Тақырыпқа базалық сұрақтар
Биостатистика пәні, биостатистика мақсаты
Медициналық зерттеулерде статистикалық талдаудың қолданылуы
Кездейсоқ шама түсінігі
Таңдама және генеральды жиынтық
Белгілердің жіктелуі: сандық және сапалық белгілер
Гистограмма тұрғызу ережесі
Дидактикалық бөлім
Орташа мән ()- өлшеу осінде кездейсоқ шама мәнінің орналасу сипаттамасы
Дисперсия (D)-орташа мәнге қатысты кездейсоқ шама мәнінің шашырау сипатттамасы
Орташа квадраттық ауытқу (стандарттық ауытқу)-сол сияқты өлшеу бірлігінің квадраттан құтылу үшін енгізілген, қалыпты бірлікте шашыраудың сипаттамасы болып табылады
Вариациялар коэффициенті пайызбен өрнектелген шашыраудың қатынасты мөлшерін көрсетеді.Ол формула бойынша есептеледі:
Вариациялар коэффициенті:
Өлшем бірлігі әртүрлі болатын екі және одан көп шашырауды салыстыру үшін қолданылады.
Ол жиынтықтың біртектілігін талдауға мүмкіндік береді:
> 17% - мүлдем біртекті;
17-33% - жеткілікті біртекті;
35-40% - жеткіліксіз біртекті;
40-60% - жиынтықтың үлкен шашырау туралы айтады.
Яғни, таңдаманы V% ≤ 33% кезінде біртекті деп санаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |