Хх ғ. Еуропа монополистік капитализм деңгейіне көтерілді. Ұлттық айырмашылықты жоққа шығаратын



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата06.05.2023
өлшемі1,38 Mb.
#90796
  1   2   3


XX ҒАСЫР ФИЛОСОФИЯСЫ 



ХХ ғ. Еуропа монополистік капитализм деңгейіне 
көтерілді. Ұлттық айырмашылықты жоққа шығаратын 
әлемдік өнеркәсіп және сауда-саттық ерекше дами
бастады. Осы өзгерістер қоғамның әлеуметтік және 
рухани саласында да көрініс тапты. Философияда ескі
мәселелермен айналысумен қатар, заман талабына
сай оларға жаңаша қарап, жаңаша шешуге
ұмтылыстар пайда болды. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ 
ғасырдың басында көптеген философиялық
бағыттарда «Нео» деген қосымша сөз жалғанады. Ол
ілімдердің бір философиялық жүйеден шыққанын, 
яғни тектес, екінші жағынан бір-біріне қарама-қарсы 
екенін көрсетеді және классикалық философия 
үлгісінен оның айырмашылығына көңіл аударады.



Беиклассикалық пен классикалық философия 
арасындағы қақтығыстықтың орталық мәселесі 
рационалдық ақыл-ойға, оның рөліне 
байланысты болды. Беиклассикалық философия 
адамзаттың рухани байлығының ерекше бір
бөлігі. Бұл философия адамзат ақыл-ойының әр-
түрлі салаларына байланысты тұжырымдар 
жасап, жауап берді. Ол іштей біртекті емес, онда
көптеген бағыттар, тұжырымдамалар мен 
теориялар бар. Оның ішінде жаңа әлемдік және 
экологиялық мәселелер бар.



Қазіргі заман философиясының ерекше
сипаты және белгілері:

1. «Практицизм» - дара тұлға мен әлеуметтің, 
материалдық пен руханидың нақты шынайы
өмірге бағытталуы.

2. «Эволюционизм» - табиғатта, қоғамда және 
адам танымында эволюция идеясының кең
таралуы.

3. «Релятивизм» - адам білімінде
салыстырмалылық (относительдік) идеясының
көп орын алуы.



ХХ ғасыр философиясында бір-біріне қарама-
қарсы сипаттағы негізгі екі бағытты байқауға 
болады. Біріншісі - сциентизм (лат scientia–
ғылым), екіншісі – антисциентизм. Бұл 
рационализм мен иррационализм арасындағы 
қатынас, ғылыми-техникалық прогреске
байланысты қарама-қарсы көзқарастар: 
сциентизм, яғни рационалдық–ең алдымен
жаратылыстануда, ал гуманитарлық салада -
психология, логика және лингвистика секілді
ғылымдардың жемістерін қолдана отырып, ақыл-
ойға сенім білдіреді. Антисциентизм керісінше, 
ақыл-ойға және ғылымға сенбейді.


СЦИЕНТИЗМ

Сциентизм таным теориясында ақыл-ойға, оның
негізіндегі дәлелденген білімге сүйенеді. Рационализмнің
қызметі екі сатыдан тұрады дейді:

- ойлау қызметі тәжірбиеге сүйенеді, яғни ойлау дегеніміз–
ақылға салу, дәлелдеу;

- ойдың қызметі тәжірибеден де жоғары.

Тану процесінде, адамның дүниені игеруінде логикалық
(ойға қонымдылық, қисындылық) пайымдау арқылы, ұғым 
мен ой-тұжырымының нәтижесінде дүние туралы жаңа 
білімдер пайда болады. Ғылымға сенудің себебі: ғылым 
жетістігі өмір сүруді жеңілдетеді, адамға қызмет етеді; 
ғылымда көптеген жаңалық ашылады; жаңа техникалар
пайда болады (компьютерлер, ұшақтар, теледидарлар
радиолар); жаңа әрі тиімді технологиялық әдіс дүниеге 
келеді.



«Преобразование 
общества и создание 
общества 
свободного от 
эксплуатации, может 
быть осуществлено 
с помощью науки и 
только науки».


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет