Сабақтың тақырыбы: Мерекеде Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



бет1/15
Дата12.04.2023
өлшемі65,15 Kb.
#81763
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
1 сынып 3 тоқ


Сабақтың тақырыбы: Мерекеде

Бөлімі: 6

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 1

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Мерекеде

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және үлгі бойынша жауап беру;
1.3.2.1 шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсіну; 1.5.1.3* сөйлеу барысында мұғалімнің қолдауымен етістіктің шағын, болымды/болымсыз түрлерін қолдану.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен өзінің мерекеде не істейтінін айта алады, һ әрпін таниды, дұрыс дыбыстайды, жаза алады, һ дыбысы кездесетін сөздер қатарын атай алады. Оқушылардың басым бөлігі: берілген үлгі бойынша етістіктерді болымды/болымсыз түрде айта алады, һ дыбысын меңгереді.
Кейбір оқушылар: Наурыз мерекесі туралы қосымша ақпарат бере алады, һ дыбысы кездесетін сөздер қатарын толықтыра алады.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңі/уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді, амандасады.
«Жүректен-жүрекке» әдісі бойынша сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастырады.

Мұғаліммен амандасып, назарларын сабаққа аударады.



Сабақтың
ортасы

Оқушылардың назарын
1-тапсырмадағы суретке аударады. Сурет бойынша мереке, шашу туралы түсінік береді. Оқушылар мұғалімнің көмегімен мектептегі мереке қалай өтетіні туралы айтады. Тапсырмада берілген сұрақтарға (Бұл қандай мереке? Бұл мерекеде не істейді?) оқушылар сурет бойынша жауап береді.
2-тапсырмада берілген сөйлемдерге сәйкес келетін суреттерді табу арқылы мерекеге қатысты сөйлем үлгілері жаттықтырылады.
3-тапсырмада оқушыларды тақырыпқа қатысты негізгі етістіктердің болымсыз түрімен таныстырады. Оқушылар тапсырмада берілген екі қатарды сәйкестендіріп оқу арқылы есте сақтайды.
Аталған етістіктердің
болымды/болымсыз түрін
4-тапсырма арқылы жаттықтырады. Оқушылар тапсырмада берілген сұрақтарға жауаптың бастапқы

1-тапсырмадағы суретпен танысады. Сурет бойынша мереке, шашу сөздерін үйренеді.
Оқушылар осыған дейін үйренген домбыра тарту, асық ойнау, ән айту сияқты тіркестерді қолдану арқылы «Бұл мерекеде не істейді?» деген сұраққа жауап береді.
2-тапсырмада оқушылар сөйлем мен суретті сәйкестендіреді, мерекеге қатысты сөйлем үлгілерін қайталайды. 3-тапсырмада етістіктердің болымсыз түрін үйренеді.
Екі қатарды сәйкестендіріп оқу арқылы есте сақтайды.
Мысалы:
ән айтамын – ән айтпаймын; домбыра тартамын – домбыра тартпаймын; асық ойнаймын – асық ойнамаймын; гүл сыйлаймын – гүл сыйламаймын.
4-тапсырма етістіктердің

Мұғалім оқушылардың сабақтағы белсенділігін мақтау, мадақтау, қошеметтеу сөздерімен қолдап отырады.

Оқулық







бөлігіне сәйкес жауап береді. Мысалы:

  • Сен ән айтасың ба?

  • Иә, мен ән айтамын.

5-тапсырмада мәтінмен жұмыс жүргізеді. Оқушылардың оқылым дағдыларына көңіл бөледі. Сондай-ақ берілген мәтін негізінде оқушылардың өздері мерекеде не істейтіндерін айта алуға үйретеді. «Қызықты суреттер» тәсілі бойынша мәтін құрайды. 6-тапсырмада оқушыларды һ дыбысы және оның әрпімен таныстырады, һ дыбысының дұрыс дыбысталуына ерекше назар аударады және һ дыбысы кездесетін сөздер қатарын сурет бойынша үйретеді. Олар: айдаһар, жиһаз, гауһар. Сондай-ақ оқушыларға һ дыбысы кездесетін есімдер туралы да ақпарат береді (Гауһар т.б). Осыған орай оқушылар «Сенің атың кім?» деген сұрақты қайталайды, еске түсіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет