8. 1- ресурс Жазылым дағдысын дамытудың әдіс-тәсілдері



Дата24.11.2023
өлшемі8,89 Kb.
#125694
Байланысты:
Ресурс 8.1


8.1- ресурс
Жазылым дағдысын дамытудың әдіс-тәсілдері
Жазылым дағдысын дамытудың кезеңдерінің бірі негізгі жазба жұмыстарын орындау кезеңі. Негізгі жазба жұмыстарын орындау кезеңін ұйымдастыруда түрлі тәсілдер ұсынылады. Солардың кейбірін жан-жақты қарастырып көрейік:


1. Миға шабуыл тәсілі - қажетті терминдер мен ережелерді еске түсіре отырып, аз уақытта ауқымды ақпаратты жинақтауға мүмкіндік береді. Оқушыға ұсынылатын жұмыс алгоритмі:
1. Шағын топтарға қосылу;
2. Топ фасилитаторын таңдау;
3. Топ мүшелерінен идеялар жинақтау;
4. Идеяларды ортаға салу;
5. Барлық идеяларды ұқсастықтары бойынша ортақ топта біріктіру.
Мұғалім біріктірілген идеяларды оқушыларға тезис не тақырып ретінде бөліп бере алады.


2. Кластеризация тәсілі немесе менталды карта - бұл тәсіл топтың әр мүшесінен идея жинақтап, топтастыруға мүмкіндік береді. Оқушыға ұсынылатын жұмыс алгоритмі:
1. Шағын топтарға не жұптарға қосылу (жұмысты жеке де орындатуға болады);
2. Постердің ортасына берілген негізгі сөзді, не терминді жазу. Оны дөңгелетіп, не астын түрлі түсті маркермен (қарындаш, фломастер) сызып белгілеу;
3. Осы негізгі сөзге байланысты түрлі идеяларды жазып, ортадағы сөзбен байланыстыратындай етіп сызбалар жүргізу;
4. Жазған идеяларға сәйкес келетін басқа да идеялар болса, жалғастыра отырып, әрі қарай жазу;
5. Менталды картаны ортақ топқа таныстыру.
Кластеризация немесе менталды карта мұғалімге идеялар арасындағы байланысты көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар оқушыларға берілген тақырыпты бейнелі түрде қабылдауға, түсінуге көмектеседі.


3. Еркін жазба тәсілі – ауқымды ақпаратты бірнеше минутта тоқтаусыз жазу тәсілі арқылы жүйелеу болып табылады. Бұл тәсіл оқушының ойындағы көптеген идеяларды ортаға салуға ықпал етеді. Оқушыға ұсынылатын жұмыс алгоритмі:
1. Тақырыпты мұқият тыңдап немесе оқып шығу;
2. 5 -10 минут (мұғалім уақытты белгілейді) ішінде келген идеяларды тоқтаусыз жазу; 3. Жазған жазбаның ішіндегі ең қызықты деген идеяларды белгілеу;
4. Ортақ топқа таныстыру.
Мұғалім барлық оқушылардың негізгі деп белгілеген идеяларын біріктіріп, келесі жұмыстың тезисі ретінде қолдана алады.


4. Айналымдық жазба тәсілі – бұл еркін жазба тәсілдерінің бірі болып табылады. Оқушылар шағын топтарда дөңгеленіп отырады, 5-10 минут ішінде ұсынылған тақырып бойынша ойын, идеяларын жазады. Содан соң бір-бірінің жазбаларын тыңдап, қайта жалғастырады. Әр тыңдалымнан соң, оқушының ойы толықтырылып отырады. Жұмыс алгоритмі:
1. 3 минутта тақырып бойынша ой жазу. Жазбаны уақыт аяқталғанша тоқтатуға болмайды. Ойлануға болмайды, тек келген идеяларды қағазға түсіріп отыру қажет.
2. Шағын топта жазған жазбаларды оқып, өзге оқушылардың жазбаларын тыңдау;
3. Жазба жұмысын қайта жалғастыру.
4. Ортақ топқа ұсыну.
Бұл тәсіл оқушылардың ойын біріктіріп, түрлі идеяларды қабылдауға үйретеді. Сонымен қатар оқушылардың тақырып бойынша білімдерін толықтыруға мүмкіндік береді.


5. Журналист сұрақтары тәсілі – жазайын деп жатқан жазба жұмысын алдын-ала зерттеп, біліп алуға көмектеседі. Әдетте журналистер өз жұмыстарында негізгі алты сұрақ қолданады: Кім? Не? Қайда? Қашан? Неліктен? Қалай? Бұл сұрақтарды мұғалім өз пәніне, тақырыбына қарай икемдеп қолданады. Сұрақтар топтамасының мысалдары:
• Кім?
Кім...? Кім запа шекті? Негізгі кейіпкерлер кімдер? т.б
• Қандай?
Қандай тақырып? Тақырыптың негізгі мағынасы қандай? Негізгі мәселе неде? Қандай мәселелерді белгілер едіңіздер?
• Қайда?
Оқиға желісі қайда болып жатыр? Негізгі мәселе неде және мәселенің себебін қайдан көре аласың?
• Қашан?
Мәселе қашан анықталды? Мәселені шеші үшін қашан әрекет ету қажет деп ойлайсың?
• Неліктен?
Неліктен кейіпкерлер осылай жасады? Неліктен мәселе осылай болды деп ойлайсың?
• Қалай?
Бұл мәселені қалай шеуге болар еді? Бұл қатысушыларға қалай әсер етеді?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет