1. Орта ғасыр тіл білімі. Араб тіл білімі



Дата29.12.2022
өлшемі14,63 Kb.
#60168
Байланысты:
2 дарис


1. Орта ғасыр тіл білімі.
2. Араб тіл білімі.
3. Қайта өркендеу дәуірі тіл білімі.

Орта ғасыр-адамзат қоғамы дамуының он шақты ғасырын қамтитын және прогресс тұрғысынан алғанда әр тектес болып келетін күрделі де шытырманы көп дәуір. Еуропа ттарихы тұрғысынан қарағанда бұл мезгілді үш кезеңге бөлуге болады:


а) 3-5 ғасырлар арасы. Бұл құлдық дәуірінің ыдырап, феодалдық қоғамның құрыла бастаған кезеңі;
ә) 6-10 ғасырлар аралығы. Бұл феодалдық қатынастың әбден орнығып, гүлденген заманы;
б)ХІ-ХVІ ғасырлар аралығы. Бұл феодалдық қатынастың ыдырап, капиталистік қоғамның туа бастаған, тарихта « қайта өркеңдеу дәуірі деп аталатын кезен ».
Орта ғасырдың өзіндік бір ерекшелігі - әр түрлі діндердің туып, әлемдік діндерге айналуы. Ондай діндер қатарына будда, ислам, христиан діндерін жатқызуға болады.
Еуропа тарихы тұрғысынан алғанда, қайта өркендеу дәуірі ХІV-ХVІ ғасырлар арасын қамтиды. Бұл қоғам дамуында орта ғасырдың аяқталып, жаңа тарихтын, буржуазиялық қоғамның басталған кезі. ХІV ғасрдын бастап, алдымен Италияда қалыптасқан « қайта өркендеу» деген термин феодалдық қатынастын орнына келген каппиталистік қоғамдағы буржуазия мәдениетімен тығыз байланысты. Өйткені қайта өркендеу дәуірі –озық айдын еркін дамуына мейлінше кедергі жасаған, догмалық ережелерге сүйенген орта ғасырлық керітарпа дәстүрден, мешеу мәдениеттен шынайлықты, гуманизімді уағыздайтын жаңа дәуір мәдениетіне өту. Бұл дәуірде орта ғасырда діннің қуғынына ұшырап, елеусіз қалған көне мәдени мұраларға ерекше көңіл бөлу, оларды қайта көркейту, өрлету ұраны көтерілді, сіра жаңа дәуірдін « қайта өркендеу» деп аталуы да осыдан болса керек.Қайта өркендеу дәуірі бүкіл қоғам өмірінің басқа да салалары сияқты тіл ғылымы үшін де жаңа даму дәуірі болған. Бұл дәуірдің лингвистикалық проблемасы: а) Ұлттық тілдердің қалыптасып, дамуы ; ә) Бұрын белгісіз, жаңадан алынған тілдерді үйрену, зерттеу ; б) Ежелгі дәуірдін лингвистикалық ой пікірін көркейту, қайта дамыту.
Қайта өркендеу дәуірінде ерекше қолға алынған тағы бір мәселе- орта ғасырда жөнді мән берілмеген ежелгі грек, рим жазба нұсқауларын тауып, жариялау, оларға философиялық талдаулар жасау болды.Өз дәуірі үшін бұл саладағы күрделі істер қатарында Ж. Скалигердің 1540 жылы шыққан «Латын тілінің қазынасы» және «Грек тілінің қазынасы », П. де Алкаланың «Араб тілінің грамматикасы » атты еңбекткрді атауға болады. Осылармен қатар ХV-ХVI ғасырлар ішінде испан, кореи,нидерланд, жапон, парсы, армиян, венгер, ағылшын, француз, мексикан тілдерінің граматикалары шығарылды. Сөйтіп бірінші орынға канандық тілдерді емес, әр халықтық, әр ұлттық өзіндік сөйлеу тілін қоюды, соны зерттеп, соның сырын ашуды көздеді.Осылардын нәтижесінде ХVIII-ХVII ғасырларда жаңа үлгіде жазылған грамматикалық еңбектер әр елде, әр жерде шығып жатты. Олардың кеибіреулері әліде болса, латын тілі граматикасы үлгісінен шыға алмаған, тілдік материал ретінде сөйлеу тілі фактілерінен гөрі ескі жазба тіл фактілеріне көбірек сүйенген еңбектер болса да, канандық тіл граматикасы тіл атаулының барлығына бірдей жарамды бола алмайтынын, әр тілдің өзіндік ерекшеліктері, өзіндік граматикалық құрылымы болатынын және осы бағытта жүргізілетін зерттеулерге жол ашқан, бастама болған еңбектер еді. Бұрын белгісіз көптеген тілдер фактілерімен және олардын тарихымен азды-көпті болса да танысу тілдің бір қалыпта қалып қоймайтынын байқатады. Бұл жағдайда кейінгі дәуірлерде тілді уақыт өткен сайын дамытып отыратын құбылыс деп тануға түрткі болды. Қорыта келгенде, тілдік категориялар көп салалы. Рим білімінің мінденті –барлық тілдерді бір ғана граматикаға тәуелді ету емес, тілдер арасындағы бірлік пен ұқсастықты айқындау.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет