«Береке бастауы – бірлік» тақырыбында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған студенттер Ассамблеясының этнофестивалі: 1-жүргізуші Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен қонақтар! Бүгінгі күн ерекше, өйткені 1-Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында білімнің қара шаңырағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Береке бастауы – бірлік» тақырыбында студенттер этнофестивалі өткізіліп отыр. 2-жүргізуші Армысың, ардақты – қазағым! Иә, бүгінде біздің Қазақстанымыз түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекенге айналып отыр. Сол себепті де, 1-мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында Дүниежүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені - Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым екенін айта кетейік. 1-жүргізуші Айгүл, сен білесің ғой, халқымыздың қанға сіңген осы берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа халықтармен одақтасып, достаса білуі жеңістен жеңіске жеткізіп келеді. Оған халық куә, тарих куә, бәріміз де куәміз! 2-жүргізуші Дұрыс айтасың Ислам! Олай болса, сіздерді бүгінгі Қазақстан халқының бірлігі күні 1 – Мамыр мерекесімен құттықтап, этнофестиваль салтанатын ашып беру үшін құттықтау сөзді университетіміздің Басқарма төрағасы – ректор Біләлов Дархан Нұрланұлына береміз.
Келесі құттықтау сөз кезегін Әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Нұрланов Шыңғыс Нұрланұлына береміз.
Келесі құттықтау сөз кезегін Алматы қалалық «Ариана» ауған орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы, құрметті қонағымыз Ахмадулла Васток мырзаға береміз.
1-жүргізуші Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды. Сондай-ақ қазақ халқын қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы-өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте. Өзге ұлттардың қазақ халқына деген осындай ықыласына ризашылығымызды білдіре отырып, ортаға қазақтың «Адай» күйіменматематика, физика және информатика институтының 2 курс студенті Айгерім Демисенованы шақырамыз. 2-жүргізуші «Қазақта бірлік болмай, тірлік болмайды»-деген ұлағатты ұғым бар. Ислам, мен осы орайда Қазақ халқын бүгінгі бірлік мерекесімен құттықтай кетсем қалай қарайсың?