1 ҚР ҚН 02-03-2011 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер



Pdf көрінісі
бет1/14
Дата04.02.2017
өлшемі0,73 Mb.
#3353
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

1
ҚР ҚН 1.02-03-2011
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс 
саласындағы мемлекеттік нормативтер
ҚР ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ
Государственные нормативы в области 
архитектуры, градостроительства и строительства
СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РК
 
 
 
ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ЖОБАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМА-
СЫН ӘЗІРЛЕУ, КЕЛІСУ, БЕКІТУ ТӘРТІБІ 
МЕН ҚҰРАМЫ 
 
ПОРЯДOК РАЗРАБОТКИ, СОГЛАСОВАНИЯ, 
УТВЕРЖДЕНИЯ И СОСТАВ ПРОЕКТНОЙ 
ДОКУМЕНТАЦИИ НА СТРОИТЕЛЬСТВО 
 
 
 
ҚР ҚН 1.02-03-2011 
СН РК 1.02-03-2011 
 
 
Ресми басылым 
Издание официальное
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын  
үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
Агентство Республики Казахстан по делам строительства 
и жилищно-коммунального хозяйства
 
Астана 2012

2
ҚР ҚН 1.02-03-2011
II
ҚР ҚН 1.02-03-2011
СН РК 1.02-03-2011
Алғы сөз
1  ӘЗІРЛЕГЕН
«ҚазҒЗСТҚСИ» РМК
2  ҰСЫНғАН
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын 
үй-ком мунал  дық шаруа шылық істері агенттігінің Ғылыми-
техникалық саясат және нормалау департаменті
3  МІНДЕТТІ НЕГiЗДЕ 
ҚОЛДАНУ үшiН 
БЕКІТІЛІП, 
ҚОЛДАНЫСҚА 
ЕНГiЗІЛДІ
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-
коммуналдық ша руа шылық істері агенттігінің 2011 жылдың 
29 желтоқсанындағы  № 540  бұйрығымен 
01.06.2012 бастап
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы 
мемлекеттiк  нормативтердің  құрылымы  бойынша  
ҚН 1.02 кешенiне енедi.
4  ОРНЫНА
ҚР ҚНжЕ 1.02-01-2007*
Осы мемлекеттiк нормативті ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі 
мемлекеттiк уәкілетті органының рұқсатынсыз ресми басылым ретiнде толық немесе ішінара 
қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды.
Предисловие
1  РАЗРАБОТАН
РГП «КазНИИССА»
2  ПРЕДСТАВЛЕН
Департаментом научно-технической политики и нор-мирования 
Агентства  Республики  Казахстан  по  делам  строительства  и 
жилищно-коммунального хозяйства. 
3  УТВЕРЖДЕН 
И ВВЕДЕН В 
ДЕЙСТВИЕ  
ДЛЯ ПРИМЕНЕНИЯ 
НА ОБЯЗАТЕЛЬНОЙ 
ОСНОВЕ
Приказом Агентства Республики Казахстан 
по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства 
от 29 декабря 2011 года № 540 
с 01.06.2012. 
 
По  структуре  государственных  нормативов  в  области 
архитектуры, градостроительства и строительства 
СН входит в комплекс 1.02.
4  ВЗАМЕН
СНиП РК 1.02-01-2007*
Настоящий  государственный  норматив  не  может  быть  полностью  или  частично 
воспроизведен, тиражирован и распространен в качестве официального издания без разрешения 
Уполномоченного  государственного  органа  по  делам  архитектуры,  градостроительства  и 
строительства РК.
iSBN                                                                              © КазНИИССА, 2012 г.                                                            

3
ҚР ҚН 1.02-03-2011
III
Мазмұны
     
 Кіріспе  .......................................................................................................................................IV 
1  Қолдану аясы  .............................................................................................................................1
2  Нормативтік сілтемелер  ............................................................................................................2
3  Терминдер мен анықтамалар  ...................................................................................................2
4  Жалпы ережелер  ........................................................................................................................2
5  Жобалық құжаттаманы өңдеу тәртібі  ....................................................................................  3
6  Жобалық құжаттаманы келісу тәртібі  ...................................................................................  5
7  Жобалық құжаттаманы бекіту тәртібі  .....................................................................................6
8  Объектілерді жобалаудағы арнайы техникалық жағдайларды 
      (АТЖ құжаты – ерекше нормалар) әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі  ..........................................7
9  Екі сатылы жобалау кезіндегі жобалық құжаттаманың  құрамы мен мазмұны  ................10
10 Бір сатылы жобалау кезіндегі жобалық құжаттаманың құрамы мен мазмұны  .................23
11 Құрылыс мерзімі 3 жылдан асатын күрделі техникалық объектілерді жобалау және 
әзірлеудің арнайы тәртібі  .......................................................................................................26
12 Жобалық құжаттаманың құрамына кірмейтін құжаттама (ілеспелі материалдар).............27
 
А қосымшасы (міндетті) Негізгі ұғымдар (терминдер, анықтамалар)  ............................28
 
Б қосымшасы (ақпаратты) Өндірістік мақсаттағы объектілерді жобалауға тапсырма  ....35
 
В қосымшасы (ақпаратты) Тұрғын-азаматтық мақсаттағы объектілерді 
                                жобалауға тапсырыс  .......................................................................................37
 
Г қосымшасы (ақпаратты) Өндірістік мақсаттағы объектілер құрылысының  
                                жобасына (жұмыс жобасына) енгізіліп, бекітілген техникалық-                       
                                экономикалық  көрсеткіштердің шамамен алғандағы тізімі  ......................39
 
Д қосымшасы (ақпаратты) Қоғамдық ғимараттардың (азаматтық мақсаттағы 
                                 объектілердің) құрылысының жобасына (жұмыс жобасына) енгізіліп, 
                                 бекітілген техникалық-экономикалық көрсеткіштердің шамамен 
                                 алғандағы тізімі  ..............................................................................................40
 
Е қосымшасы (ақпаратты) Тұрғын  ғимараттардың құрылысы жобасына 
                                (жұмыс жобасына) енгізіліп,  бекітілген техникалық-экономикалық   
                                көрсеткіштердің шамамен алғандағы тізімі  .................................................41
 
Ж қосымшасы (ақпаратты) Автомобиль жолдарының құрылысы жобасына 
                                 (жұмыс жобасына) енгізіліп,  бекітілген техникалық-экономикалық  
                                 көрсеткіштердің шамамен алғандағы тізімі  ................................................42
Ж1 қосымшасы (ақпаратты) Көшелердiң құрылысы жобасына (жұмыс жобасына)                           
                          енгізіліп,  бекітілген техникалық-экономикалық  көрсеткіштердің 
                          шамамен алғандағы тізімі...............................................................................44                                              
Ж2 қосымшасы (ақпаратты) Темiр жол желiлерiнiң құрылысы жобасына (жұмыс 
                            жобасына) енгізіліп, бекітілген техникалық-экономикалық көрсеткіш-
                            тердің шамамен алғандағы тізімі...................................................................45
   И қосымшасы (ақпаратты) Объектілер  құрылысындағы жобалар 
                                (жұмыс жобаларының) төлқұжатының нысандары  ....................................46
        К қосымшасы (міндетті) Негiзгi материалдар, бұйымдар, конструкциялар және   
                                 жабдықтың жиынтық ведомосы.....................................................................53

4
ҚР ҚН 1.02-03-2011
Кіріспе
Қазақстан  Республикасының  «Құрылыстың  жобалық  құжаттамасын  әзірлеу,  келісу, 
бекіту  тәртібі  мен  құрамы»  құрылыс  нормасы  Қазақстан  Республикасының  заңнамасы  мен 
нормативтік  актілер  негізінде,  сонымен  қатар  техникалық  реттеу  қағидаттарын  есепке  ала 
отырып, адам денсаулығы мен өмір қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғауға, болатын қауіп-
қатердің және тағы басқа да құрылыстағы инвестицияланған процестің жобалау сатысында 
қарастырылатын  мәселелерді  қамтитын  әрі  талаптарды    енгізуге  негізделген  сәулет,  қала 
құрылысы  және  құрылыс  қызметтері  саласының  нормативтік-техникалық  құжаттамасын 
жетілдіру  бағдарламасын  жүзеге  асыру    мақсатында,  экономикасы  дамыған    шет  елдердің 
тәжірибесін зерттеу негізінде қайта өңделіп  жазылды.
Мемлекеттік  нормативтерді  қайта  өңдеу  және  өзгертулер  мен  толықтыруларды  енгізу 
қажеттілігі,  жалпы  Қазақстан  Республикасының  құрылыс  саласындағы    техникалық  реттеу 
жүйесі реформасымен, сонымен қатар  қазіргі таңда тәжірибе жүзінде туындайтын объектілерді 
салуға арналған жобалық құжаттаманы әзірлеу, келісу және бекіту сияқты ерекше мәселелерді 
реттеу,  жекелеген  нормативтік  ережелерді  тәртіпке  келтірудің  объективті  факторларымен  
уағдаластырылған.
IV

1
ҚР ҚН 1.02-03-2011
ҚР ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ
ҚҰРЫЛЫСТЫҢ  ЖОБАЛЫҚ  ҚҰЖАТТАМАСЫН 
ӘЗІРЛЕУ,  КЕЛІСУ, БЕКІТУ ТӘРТІБІ МЕН ҚҰРАМЫ
Енгізілген күні – 2012-06-01
1 Қолдану аясы
1.1 Осы құрылыс нормалары жобалық құрылысқа арналған жаңа құрылыстарды  салу 
және  (немесе)  құрылыстағы  объектілерді  өзгертуді  (кеңейту,  жаңғырту,  техникалық  қайта 
жарақтандыру,  қалпына  келтіру  және  күрделі  жөндеуден  өткізуді)  қосқанда,  жобалық 
(жобалық-сметалық)  құжаттаманың  (бұдан  әрі  –  жобалық  құжаттаманың)  құрамы  мен  оны 
әзірлеу,  келісу,  бекіту,  тәртібін  белгілейді  және  Қазақстан  Республикасының  аумағындағы 
сәулет,  қала  құрылысы  және  құрылыс  қызметтерінің  барлық  субъектілерінің,  соның  ішінде 
мүдделі мемлекеттік органдардың, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалардың, шетелдіктердің, 
шет ел заңды тұлғаларының қолданылуына арналған.   
Қазақстан Республикасының  Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі заңнамасын-
да қарастырылмаған өзге де шаралар болмаса, белгіленген тәртіпте жобалау құжаттамасында 
бекітілмеген  объектілер  мен  олардың  кешендерін  салу  (реконструкция,  қалпына  келтіру, 
кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеуден өткізу), сонымен қатар 
коммуникацияларды  тарту,  аумақты  инженерлік  даярлау,  абаттандыру  және  көгалдандыру  
рұқсат етілмейді. 
1.2  Осы  құрылыс  нормалары  жеке  ережелерді  есепке  алмағанда,  жобалау  құжат-
тамалардың  түрлеріне  жалпы  болып  табылатын  келесі  құжаттарды  әзірлеу,  келісу,  бекітуге 
және оның құрамы мен мазмұнына қарай: 
- жоба  алдындағы  құжаттамаларына  (соның  ішінде  техникалық-экономикалық  негіз-
демелерге);
- қала құрылысы жобаларына;
- үй-жай түріндегі аз қабатты тұрғын үйлер құрылысының жобалары (жеке тұрғын үй 
құрылыс объектілері), сондай-ақ көпқабатты тұрғын ғимараттар мен оның бөлігінің, пәтерлері 
мен басқа да жеке тұрғын және тұрғын емес үй-жайларын  қайта жоспарлау (реконструкция, 
қайта жабдықтау);
- типтік жобалар, жеке типтік жобалық  шешімдері (типтік құрылыс конструкциялары, 
бұйымдары, тораптары);
- эксперименттік жобалар (эксперименттік құрылыс салудың жобалық құжаттамасы);
- Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерде объектілерді салуға арналған жобалық 
құжаттама;
- Қазақстан  Республикасының  қатысуымен  жасалған  мемлекетаралық  (халықаралық) 
жобаларға таралмайды.
Осы тармақта тізбеленген жобалау құжаттамаларын әзірлеу, келісу, сараптамадан өткізу 
және бекіту тәртіптері сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы басқа да норматив-
тік  құжаттарда  немесе  Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы  халықаралық  шарттары-
мен анықталады. 
1.3  Өнертабыстарды  немесе  басқа  да  авторлық  құқық  объектілерін  қолдану,  сонымен 
қатар  жобалау  (жобалық  құжаттаманы  әзірлеу  және  келісу)  процесі  барысында    пайда 
болған  авторлық  құқықты  немесе  әзірлеушілердің  басқа  құқықтарын  қорғау  Қазақстан 
Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. 
Ресми басылым

2
ҚР ҚН 1.02-03-2011
2 Нормативтік  сілтемелер
Осы  құрылыс нормаларды қолдану  үшін  келесі  сілтемелік  нормативті  құжаттар қажет:
Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (ерекше бөлім).
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-ІІ Заңы; 
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 
шілдедегі № 151-І Заңы; 
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі 
№ 303-III Заңы;
«Қаржыландыру  көздеріне  қарамастан  құрылысқа  арналған  жобалау  алдындағы  (тех-
никалық-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сарапта-
ма  жүргізу,  сондай-ақ  мемлекеттік  инвестициялар  есебінен  салынып  жатқан  жобаларды 
бекіту ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 
Қаулысы;
«Ғимараттар  мен  құрылыстарды  техникалық  жағынан  күрделі  объектілерге  жатқызу 
ережесін  бекіту  және  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2002  жылғы  19  тамыздағы                          
№ 918 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 
қазандағы № 1656 Қаулысы;
ҚР ҚН 1.01-01-2011 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік 
нормативтер. Негізгі ережелер». 
ҚР  ҚН  8.02-02-2002  «Қазақстан  Республикасындағы  құрылыстың  сметалық  құнын 
анықтау тәртібі».
ЕСКЕРТПЕ
Осы  құрылыс  нормаларын  пайдалану  кезінде  сілтемелік  құжаттардың  ағымдағы  жылғы 
ахуалы  бойынша  жыл  сайын  құрастырылатын  және  ағымдағы  жылда  жарияланған  көрсеткіштерге 
ақпараттық «Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс 
саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық құжаттардың тізімінің», «Қазақстан 
Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарының көрсеткішінің» және «Қазақстан 
Республикасының стандарттау жөніндегі мемлекетаралық нормативтік құжаттарының көрсеткішінің» 
сәйкестігін  тексеру  мақсатқа  сай  болады.  Егер  сілтемелік  құжат  ауыстырылған  (өзгертілген)  болса, 
осы нормативті пайдалану кезінде ауыстырылған (өзгертілген) құжатты басшылыққа алу қажет. Егер 
сілтемелік  құжат  ауыстырылмай,  алынып  тасталған  болса,  онда  оған  сілтеме  жасалған  ереже  осы 
сілтемені қозғамайтын бөлікте қолданылады.
 
3 Терминдер мен анықтамалар
Осы  құрылыс  нормаларында  А  қосымшасында  келтірілген  терминдерге  сәйкес 
анықтамалар қолданылады. 
4 Жалпы ережелер
4.1 Құрылысқа арналған жобалау  құжаттамасын әзірлеу, келісу, сараптамадан өткізу жә-
не бекіту (қайта бекіту) кезінде Қазақстан Республикасының аумағында  қолданылатын сәулет, 
қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамалық  және басқа да құқықтық нормативтік 
актілерді,  мемлекеттік  және  мемлекетаралық  нормативтерді,  сонымен  қатар  осы  құрылыс 
нормасын басшылыққа алу қажет. 
Жоба құжаттамасы адамның толыққанды тіршілік ету ортасын қалыптастыруға,  жоба-

3
ҚР ҚН 1.02-03-2011
ланатын  объектілердің  қауіпсіздігі  мен  тұрақтылығын  қалыптастыруды  қамтамасыз  етуге, 
инвестиция тиімділігіне, материалдық-техникалық және еңбек шығындарын оңтайландыруға, 
табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған талаптарға сай болуы тиіс.   
4.2  Жобалау  кезеңдері  нормативтік  талаптарға  сәйкес,  құрылысқа  арналған    жобалау 
құжаттамасын (жобалау тапсырмасын) әзірлеу тапсырмасымен бекітіледі.
4.2.1 Нормативтік құрылыс ұзақтығы 24 айдан асатын тұрғын-үй азаматтық және өнді-
рістік мақсаттағы ірі объектілер (ғимараттар, құрылыстар, кешендер, көлік және инженерлік 
коммуникациялар,  басқа  да  тіршілікті  қамтамасыз  ету  объектілері)  бойынша  жобалау 
барысында  бастапқы  берілген    параметрлерді,  сипаттамалары,  құрылымдық  сызбаларды, 
немесе  жеке  көлемдік-жоспарлық,  инженерлік-техникалық  және  технологиялық  жобалық 
шешімдерді дәлдеуді және нақтылауды қажет ететін құжаттама екі сатыда әзірленеді:
Бірінші сатысы – жоба алдыңғы көрсеткіштер мен қорытындылардың негізінде  ереже 
бойынша, әзірленген және белгіленген заңнама тәртібінде бекітілуге жататын жоба (Ж);
Екінші сатысы – бірінші сатыда бекітілген, жоба негізінде әзірленген  жұмыс құжаттамасы 
(ЖҚ);
Мемлекеттік немесе  қоғамдық мүдделерді көтеретін ең маңызды объектілер құрылысына 
қатысты және мемлекеттік инвестициялардың қатысуымен іске асырылатын жоба бойынша 
жобалау құжаттамасы екі сатыда әзірленеді.
4.2.2  Нормативтік  құрылыс  ұзақтығы  24  айға  дейінгі  және  ұзақ  мерзімді  жобалауды 
талап  етпейтін  тұрғын-үй  азаматтық  және  өндірістік  мақсаттағы  (ғимараттар,  құрылыстар, 
кешендер, коммуникациялар) объектілердің құрылысына арналған жобалау құжаттамасы бір 
сатыда – белгіленген заңнама тәртібінде  бекітуге жататын жұмыс жобасы (ЖЖ) әзірленеді.
Осы нормаларда қарастырылмаған жоба құжаттамасы бір сатыда әзірленеді:
- Құрылысы қолданыстағы типтік жобалардың (типтік жобаны байланыстыру кезінде) 
негізінде немесе жеке типтік шешімдерді (типтік құрылыс конструкцияларды, бұйымдарды, 
тораптарды) қолдану арқылы іске асырылуы көзделген объектілер бойынша;
 - құрылыста қайталама немесе  бірнеше рет қолдану үшін (жеке жобаны байланыстыру 
кезінде) бұрын әзірленген жеке жобаны  рәсімдеу кезінде; 
- қолданыстағы объектілерді қайта жаңарту (жетілдіру, техникалық қайта жарақтандыру, 
күрделі жөндеуден өткізу)  бойынша жүргізіледі.
4.3 Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарына сәйкес жоба құжаттамасын әзірлеу 
және ұсыну тіліне қойылатын талаптар.
5 Жобалық құжаттаманы өңдеу тәртібі
5.1 Жобалық құжаттаманы әзірлеуді (жобалауды) сәулет, қала құрылысы және құрылыс 
саласындағы ізденіс және жобалау қызмет түрлеріне (түршелеріне) сәйкес  лицензиялары бар 
жеке және заңды тұлғалар жүзеге асыра алады.
5.2 Жобалау құжаттамасын әзірлеу:
- белгіленген заңнама тәртібі бойынша құрылыстың тапсырыс берушісі мен орындау-
шысы (мердігермен, бас жобалаушымен) арасындағы жобалау (жобалау-іздестіру) жұмысын 
(бұдан әрі - Шарт)  орындауға мердігерлік (келісімшарт) жасау негізінде;
-  Б  және  В  қосымшаларына  сәйкес  құрастырылып,  осы  нормалар  мен  құрылыстың 
тапсырыс берушілері бекітетін жобалауға арналған тапсырманың негізінде іске асырылады.  
5.3 Шартта міндетті түрде:
- орындаушының (бас жобалаушының) қосалқы мердігер шарты бойынша басқа тұлға-
ларға  орындауды  табыстауды    көздеген  немесе  ондай  ниеті  болмаған  жағдайда,  жұмыстың 
(қызметтің) түрлері мен көлемдері көрсетіледі. Бұл ретте, берілген тапсырыс бойынша барлық 

4
ҚР ҚН 1.02-03-2011
жобалау (жобалау-іздестіру) жұмыстарының жалпы құнының Шартта қарастырылған, үштен 
екісінен асатын жиынтығын беруге рұқсат етілмейді; 
-  авторлық  қадағалауды  жүргізу  шарттары  немесе  оның  қажеттілігінің  болмауы 
көрсетіледі.
5.4 Жобалау тапсырмасы тапсырыс берушімен немесе оның өкілетті тұлғасымен (құры-
лыс салушысымен) бекітіледі.                                                                                                                                                    
Жобалау  тапсырмасы  тапсырыс  берушінің  тапсырысы  бойынша  орындаушымен 
(мердігермен,  бас  жобалаушымен)  әзірленуі  мүмкін  және  ол  тапсырыс  беруші  бекіткен 
уақыттан бастап барлық тараптар үшін міндетті болып табылады.
Бекітілген жобалау тапсырмасы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады:
5.5  Тапсырыс  беруші  мердігерлік  жобалау  ұйымына  (бас  жобалаушыға)  жобалау 
тапсырмасымен  бірге  жобалау  құжаттамасын  әзірлеуге  қажетті  бастапқы  материалдарды 
(деректерді) береді. Бастапқы материалдар мыналардан тұрады:
- жер телімдеріне, соның ішінде аумақты оның шегі және объектінің мақсатына қарай 
қолдану регламенттерін қоса алып, сәйкес құқықты беру туралы аудандық (қалалық) жергілік-
ті атқарушы органдардың шешімі;
-  құрылыс  алаңының  инженерлік  ізденістері  туралы  деректер  (жер  телімдерінің  және 
коммуникация  салынған  трассалардың  шегіндегі),  жобалауға  және  құрылысқа  қажетті 
топографиялық  деректердің  түсірілімдері  мен  геологиялық  және  гидрогеологиялық 
ізденістердің мәліметтерін қоса алғанда; 
- жергілікті атқарушы органдардың болжамдалған аймақта құрылыс салудың тапсыры-
сы  бойынша,  инженерлік  және  коммуналдық  қамсыздандыру  қызметтерінің  жеткізушілері 
берген инженерлік және коммуналдық қамсыздандыру көздеріне қосылуға арналған техника-
лық шарттар; 
-  сәулет,  қала  құрылысы  жөніндегі  жергілікті  (қалалық,  аудандық)  органдардың 
берген  сәулет-жоспарлау  тапсырмасы,  аумақты  инженерлік  даярлау,  абаттандыру  және 
көгалдандыруды қосқанда.
5.6 Объект бойынша жоспар алдыңғы құжаттарды әзірлеу талап етілмесе, қажет болған 
жағдайда жобалау тапсырмасымен жобалау ұсынымдарының оңтайлы шешімді дұрыс таңдау-
ды талап ететін  нұсқаларын (нобайлар, сызбалар, есептер, негіздемелер)  әзірлеу қарастыры-
луы мүмкін. 
5.7  Аталған  объект  бойынша  жобалау  құжаттамасын  әзірлеу  (келісу,  бекіту)  үрдісіне, 
бекітілген    жоба  алдыңғы  құжаттамасы  (техникалық-экономикалық  негіздемесі  және  т.б) 
бар  болған  жағдайда  сәйкестендірілген  негіздемесіз  құрылыстың  есептік  құнын  ұлғайтуға, 
сонымен    қатар  жоба  алдыңғы  сатыда  қол  жеткізген  объектінің  техникалық-экономикалық 
көрсеткіштерін төмендетуге болмайды.  
5.8 Құрылысқа арналған жобалау құжатын әзірлеу үдерісін, бекітілген  қала құрылыстық 
жобаларда (елді мекеннің бас жобаларында, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларында, құры-
лыс салу жобаларында) қабылданған жалпы жоспарлау және көлемдік-кеңістіктік шешімдері 
талданып тексеріледі, жобаланатын объектілер үшін берілген параметрлері, сипаттамалары, 
техникалық және технологиялық шешімдері анықталады. 
5.9  Әзірленген  жобалау  құжаттамасында  міндетті  мемлекеттік  нормативтердің 
талаптарынан  (шарттары  мен  шектеулерінен)  негізделген  ауытқулар  (шегіністер)  осы 
нормативтерді  бекітіп,  қолданысқа  енгізген  мемлекеттік  органдардың  (немесе  олардың 
мирасқорларының)  жазбаша  келісімдері  (рұқсатнамалары)  болған  жағдайда  ғана  рұқсат 
етіледі.
Нормативтерді бекіткен органға келісімдерді ұсынардың алдында, мүдделі органдардан 
міндетті мемлекеттік талаптардан ауытқу (шегіну) бойынша алдын-ала келісімін алу қажет.
Міндетті  мемлекеттік  нормативтер  талаптарынан  ауытқудың  (ауытқуға  рұқсатнама) 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет