақы, сөзі салмақты, ортаға бейімді етіп суреттейді. Өйткені, барлық адам «Заманына қарай бөркіңді ки» деген сөз тіркесі секілді өз заманына сай болуы тиіс. Бірінші орынға білімді қоятынымыз ақылы, білімі жетік ұрпақ – жарқын келешегіміздің кепілі. Оған елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзі дәлел: «Болашақ- білімді жастар қолында. Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады.» Білімді болу-қай заманда да болсын ауадай қажет. «Білімсіз адам хайуанмен тең» деп айтқандай білімді адам өте қажет. Білімінің арқасында адам үлкен жетістіктерге жетеді және де еліне өз пайдасын тигізе алады. Алдымызға қойған мақсаттарымыздың бірдей болып көрінуі – Отанымыз ортақ. Сондықтан ақылы мен тілі бір, ойы мен арманы бір, жүрегі мен тілегі бір, әрдайым алда болуға ұмтылатын ұрпақ бола алсақ нұр үстіне нұр болар.

«Мен мемлекетімнің гүлденуі үшін не істей аламын?» деп өз ішімнен жүз ойланып мың толғандым. Себебі бұл сауал жастар арасында өте күрделі және ауқымды. Бір-екі сөйлеммен жаза салатын сұрақ емес. Сондықтан бар ойымды жинақтап, сарапқа салып, «бақ шаба ма, бап шаба ма» деп, бастаған ісімді орта жолдан тоқтатқым келмей шығармамды жазуға кірістім.

Көптің талқылауына түскен бұл сауалдың жауабын тапқандай болып, өз алдыма қойған мақсаттарыммен, армандаған армандарым жайлы ойлай бастаған едім, ойыма ой қосылып қаламыма қанат бітті.



Әрбіріміз бұл дүниеге шырылдап келген мезеттен бастап, мына өмірдің ауасымен тыныстай бастаймыз. Ата-бабаларымыздың кейбір қасиетін сүйегімізге дейін сіңіре өмірге аяқ басамыз. Ең бастысы әрқайсымыздың тұтастай келбетіміз, ішкі сыртқы мазмұнымыз, әртүрлі ойларымыз мен армандарымыз болады, бірақ түбі бәрі бір өзіндік сипатқа ие. Осыған байланысты әрбіріміздің атқарар міндетіміз бар.

Мен Шымкент қаласының М.Әуезов университетінің 2-курс студентімін. Өмірлік мақсатыма жету үшін мен белсенді өмірлік ұстанымы бар азамат болып өскім келеді. Мен болашақ жерге орналастырушымын! Қазіргі уақытта «жерге орналастыру» термині жер қатынастарын реттеу, пайдалануды ұйымдастыру, сондай-ақ белгілі бір мақсаттағы жер учаскелерін қорғау жөніндегі шаралар жүйесі ретінде кеңінен түсініледі. Жерді басқарушылар жердің ұтымды және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Жердің қаншалықты үнемді пайдаланылғаны, ұрпаққа қандай жағдайда өтетіні олардың кәсібилігіне байланысты.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет