«М.Шоқай атындағы №26 жалпы орта мекетбі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ғылыми жоба «Абайдың ақын шәкірттері»
Бағыты: Қазақ әдебиеті
Тақырыбы: Абайдың ақын шәкірттері
Дайындаған: Нұржанова Ақмарал
Жетекшісі: Шорабекова Сапаркүл
қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі
ІІІ. Қорытынды
ІҮ.Пайдаланылған әдебиеттер
Аннотация
Тақырыптың өзектілігі:М. Әуезов 1918 жылдан бастап “Абай жөніндегі ең қызықты, ең соны және әдебиеттік прогресс ретіндегі ірі мәселе – Абайдың ақын шәкірттері”, – деп ұзақ жылдар бойы зерттеп тұжырымдаған концепциясы 1950 жылдары жоққа шығарылып, әдебиетке, мәдениетке, ғылымға өрескел қиянат жасалды. Бұл тұжырымды жақтаушылар қуғындалды.
Абайдың ақын шәкірттері кімдер екенін біреу білсе, біреу білмейді. Осы жоба арқылы ақын шәкірттері жайлы мәліметті бір жерден табатындай етіп
топтастыру-бүгінгі таңның талабы деп білеміз.
Ғылыми жобаның мақсаты: Абай шәкірттерінің қазақ әдебиетінде алар орынын айқындау. Ақын шәкірттері жайлы мәліметті бір жерден табатындай етіптоптастыру.
Міндеттері:
-Абайдың шығармашылығы туралы оқып, білу.
-Ақынның шәкірттері туралы тоқталу.
-Ақын шәкірттерінің өлеңдерінің мәнін зерттеу, көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |